Профессор Алмаз Шарманның аталмыш интернет монографиясы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы» деген атпен ең алғаш көріп отыр. Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы деген сілтемеде, «жүктеу» деген батырманы басу арқылы монографияны pdf форматта, 6,02 МВ көлемде толық жүктеп алуға болады. Оның төменгі жағында мақала түріндегі бөлімдерін жеке-жеке көшіріп алсаңыздар да жарайды.
Тақырыптың өзектілігі сонша, бүгінгі таңда адамзат баласына аса зор қауіп төндіріп тұрған АИТВ және ЖИТС мәселелері жаңа қырынан қозғалған. Қазіргі таңда ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу үшін жасалып жатқан нәтижелі амал-шаралар мен шығарылып жатқан дәрі-дәрмектер жайында да ұтымды ойлар, келелі пікірлер айтылған. Соңғы уақытта бұл Қазақстан үшін де аса маңызды мәселелердің қатарына көтерілді, оған мысал ретінде, жақында ғана орын алған Оңтүстік-Қазақстанда орын алған қайғылы жағдайды айтсақ болады. Бар-жоғы 20 жылдың ішінде АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-нан туындаған адамның ашық иммун тапшылығы синдромы 20 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған екен. Аталмыш вирустың пайда болуы, сондай-ақ әсер ету механизмі әлі күнге дейін адамзат баласы үшін шешілмеген жұмбақ күйінде келе жатыр. Заман талабына сай АИТВ-инфекциясына қарсы терапиялар, ұтымды әдісті диагностикалар жасалып жатқанымен, аурулар сол күйі сауығар емес.