Семіздік – бұл кешенді проблема. Адам организміндегі май құрамының шамадан тыс көбейіп кетуінен пайда болатын құбылыс. Және соның салдарынан денсаулыққа зиян тиіп жатады. Семіздік адамның бойы мен салмағының аражігін көрсететін, дене салмағының индексімен (ДСИ) өлшенеді. ДСИ салмақ киллограмын, бойдың шаршы метріне (кг/м2) бөлу арқылы есептейді. ДСИ бойынша 18,5 кг/м2- - тан аз көрсетсе, бұл – жағдай энергетикалық жетіспеушілікке жатқызылады; егер көрсеткіш 18,5-тен 30 кг/м2 –қа дейінгі көлемде көрсетсе, онда дұрыс. Ал ДСИ тура 30 кг/м2 - қа тең болса, немесе, одан асып кетсе, мұны семіздік деп айтады.
ДСИ-дің көбеюі, жүрек ауруы, жоғары қан қысымы, жүректің ишемикалық ауруы (ЖИА) , қант диабеті секілді басқа да аурулардың пайда болуына жол ашады. ДСИ осындай көптеген факторлы аурулардың дамуына себепкер болады.
Медициналық анықтамаға сүйенсек, семіздік, май құраммының шамадан тыс көбею себебінен артық салмақтың пайда боладындығын білдіреді. Ал атлеттердің денелері үлкен болып келеді, бірақ олардың салмағының көп мөлшерін май емес, бұлшық еттері алып тұр. Сондықтан олар семіздікке ұшырағандай көрінеді.
Семіздіктің басқа дәрежелі индикаторары белбеудің шеңберлі диаметрі болып табылады. Жақында ғана белгілі болған зерттеулер бойынша, майдың жәй ғана жиналуы маңызды емес, оның қай жерге көп жиналатындығын анықтау керек екен. Дегенмен эстетикалық тұрғыдан қарағанда санның жуан болуы тартымды көрінеді, бірақ ғалымдар іштің айналасына май жиналуын денсаулыққа қауіпті дейді. Егер май іштің айналасына әбден орныға бастаса, яғни (домалақша семіздік, немесе алма тәрізді денеге) ұқсаса, мұндай адамдар екінші дәрежелі қант диябетіне шалдығуы ықтимал, сондай-ақ, жоғары қан қысымы, холестериннің шамадан тыс көбеюі ( ЖИА), деген сияқты ауруларға душар болады. Ал санына май жиналатын яғни, (сопақша семіздік, алмурт тәрізді денене ұқсас) болса мұндай адамдарда жоғарыдағыдай мәселелер көп орын алмайды.

Тегтер:
Дене салмағының индексі
Адамның бойы мен салмағының аражігі
Энергетикалық жетіспеушілік
Жоғары артериалық қысым
Қант диабеті
Жүректің ишемикалық ауруы
Белбеудің шеңберлі диаметрі
Сан жуандығы
Холестериннің шамадан тыс көп болуы