Кейбір адамдар үлкен дәретке күніне бір немесе екі рет барса, басқалары сирек барады. Егер сізде іштің қатуы пайда болса, онда ішек босатудың жиілігі азайып, немесе нәжісіңіз шағын және қатты болады. Әдетте, іштің қату себептеріне сұйықтықтың немесе тамақтану рационында жасұныққа бай өнімдердің жетіспеушілігі жатады. Егер іштің қатуы кенеттен басталған болса немесе диетаңызға қарамастан жалғасса, сізге дәрігерге қаралуыңыз керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ҚАУІПТІ СИПТОМДАРЫ
Нәжісте қанның пайда болуы
Нәжістегі қан қызыл жолақтар күйінде келеді немесе нәжісті қара түске боялуы мүмкін. Ішектегі азғантай мөлшерде қанның болуы тік ішектегі проблемалардан туындауы мүмкін (мысалы, геморрой). Нәжісте қан пайда болса, тік және тоқ ішектерінің қатерлі ісіктерін болдырмау мақсатында сіз дәрігерге қаралуыңыз керек және диагностикалық зерттеулерден өткеніңіз жөн.
Егер сізді бұл жағдай алаңдатса, себебін анықтау үшін онлайн-диагностикадан өтуге болады.
Іштің қатуы (ерлерде / әйелдерде)