Сіңірдің созылуы – бұл жағдай буынды жарақаттап, сіңірді созып алғанда орын алады. Сіңір – буындарды байланыстырушы, жіпке ұқсас, серіппелі мүше. Оның симптомы - сүйек сынғандай болып білінеді.

Дәрігерлер сіңірдің созылуын ауырлық дәрежесіне қарай жіктейді.

Созылудың бірінші сатысы – бұлай созылғанда, жарыла қоймайды. Белгілері мен симптомдары мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Буын ісінеді, баяулап басталып, қырындап ісігі үлкейіп, ауыра бастайды.
  • Буын өз тұрақтылығын сақтап тұрады.
  • Буынның қозғалуы әдеттегідей болып тұра береді.


Екінші дәрежедегі созылу кезінде ішінара байланыс үзілуі мүмкін. Белгілер мен симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Жарақат алғанда сықырлаған дауыс естіледі
  • Ауыруы барған сайын күшейіп, ісініп кетеді
  • Қозғалыс шектеледі.
  • Жарақат алған аумақ көгереді.
  • Буын өз орнында тұрмайды.


Созылудың үшінші сатысында сіңір толығымен үзіліп қалады. Белгілер мен симптомдар мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Жарақат алған кезде сықырлап сынады.
  • Ауырсыну, барған сайын асқындайды (толық үзілу кезінде ауырсыну кейде ішінара емес).
  • Қатты ісініп, көгеріп кетеді (жиі, бірақ үнемі емес).
  • Буын ойнап қалады (қиғаштық немесе еркіндік сезіледі).
  • Қайралу немесе қажалу сезімі туындайды.
  • Толықтай жыртылған жер ісініп кетеді.
  • Ұю немесе терлеу сияқты жағдайлар орын алады.


Сіңір созылуының жазылуы адамның жасына, денсаулығына сузылу сатысына байланысты болуы мүмкін. Денсаулығы жақсы адамның сіңірінің аздап созылуы бірнеше күн немесе апта ішінде жазылуы мүмкін. Қатты созылудан қалпына келтіру бірнеше айға созылады және ұзақ уақыт күтінуге тура келеді, кейін ол қалпына келмейді, ауруы қалып қояды, қозғалыс аздап шектелі, буындың тұрақсыздығы немесе деформациясы орын алады, сосын қайта-қайта жарақат туа береді.

Сіңір созуына алғашқы көмек беру үшін – ең алдымен тыныштану керек, мұз басу қажет, компресс жасап, аяқ-колды жоғары көтеріп қойған дұрыс. Аздаған созылулар үй жағдайында да жазылып кетуі мүмкін, ал, созылған сіңір барған сайын ауыр, күшейіп бара жатса, медициналық көмекке жүгіну керек. Олар, гипс немесе таңғыш байлап беріп, дәрілік препараттар енгізіп, операция да жасауы ықтимал.