Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Қылилық ауруы – екі көздің бірдей қозғалмауымен сипатталады. Яғни екі көз бір нысанаға бірдей түспейді. Бұл ауру көпшілікке «қыли көз» атымен белгілі.
глаз
Адамдарға көздің қалыпты орналасу тәртібі белгілі. Адамның қайда қарап тұрғанын көзінің қозғалысына қарап анықтауға болады. Ал екі көздің екі жаққа қарап тұрғаны адамдарға ерсі көрінетін жайт. Мүны қыли көздік деп атайды. Мұны медициналық терминологияда көздің іші мен сыртының үйлесімсіздігі деп атайды. Баланың көзі кез-келген жағдайда қылилана бастаса, оны дереу анықтау қажет, себебі ол өскенде үлкен бұзылыстарға апарып соғы да ықтимал.

Себептері
Әр көз 6 түрлі бұлшық етпен жарақталған, олардың жұмысын «бір ғана бұйрық» игереді. Олар бір нысанаға негізделу үшін, екі көз де сәйкестендірілген.
Ал көзі қыли адамдарда аталмыш бұлшық еттер үйлеспеген. Соның салдарынан бір көз бір нысанаға қарап тұрса, екінші көз басқа нысанаға қарап қалады.
Бұл жағдай орын алғанда мыида екі түрлі сурет көрініс береді – әр көз өзінше көрініс беріп тұрады. Бұл миды жаңылыстырады. Балалар нашар көретін көзінен қарағанда жақсы көретін көзімен қарап әдеттеніп кетеді. Егер көздің қылилануын емдемесе, онда ми дұрыс қабылдау мүмкіндігін жоғалтады, содан адам ешқашан жақсы көре алмайды. Бұл зағиыптылық – амблиопия деп аталады. Амблиопияның тағы бір атауы – «жалқау көз» деп аталады. Кейде амблиопия көздің қылилануынан туындайтын бастапқы сатыдағы ауру болып саналады.
Көбінесе, балалардың көздері не үшін қылиланатыны белгісіз. Көп жағдайда мұндай аурулар тумысынан болады немесе кішкентай кезінде басталады. Бұл тума қыли көз деп аталады.
Бұл аурудың емделуі көп уақытты талап етеді, ірине ол бұлшық ет аппаратын дұрыс бақылауда ұстаумен байланысты, бұлшық ет күшін емес.
Баланың қыли көз болуымен байланысты басқа да аурулар:
• Аперта синдромы;
• Церебральды сал ауруы
• Туа біткен қызамық
• Гемангиомаға жуық көзі
• Пигменталды дерматоз синдромы
• Нунан синдромы
• Прадер – Вилли синдромы
• Мерзімінен бұрын болатын ретинопатия
• Ретинобластома
• Бас миының травматикалық зақымдануы,
• Трисомия 18
Есейгенде туындаған қылилық мына аурулардан пайда болуы мүмкін:
• Ботулизм
• Диабеттен (жүре айда болған салдық қылидық)
• Гийен-Барре синдромы
• Көздің зақымдануынан
• Ұлулардан дайындалған тамақтан уланып қалу
• Инсульттен
• Бас миының жарақатпен зақымданғаннан
• Кез келген ауру немесе жарақат салдарынан көздің көруі жоғалғаннан
Тұқым қуалайтын қыли көздік қауіпті фактор болып табылады. Жақыннан көре алмаушылық, әсіресе балаларда мүмкін болатын факторларға жатады. Кез-келген басқа аурулар көзге әсер етуі мүмкін, сондай-ақ көзді қылиланып қалуына да.
Сиптомдары
Қылилықтың симптомдары ылғи білініп тұрады немесе алма-кезек байқалып, жоғалып тұрады. Симптомдарына мыналар жатады:
• Диплопия;
• Екі көз екі түрлі бағытқа қарап тұрады;
• Көз қозғалыстарының үйлеспеуі (көз бір уақытта қозғалмайды)
• Көздің көрмей қалуы немесе көз қарашығының көру жүйесінің бұзылуы
Назар салатын бір нәрсе бар, балалар амблиопиямен тез ауырып қалады, сондықтан олар диплопиямен ауырмайды.

Диагностикасы
Медициналық тексеру кезінде, дәрігер көзді мұқият тексереді. Көздің қылилануын анықтау үшін бірнеше тесттер өткізіледі:
• Жанардан жарықтың шағылысуын;
• Ашық және жабық көзбен тест өткізу;
• Көз торларын тексереді;
• Стандартты офтолмологиялық тексеру;
• Көздің өткірлігін анықтайды.
Бас пен жүйке жүйесін де тексереді (Жүйке жүйелік тексеру).

Емдеу
Балаларды қылилықтан емдеудің алғашқы қадамы - көзілдірік тағу.
Алдымен амблиопияны емдеу керек. Сау көзді жауып қою керек. Сол кезде әлсіз көретін көзге күш түсіп, ол өз жұмысын жақсартады.
Балаңызға көзілдірік киіп, көзін таңып жүрген ұнамауы мүмкін. Таңғыш балаңыздың әлсіз көзінің жұмысын күшейту үшін ғана керек. Дегенмен, таңғыш пен көзілдірікті кию балаңыз үшін маңызды.
Егер көз ол әдістерден де нәтиже бермесе, онда хирургиялық жолмен көзді қалыпқа келтіруге болады. Ота жасау кезінде бұлшық еттер күшті болады немесе олардың тартылуы әлсізденеді.
Көз бұлшықеттеріне операция жасағаннан кейін қылилық бірден жазылып кетпейді. Операциядан кейін бала көзілдірік тағып жүруі керек. Жалпы, балаға операция қаншалықты ерте жасалса, сонша жақсы болмақ.
Ересектер арасында, кейде болып тұратын қылилықты көзілдірік тағып, не болмаса көзге арналған арнайы жаттығуларды орындау арқылы кетіруге болады. Ал қылилықтың ауыр түріне шалдыққан ересектерге ота жасау арқылы емдеген тиімді. Егер көрудің нашарлауынан қылилық пайда болған болса, онда, ота жасау арқылы көзідің көру қабілетін жақсартқан дұрыс.

Болжамы
Операция жасалғаннан кейін көз бір бағытқа қарауы мүмкін. Бірақ көздің нашар көруі одан жақсы болып кетпейді.
Бұл мәселе балаларды мектепте кітап оқығанда мазалауы мүмкін, ал ересектерді көлік айдағанда қинайды. Көздің нашар көруі баланы кейбір ойындар ойнауынан тыятыны сөзсіз.
Жалпы, ауруды қаншалықты ерте анықтап, алдын алса, соншалықты жақсы болмақ. Ал кеш қолға алса, бір көздің мүлдем көрмей қалу қаупі де жоқ емес. Шамамен, қылилыққа шалдыққан балалардың үштен бірі амблиопияның салдарына болып жатады.
Қылилық немесе амблиопаға шалдыққан барлық балаларды мұқият тексеріп тұру керек.
Дәрігер көмегіне қашан жүгінген жөн
Көздің қылилығы дереу медициналық көмекті қажет етеді. Көз дәрігері, немесе жалпы дәрігермен төмендегідей жағдайлар орын алғанда кеңесіңіз:
• Балаңыздың көзі қыли сияқты көрініп тұрса;
• Балаңыздың екі көзі сарғайып тұрса;
• Балаңыз бір нәрсеге қарағанда қиналатын болса.
Ескерту! Бала сабақта отырғанда тақтадағы немесе кітаптағы жазуды дұрыс көре алмаса, онда, мәселе туындағанының белгісі болуы мүмкін. Тексертіңіз!

Синонимдері
Көздің көлегейленуі; Эзотропия; Экзотропия; Гипотропия; Гипертропия; Қылилық:
Дұрыс көре алмау (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
қылилық
көз
церебалды сал ауруы
көз ротациясы
бұзылу
бұлшықеттер
суреттер
көре алмау
Аперта синдромы
гемангиома