Үсу – терінің тоңуы және тері асты тіндердің суықтан қатуы. Бұл жағдай, адамда - (0°C)-тан төмен температурада ұзақ жүріп қалғанда болып жатады.
Адамға суықтың әсері әр кезде әр түрлі болады: жәй салқын температура, ауа райының күрт өзгеруі немесе ылғалданудан адамда мұздау сезімдері белгі береді. Көбінесе табан тоңа бастайды, білектер, құлақтар, мұрын және бет суықтың әсерінен айқын белгі береді. Ерлердің бұттары да мұздап кетеді, егер жылы киінбесе.

Дәрігерлер үсуді салмақтылық кезеңдеріне қарай жүйелеген:

Үсудің бастапқы кезеңі
Үсудің бастапқы кезеңінде – терінің сыртқы қабаты тоңа бастайды. Белгілері мынадай:
• Шаншиды, ашытып ауыртады;
• Тері қызарып, сұрланып, сары немесе көк-күлгін түске боялады;
• Аздап ісиді;
• Бірақ көлдіремейді.

Үсудің екінші кезеңі
Үсудің екінші кезеңінде - барлық тері қабаты тоңып қалады. Белгілері:
• Сіресіп, сыздап, солқылдап ауыртады,
• Сыртқа тері қатып, жансызданып қалады;
• Көпіршіктенген жерлерге түссіз немесе ақ түсті сұйықтық тола бастайды. Көпіршіктер 6-24 сағат бойы түзіледі.
• Көпіршіктенген жердің айналасы қызарып кетеді.

Үсудің үшінші кезеңі
Үсудің үшінші кезеңінде – терінің тереңгі бөлігі, сондай-ақ, тері асты жасушалары қатып қалады. Белгілері:
• Тері ақ, күлгін, қызылкүрең немесе көгілдір-көк түске боялады;
• Тоңып, қатып қалған тері ағаш бұрысқа ұқсап қалады;
• Қан орнына көбіктер толып кеткендей болады;
• Сіресіп, сыздап, шаншып ауырады.

Үсудің төртінші кезеңі
Үсудің төртінші кезеңінде – бұлшық еттер, сіңірлер, сүйектер тоңып қалады. Белгілері:
• Қызыл немесе көкшіл терілер құрғап, қап-қара қатты резинаға ұқсап қалады;
• Болмашы ішінеді немесе ол да болмайды;
• Көпіршіктер кішкентай қан түйіршіктері секілді көрінеді;
• Буындар сырқырап ауырады.

Үсіген теріні жылтқанда ауруы тіптен күшейеді. Жылығаннан кейін ісініп, көпіршіктер шығаи береді.
Дәрігерлік емге келсек, үсіген жерді емдеу үшін алдымен жылытады. Бұл өлі жасушалардың инфекциясын немесе үсіген бөліктің ампутациясын тоқтатады.

Тегтер:
Үсік
Үсік дәрежесі
Суықтану
Төмен температура
Үсік дәрежелері