Қажулық сынулар – бұл сүйектің бетінде пайда болатын шіңішке болар-болмас шытынаулар. Кейбір жағдаларда бұл шытынаулардың жіңішке болатыны сондай, тіпті рентгеннен де көрінбейді.
Қажулық сынулар сүйекке көп мөлшерде салмақ түскеннен пайда болады. Бірақ ол жарақаттан емес. Ол салмақ түскен дененің кез-келген сүйегінде кездеседі. Мысалы: жүгіруді, секіруді талап ететін спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың аяқ сүйектерінде пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар адам бұрын айналыспаған спорт түрімен айналыса бастағанда да сүйекте осындай шатынаулар көрініп жатады.
Қажулық сынулар симптомдарына келер болсақ, қай жерде осындай шытынау түзілсе сол жер сырқырап ауырып тұрады. Жаттығау жасағанда аурғаны басылуы мүмкін, бірақ әр жаттығудан соң ауруы күшейе түседі.
Егер сынуға себеп болатын әрекеттерді тоқтатылса, симптомдары өздігінен жойылып кетеді. Тек әдеттегі әрекеттерге сүйегіңіз дағдаланғаннан кейін, іс-қимылдарыңызды біртіндеп жалғастыра берсеңіз болады.
Тегтер:
Сүйектегі шытынаулар
Сынық
жарақат