Гиппель-Линдау ауруы
Жарияланды 2018-11-02 10:34 - (755 Оқылымдар) -Гиппель-Линдау ауруы сирек кездеседі. Бұл ауру – генетикалық ауру, ағзада ісік және жылауықтың өсуімен сипатталады. Ісігі – қауіпті және қауіпсіз болып екіге бөлінеді. Олар омыртқа және бас миды, бүйректі, ұйқы безін, сондай-ақ ерлердің жыныстық мүшесін зақымдайды. Аурудың симптомары олардың орналасу ерекшелігі мен көлеміне байланысты болады. Симптомдары – бас ауруымен, жүрістен жаңылу проблемаларымен, бас айналумен, аяқ-қолдың әлсіреуімен, көрудің нашарлауымен және жоғары артериялық қысыммен сипатталады.
Гиппель-Линдау ауруын барынша ерте анықтап, емін қолға алу керек. Әдетте бұл ауруды хирургиялық жолмен, кейде сәуле терапиясымен емдейді. Ең басты емдеу шарасы ісікті ерте бастан қайтаруға бағытталады. Егер ісік үлкеймей тұрып, денсаулыққа залалын тигізбей тұрып емдессе ауру адам өміріне қауіп төндіре қоймайды.