Мазмұны

Жалпы ақпарат

Қандай да бір емдік шара әсер ете ме?

Қандай болжам жасалады?

Тексеру қалай жүргізіледі?

Жалпы ақпарат
Гиппель-Линдау ауруы сирек кездеседі. Бұл ауру – генетикалық ауру, ағзада ісік және жылауықтың өсуімен сипатталады. Ісігі – қауіпті және қауіпсіз болып екіге бөлінеді. Олар омыртқа және бас миды, бүйректі, ұйқы безін, сондай-ақ ерлердің жыныстық мүшесін зақымдайды. Аурудың симптомары олардың орналасу ерекшелігі мен көлеміне байланысты болады. Симптомдары – бас ауруымен, жүрістен жаңылу проблемаларымен, бас айналумен, аяқ-қолдың әлсіреуімен, көрудің нашарлауымен және жоғары артериялық қысыммен сипатталады.
Гиппель-Линдау ауруын барынша ерте анықтап, емін қолға алу керек. Әдетте бұл ауруды хирургиялық жолмен, кейде сәуле терапиясымен емдейді. Ең басты емдеу шарасы ісікті ерте бастан қайтаруға бағытталады. Егер ісік үлкеймей тұрып, денсаулыққа залалын тигізбей тұрып емдессе ауру адам өміріне қауіп төндіре қоймайды.

Бұған қандай да бір емдік шара әсер ете ме?
Гиппель-Линдау ауруының емделуі оның орналасуына және ісік пен қылауыштың көлеміне байланысты жүргізіледі. Емдік шараның басты мақсаты: алдымен ісік өсіп, симптомдары пайда болмас бұрын, олардың көлемі үлкейіп жүйке жүйелеріне байланысты мәселелерді туындатпас бұрын, сондай-ақ, жұлын сұйықтығын тоқтатпас бұрын және көздің көруін нашарлатпас бұрын қолға алуды талап етеді. Кейде ісікті жоғары мөлшердегі сәулелендірумен емдеуге болады. Бұл ауруға шалдыққан науқастар, осы ауруды жақсы білетін дәрігердің қатаң қадағалануында болғаны абзал.

Болжамы қандай бұл аурудың?
Аурудың болжамы – оның орналасу мекені мен асқыну дәрежесіне байланысты. Дұрыс емделмесе, бұл ауру адамды соқыр қылады, не болмаса, миын зақымдайды.
Егер мида немесе бүйректе ісік асқынып кетсе арты қайғылы жағдайға апаруы ықтимал.

Қандай тексерулер жүргізіледі?
Қазіргі уақытта ғалымдар халық арасында мидағы және жұлындағы ісікті туындататын, мысалы, Гиппель-Линдау секілді, ауруларды тоқтату үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеуде.

Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институттарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/vonhippellindaudisease.html

Тегтер:
бұлшық ет әлсіздігі
тепе-теңдіктің жоғалуы
бас ауруы