Мазмұны

Асқорыту жүйесі

Себептері

Симптомы

Диагностикасы

Емделуі

Болжамы

Асқыну қаупі

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Алдын алу шарасы

Асқорыту жүйесі
ж
Өңеш, асқазан, тоқ ішек және аш ішектердің барлығы бауырдың, өт қабының және ұйқы безінің көмегімен ішке түскен асты айналдырып, қажет емес компоненттерді бөлшектеп, қалдық бөліп, шығарып жатады.
Гастрит - асқаазанның шырышты қабығының қабынуынан пайда болады.
Пайда бола салып, жылдам дамитын гастритті жедел гастрит дейді. Ал айлап, жылдап жалғаса ауыра беретін гастритті созылмалы гастрит деп атайды.

Себептері

Гастриттің пайда болуына көптеп себеп болатын жайттар:
• Асперин, ибупрофен немесе напроксен секілді кейбір дәрі-дәрмектер;
• Алкогольдік ішімдіктер
• Асқазанның шырышты қабығына Helicobacter pylori инфекциялық бактериясы түскендіктен;
Ал сирек кездесетін себепті жағдайларға мыналар жатады:
• Аутоиммундық ауру (пернициоздық анемия сияқты);
• Кокаин қолдану;
• Қарылған немесе күйдірілген тамақтарды көп жеу;
• Шамадан тыс күйзеліс;
• Цитомегаловирус және қарапайым герпес (иммунитеті әлсіреген жандарда жиі кездесетін вирус) секілді вирустық инфекциялар.

Ауыр, күрделі жарақаттар, күтпеген аурулар, бүйрек жеткіліксіздігін, өкпе айналымын реттеу үшін жасалған күрделі оталар гастриттің пайда болуына себепкер болады.

Симптомдары

Көптеген адамарда гастрит симптомсыз дамиды.
Ал симптом кездесіп жатса, олар мынадай болады:
• Тәбеті жоғалады;
• Жүрегі айниды және құса береді;
Егер гастриттің салдарынан асқазанның шырышты қабығынан қан ағып жатса, мынадай симптомдар көрініс береді:
• Қара түсті нәжіс шығады;
• Қан құсады.

Диагностикасы
Мынадай әдістермен диагностика жасалады:
• Анемияны анықтау үшін қанға жалпы талдама жүргізеді (ҚЖТ)
• Эндоскоптың (эзофагогастродуоденттік көшірме немесе ЭФГДС) көмегімен асқазанды тексеру;
• H. Pylori-ге тексеру жүргізу;
• Нәжісте жасырын тұрған қандарға талдама жасау (асқазаннан қан кетіп жатқан кезде)

Емделуі
Емдеу әдістері аурудың себептеріне байланысты жүргізіледі. Уақыт өте келе себептердің біразы жоғалып кетуі мүмкін.

Сіз алдымен гастриттің пайда болуына себеп болатын асперин, ибупрофен немесе басқа да дәрі-дәрмектерді қаблдауды тоқтатуыңыз керек. Ішіп жүрген кез-келген дәрілеріңізді тоқтатпас бұрын дәрігеріңізбен ақылдасып алыңыз.

Сіз асқазанның қышқыл сөл бөлуін азайтатын мынадай дәрілерді қолдануыңыз мүмкін:
• Антацидтер
• Антагонистер Н2 рецептерімен: цементидин (Тагамет), ранитидин (Зантак) және т.б.
• Протондық помпа тежегіштері;
• Антацидтер Helicobacter pylori бактериаларымен астасқан созылмалы гастритке пайдаланылады.

Болжамы
Бұл аурудың болжамы әдетте себептеріне байланысты қойылады, бірақ ол қанша дегенмен жағымдырақ.

Асқыну қаупі
Қан кетуі мүмкін және өкпенің асқынған ісігіне ұласып кетуі де ғажап емес.

Дәрігерге қашан тексерілу керек?
Мынадай симптомдар бола басстағанда дәрігерге қаралыңыз:
• Асқазанның жоғарғы жағы жиі ауыра бастағанда;
• Қара, шайыр түсті нәжіс шыға бастағанда;
• Түйір-түйір қан аралас құсық шыққанда.

Алдын алу шаралары
Асқазанның шырышты қабығын зақымдайтын асперин сияқты дәрілерді ұзақ уақыт қолданбаңыз, суық тиуге қарсы шамадан тыс ащы дәрілерді немесе алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбаңыз.

Дереккөз: https://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/001150.htm
Тегтер:
гастрит деген не,
гастриттің симптомдары,
гастриттің себептері,
гастриттің емделуі,
хеликобактер пилори,
гастросскопия