Жүктелуде...
 

Гингивостоматит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:31 - (810 Оқылымдар)

Гингивостаматит – ауыз қуысы мен қызыл иектің инфекциялық ауруы, ойық жараның түзілуімен, тіндердің ісінуімен сипатталады. Аурудың қоздырушысы вирустар мен бактериялар болуы мүмкін.

Импетиго

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 04:01 - (1905 Оқылымдар)

Импетиго – терінің кең таралған инфекциялық ауруы.

Импетигоның қоздырғышы стрептококк немесе стафилококк бактериясы болып тадылады. Барынша көп таралған қоздырғыш метициллин-резистентті алтын түсті стафликокк (МРАС) болып есептеледі.

Ішектік қан кету

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:48 - (17497 Оқылымдар)

Нәжіске қан араласу немесе тік ішектен қан кету көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін. Олар көбінесе күрделі жағдайлар, мысалы, қабынбалы процесс, инфекция, ойық жара мен қауіпті ісік болуы мүмкін. Ішектік қан кету қанның мөлшеріне және қан кетудің ұзақтығына қарасты ажыратылады.

Тері инфекциясы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:46 - (1116 Оқылымдар)

Тері инфекцияларының сипмтомдары мыналар:

• Ауырсынудың күшеюі, көгеру, қызару немесе сипап қарағанда терінің жылы болуы
• Инфекция аймағынан бөлінетін қызыл жолақтар.
• Красные полоски, расходящиеся от места инфицирования.
• Іріңнің немесе сарғыш түстес сұйықтықтың ағуы.
• Дене қызуының көтерілуі
• Бездердің үлкеюі.

Көкжөтел

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:23 - (892 Оқылымдар)

Көкжөтел - бұл жоғары тыныс алу жолдарының жұқпалы инфекциясы (Борде-Жангу немесе паракоклюш бактериясы ). Ол әсіресе жұтқыншақтың артқы жағына орналасқан мұрын жолдарында пайда болады. Инфекциядан жоғары тыныс алу жолдары тітіркеніп, тыныс алу барысында қатты жөтел қысып, қырылдаған немесе үрген дауыс қоса шығады.

Түбірлік каналды емдеу

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:32 - (953 Оқылымдар)

Түбірлік каналды емдеу (тіс ұлпасының түбірлік каналы деп те аталады) – бұл тістің инфекцияланған ядросын (ұлпасын) жою процедурасы. Ол тіс ауруын азайтуға жағдай жасайды, инфекцияның таралуын тоқтатады және емдеуді жеделдетеді.

H1N1 тұмауы (шошқа тұмауы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-19 06:02 - (134 Оқылымдар)

H1N1 тұмауы (шошқа тұмауы) – бұл H1N1 тұмауы вирусынан туындаған мұрын, тамақ ауруы.

Тұмау – тыныс жолдарының вирусты инфекциясы болып табылады. Ол жөтел, тыныс алудың қиындығы, қызба, бас ауруы, бұлшық еттердегі ауру мен әлсіздік симптомдарымен сипатталады. Вирус адамнан адамға ауа-тамшылары арқылы таралады.

Адам папиллома вирусынан туындаған ауру

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 11:30 - (471 Оқылымдар)

Адам папиллома вирусы (АПВ) кең таралған вирус болып табылады, ол, кондиломалардың түзілуімен сипатталады. АПВ-ның 100-ден астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке соқтырады. АПВ жыныс мүшелерін зақымдайды және инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасағанда таралады. Вирустар қатерлі ісікті тудыруы мүмкіндігі жағынан жоғарғы және төменгі дәрежемен бағаланады. АПВ –ның төменгі қаупті түрі сүйір ұшты кондиломаның түзілуіне жағдай жасап береді. АПВ-ның жоғары қауіпті түрі жатыр мойның, вульваның, қынаптың және әйел адамның анал тесігінің қатерлі ісігін туындатады. Ер адамдарда бұл аурудың салдарынан тік ішекте және жыныс мүшесінде ісік пайда болады.

Көп адамдарда АПВ сүйір ұшты кондилома түзе бермейді, кейде пациенттер ешбір симптом байқамағандығын айтып жатады. Дәрігер сүйір ұшты кондиломаны емдейді немесе жояды. АПВ бар әйелдерді Папаниколау жағындысы бойынша тексергенде ісікке алып келетін жатыр мойының өзгерісін байқауға болады.

Мүшеқаптарды дұрыс қолданғаннан АПВ-ны жұқтыру немесе тарату қаупі азаяды, бірақ одан ауру толығымен тоғытылмайды. Вакциналар АПВ-ның кейбір ісік тудыратын түрлерінен қорғауы мүмкін.

Зоонозды инфекция

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 11:16 - (215 Оқылымдар)

Жануарлардан жұғатын ауруларды - зоонозды инфекциялар деп атайды. Жануарлардан немесе жануарлардан алатын өнімдерден адамдарға жұққан көптеген аурулар өте қауіпті болып келеді. Сіз тікелей жануардан немесе жанама, яғни қоршаған орта арқылы ауру жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Артрит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 10:18 - (235 Оқылымдар)

Артрит – бұл буынның қабынуы. Егер бір ғана буын қабынса онда моноартрит, бірнеше буын қабынса – полиартрит деп аталады.Артрит тікелей буынға байланысты аурудан немесе әртүрлі әсерлерден (аллергиялық, инфекциялық) болады.

Тілді таңдау