Жүктелуде...
 

САНАЛЫ ҒҰМЫР - ҰЗАҚ ЖАСАУ КІЛТІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-08 04:28 - (1253 Оқылымдар)

Біз кейде өз жасымыздан жас көрінгіміз келеді, өйткені кәрі және қауқарсыз болғаннан жас әрі дені сау болған артық саналады Алайда бүгінде қартаюға деген көзқарас айтарлықтай өзгеруде.

НӘРЛІ ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-03 02:33 - (2981 Оқылымдар)

Автокөліктің қозғалысқа келтіруші бөліктері секілді адамның бұлшық еттері де отынды - қуат көзін қажет етеді. Адамда бұл қуат көздері — ішілетін тағам, сондай-ақ май мен глюкоза түріндегі организмнің қуат қорлары.
Қуаттан өзге организм тамақпен бірге өсу, даму, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін қажетті ақуыздар, дәрумендер, минералдық заттар секілді көптеген заттарды қабылдайды.
Адам күн сайын 2 кг шамасында тағам қабылдайды. Бұл өмір бойы біздің асқазан-ішек жолымызбен жүріп, организмімізге түсетін тағамдық заттар шамамен жетпіс тонна болады деген сөз. «Ас адамның арқауы» дегенді жиі айтамыз. Сондықтан денсаулық пен ұзак өмір үшін сапалы және тиімді тамақтану маңызды.

ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА

Автор: student_k - Жарияланды 2019-03-12 02:50 - (5057 Оқылымдар)

ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА
Алдыңғы тарауда айтылғандай, адам тәнінің үштен екісі судан тұрады. Стаканда, тұрып қалған судың немесе тоспадағы шалшық судың пайдалануға жарамайтынын бәріміз жақсы білеміз. Уақыт өте келе оны шырыш қаптайды, лайланады, уытты суға, инфекция көзіне айналады. Балдыр өсіп кеткен тоғандар мен су айдындарын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Біз қимылсыз, енжар өмір сүргенде де организмімізде осыған ұқсас құбылыстар пайда болады.
Екінші жағынан алып қарағанда, су қозғалып, шайқалғанда оған жан бітеді. Ағын су — бұл, әдетте, балғын су. Ағып жатқан өзендер мен сарқырамалар әрқашан адамды баурап алады, оларға қарау жағымды әсер береді. Біз дене белсенділігін сақтағанымызда организмімізді дәл осымен салыстыруға болады. Қимыл-қозғалыс организмді
жаңартады, уыттарды жояды, ойды ширатады, күш, қуат және сұлулық сыйлайды.

СУ -ТІРШІЛІК КӨЗІ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-02-27 10:35 - (14085 Оқылымдар)

Адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі судан тұратындығы белгілі. Және де бастың ми жасушаларының 85 пайызы — су. Тіпті адам сүйегінің де 25 пайызы судан түрады. Адам корексіз бес-жеті апта өмір сүре алады. Ал сусыз бір аптадан артық тіршілік ете алмаймыз. Тәндегі су үнемі қозғалыста болып, жанарып тұруы тиіс.

Қарашықтар және оларды тексеру

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-24 07:52 - (1560 Оқылымдар)

Қарашықты тексеру үшін бақылау жүргізіледі, мысалы, оның көлемінің өзгергендігі немесе формасы не болмаса қарашық жарықты қалай игеретінгіді бақылауға алынады. Бұл белгілер бас жарақатының белгілері болуы мүмкін және оны дәрігерге айту керек.

Нақты бір адамның көз жанарының қалыпты түрін ескере отырып, өзгерістерді бақылау керек. Әдетте, кейбір адамдардың көз қарашықтары, пішін және көлемі жағынан ұқсас бола бермейді.

Көрудің өзгерістері

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 04:15 - (989 Оқылымдар)

Көрудің өзгерістері көз алмасының (көздің торлы қабығы) артқы жағын жауып тұратын тіндерде, көру жүйкесінде немесе көздің қан тамырларында нақты проблемалардың барын көрсетеді. Егер жоғарыда аталған көрудегі өзгерістер кенеттен пайда болған болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Қызылша

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-20 04:41 - (1983 Оқылымдар)

Қызылша – бұл жұқпалы вирустық ауру. Ол бөртпенің шығуымен, дене қызуының көтерілуімен, жөтелумен, көздің қызаруымен – коньюктивитпен сипатталады.

Катаракта

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:05 - (3314 Оқылымдар)

Катаракта - көз бұршағының ауыртпалықсыз бұлыңғырлануы. Әдетте, көз бұршағы мөлдір болып келеді және жарықты толық өткізеді.

Көз бұршағының бұлыңғырлануына байланысты катаракта болған кезде, жарық көз алмасының ішкі ортасына көз торының (көздің артындағы жүйке тінінің қабатының) ішіне дейін ене алмайды. Бұл көз көруінің бұзылысына әкеледі.

Мөлдір қабықтың эндотелийлік дистрофиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-13 10:46 - (272 Оқылымдар)

Мөлдір қабықтың (көздің мүйізгек қабығы, қасаң қабық) эндотелийлік дистрофиясы (Фукс дистрофиясы) – бұл көз ауруы. Көз жасушаларын іштен қаптап тұрған қасаң қабықтың зақымдануынан пайда болады, зақымданған жасушалар ақырындап өле бастайды. Ауру әдетте екі көзді де зақымдайды.

Пресбиопия (егде жастағы адамдардағы алыстан көргіштік)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 08:35 - (343 Оқылымдар)

Пресбиопия (егде жастағы адамдардағы алыстан көргіштік) – бұл адам ағзасындағы жас өзгерістеріне байланысты көздің көру қабілетінің нашарлауының табиғи процесі.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3
  • 4

Тілді таңдау