Сілтілерге әктас, гипс, әктас ертіндісі, пеш және су құбырларын тазалағыштар, ыдыс-аяқ жуғыш машиналарға арналған ұнтақтар, тыңайытқыштар, «бенгал алауының» ұшқыны жатады. Олар түрлеріне қарай, сілтінің күшімен және денемен әрекеттесу ұзақтығына қарай аз уақыттың ішінде ауыр зардаптарын тигізуі мүмкін. Сілті химикаттары тері қабаттарына терең еніп, зақымдай алады.
Күйгеннен кейін, қандай химикат күйікке себепкер болғанын анықтаңыз. Тез арада таксикологиялық орталыққа хабарласып, қандай ем-шаралар қолдану керектігі жайында қосымша ақпарат алыңыз. Таксикологиялық орталыққа хабарласқан кезде, күйдірген химиялық заттың қорапшасын қолыңызға алыңыз, таксикологиялық орталықтың қызметкеріне қорап сыртындағы ақпаратты оқып беріңіз.
Көбінесе химиялық күйіктер, ең алдымен, зардап шеккен адамның денесінен химикатты кетіру үшін көп мөлшердегі сумен жуу арқыры емделеді. Бірақ, барлық химикаттар бұлай емделе бермейді. Ең маңыздысы, алда қйындықтар тумас үшін, дұрыс емдік іс-шаралар қолдану керек.

Сумен шаюға болатын химиялық күйіктер

• Тез арада ағыл-тегіл сумен жуыңыз. Күйікті бірнеше минуттың ішінде жуып тастаса, оның өршіп кету қаупі төмендейді.
• Зақымданған жерді ең болмағанда, 20 минуттың ішінде жуыңыз.
• Жумсартылмаған қатты суды қолданбаңыз, себебі ол, күйген жерге жағымсыз әсер етуі мүмкін.
• Егер қасыңызда химиялық заттан зардап шеккен адам болса, оған дереу жуу керектігін айтыңыз.
• Егер химикатты араластыру керек болса, арнайы қолғап киіп алыңыз.
• Химикат тиіп, зақымданған жеріңіздегі бағалы зат мен киіміңізді шешіп қойыңыз.
• Егер жараланған жер 20 минут өткеннен кейін де ашып тұрса, онда қатты ағын судың астында тағыда 10-15 минут ұстап тұрыңыз.

Сумен шаюға болмайтын химиялық күйіктер

Кейбір қышқылдан болған күйіктер сумен жуғанда өршініп кетеді.

• Құрғақ ұнтақтарды, сол сияқты құрғақ әктастарды алдымен шөткемен тазалап тастау керек. Әйтпесе олар сумен әрекеттесіп кетуі ықтимал. Ал ұнтақтар жойылғанна кейін, оны жақсылап суды қатты ағызып қойып жуыңыз.
• Метал қосындылары миералды майлармен жабылады.
Химикат көзге тамып кетсе, ең алдымен оны көп сумен қайталап жуа беріңіз. Тездетіп жуу керек, сонда ғана көздің зақымдануының алдын алуға болады. Егер көзіңіз химиялық затқа күйсе, міндетті түрде, тез арада дәрігерге барыңыз.

Тегтер:
сілті
әктас
гипс
химиялық күйік
бенгаль алауы
химикат
тері