ӨМІРДІҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖЫЛДАРЫН ҚАЛАЙ ҰЗАРТУГА БОЛАДЫ

Сіз темекі тартасыз ба? Белсенділігіңіз қандай деңгейде және дене жаттығуларымен қаншалықты жиі шұғылданасыз? Дұрыс тамақтанасыз ба және оңтайлы дене салмағын сақтайсыз ба? Егер аталған сұрақтарға қайтарылатын жауап көңіл толарлықтай болмаса, жағдайды түзетуге белді буып кірісу ешқашан кеш емес.
Американың медициналық журналында жарияланған, жақында жүргізілген зерттеу дене белсенділігін көбейтіп, дұрыс тамақтанып, өмір салтын өзгертудің тіпті жас ұлғайған шақта да адам өмірін айтарлықтай ұзартатындығын көрсетті. Ғалымдар 10 жыл бойы 45 және 64 жас аралығындағы 15700 адамды бақылады. Зерттеудің 6-шы жылында олардың 970-і өмір салтын өзгертті. Олар орта есеппен аптасына 3 сағат дене жаттығуларымен шұғылдана бастады, күніне 5 рет
және одан да көп көкөністермен және жемістермен тамақтанды, темекіні тастап, дене салмағын түсірді. Төрт жылдан кейін жасалған талдау салауаттылықтан алшақ өмір салтын сақтап қалғандармен салыстырғанда мұндай адамдар арасындағы өлім-жітімнің 40 пайызға төмен екендігін көрсетті. Бұған қоса, оларда жүрек сырқаттары 35 пайызға төмен болған.
бассейн
Демек, өмірдің қандай кезеңінде болмасын салауатты өмірді бастау, сөз жоқ, ұзақ өмір сүру мүкіндігін арттырады. Тө-
менде Гарвард медицина мектебі атап көрсеткен, ұзақ, бейнетсіз кәрілікке жетелейтін 10 қадам ұсынылып отыр.
1. Темекі шекпеңіз.
2. Дене жаттығулары мен ой белсенділігін өзіңіздің күнделікті өміріңізге енгізіңіз.
3. Көкөнісі, жемісі, таза дәндері мол нәрлі тамақ жеңіз, қаныққан майларды қанықпаған майларға ауыстырыңыз.
4. Күн сайын биологиялық белсенді заттар түріндегі дәрумендер кешенін қабылдаңыз. Және де кальций мен Д дәруменін жеткілікті мөлшерде қабылдайтындығыңызды тексеріңіз.
5. Оңтайлы дене салмағын сақтаңыз.
6. Миды жұмыс істетіңіз, ойлау қызметімен айналысыңыз.
7. Жақындарыңызбен, достарыңызбен, әріптестеріңізбен көбірек қарым-қатынас жасаңыз.
8. Алдын алу шараларын қолдану және ауруды ерте анықтау жолымен көздің көру, құлақтың есту қабілетін және басқа
ағзаларды күтіңіз.
9. Тісті тұрақты түрде тазалаңыз және тіс дәрігеріне профилактикалық тексеруге барып тұрыңыз. Тістің нашар болуы тамақтанудың бұзылуына, ауырсынуларға алып келеді, сондай-ақ жүрек аурулары мен инсульт қаупін ұлғайтады.
10. Артериялық қан қысымын бақылау, остеопороздың алдын алу, қандағы холестерин деңгейін төмендету және жалпы сау болу үшін қандай да бір дәрі-дәрмектер ішу қажеттігі не қажетсіздігі туралы дәрігермен сөйлесіңіз.

Қимыл-қозғалыс тән мен жанды жасартады

Медицинада «қимылға келтіру немесе айрылу» деген ұғым бар. Бұл бұлшықеттер мен сүйектерге қатысты. Егер қозғалыс жеткіліксіз болса, бұлшық ет массасы біртіндеп кемиді, демек адам күшінен айрылады. Және дене жүктемесі болмаса, сүйектер жұқарып, әлсірейді. Нәтижесінде адам түрлі ауруларға және жарақаттарға бейім болады.
Бір қуанарлығы, дене жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданып, бұлардың бәрінің алдын алуға болады. Дене белсенділігі кез-келген жаста, әсіресе қарттық шақта маңызды. Және де дене жаттығуларымен шұғылдануды бастау ешқашан кеш емес.
«Өмірдің мәні қимыл-қозғалыста» тарауында дене жаттығуларымен қалай дұрыс айналысу керектігі және оларды өзіңіздің күнделікті өміріңіздің ажырамас бөлігіне қалай айналдыруға болатындығы жөнінде егжей-тегжейлі ұсыныстар берілген. Бұл ұсыныстарды кез-кел-
жугиру
ген жаста, соның ішінде қарттарға да қолдануға болады. Төменде өмірдің әр түрлі кезеңдеріне тән кейбір ерекшеліктер көрсетілген.
Егер жасыңыз 30-40 аралыгында болса, бұлшық еттің босап, сүйектің жұқаруының қалай алдын алуға болатындығын ойлау керек. Мұны тұрақты дене жаттығуларының көмегімен қамтамасыз етуге болады.
40-50 және одан жоғары жаста, бұлшық еттің босап, сүйектің жұқаруына байланысты адам организмінде басқа да физиологиялық өзгерістер болады. Бұл өзгерістер әсіресе менопауза кезінде, яғни етеккірдің тоқтауы кезінде ерекше айқын білінеді. Бұл кезеңде көкөніс пен жемісті, дәрумендер мен минералдарға, әсіресе кальцийге бай өнімдерді (кальций сүт өнімдерінде көп болады) жеткілікті мөлшерде тұтына отырып, дұрыс тамақтану өте маңызды. Жүйелі дене
белсенділігі бұлшық етті ширатады және сүйекті бекітіп, серпімді жасай отырып, сүйек тініндегі кальцийді сақтап қалады.
60, 70, 80 және 90 жаста жүйелі дене жаттығуларының көмегімен өмірлік күш-жігерді, өз-өзіңе деген сенімділікті, тәуелсіздікті барынша ұзақ уақыт сақтап қалу маңызды. Дене жаттығуларына міндетті түрде күш түсіретін жаттығулар, сондай-ақ икемділікке арналған жаттығулар кіруі тиіс. Әр түрлі дене жаттығулары, соның ішінде үй жағдайында орындауға болатын дене жаттығулары «Өмірдің мәні — қимыл-қозғалыста» тарауында егжей-тегжейлі сипатталған.

Ұзақ ғұмыр арқауы — нәрлі тағам

Жас ұлғайғанда тағамдық калорияларға деген қажеттілік азаяды, бірақ жасұнық, дәрумендер мен кальцийге қажеттілік артады. Бұған қоса, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу керек: шайдың, шырынның немесе басқа сусынның орнына жай су ішкен дұрыс. Қариялар үшін сүт және басқа сүт өнімдерін, әсіресе йогурт, айран, сүзбе, ірімшік секілді сүт өнімдерін тұтыну ерекше маңызды. Оладың құрамында сүйекті бекітуге қажетті кальций болады. Ашымал сүт өнімдері
көптеген аурулардың алдын алуға қабілетті ашымал сүт бактерияларына және басқа тағамдық заттарға бай.
Майы, тұзы және калориясы көп тағамдық өнімдер денсаулық үшін зиянды көптеген зардаптарға алып келеді. Бұл зардаптарға семіздік, жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр, обыр секілді сырқаттар жатады. Нәрлі тағамнын пайдасы және майлы, калориясы жоғары тағамның зияны туралы «Нәрлі тамақтану негіздері» тарауында егжей-тегжейлі айтылған. Онда баяндалған негізгі ұсыныстар кез-келген жастағы адамдарға, соның ішінде қарияларға қолайлы. Нәрлі
тамақтанатын адамның өмір өзегін айтарлықтай жоғарылатуға және жасын ұзартуға толық мүмкіндігі бар.
Пайдалы тағам өнімдерінің көпшілігінде заттар алмасуының қосалқы өнімдері - жасушаларды еркін радикалдардың талқандаушы әсерінен қорғайтын заттар — антиоксиданттар болады. С және Е дәрумені, минералдық зат — селен, сондай-ақ өсімдіктердің табиғи бояғышы каротиноидтар секілді антиоксиданттары бар өнімдерді тұтыну жүрек ауруларының және обырдың кейбір түрлерінің қаупін азайтады. Бұған қоса, өсімдіктерде болатын тағы бір зат-лютеин
көбіне жас ұлғайғанда дамитын көру жүйкесі бұзылысының қаупін төмендетеді.
Өсімдік тектес өнімдерде фитопротекторлар болады, бұлар да антиоксидант болып табылады. Олар дәрумендер немесе минералды заттар емес, бірақ бірқатар кең тараған сырқаттардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
виноград
Соңғы уақытта өзіне ерекше назар аудартып жүрген заттардың бірі — ресвератрол. Бұл да жүзімнің қабығы мен дә-
нінде, сондай-ақ бірқатар басқа өсімдіктерде болатын антиоксидант. Ресвератрол адам өмірін айтарлықтай
ұзарта алады деп есептеледі. Бұған әлі дәйекті ғылыми дәлелдер болмаса да, ресвератрол бүгіннің өзінде өмірді ұзартуға арналған тағамдық қоспа ретінде ұсынылады.
Төменде аурудың алдын алуға, демек, өмірді ұзартуға көмектесетін пайдалы заттары мол тағам өнімдерінің тізімі ұсынылған:
• тәтті картоп және сары, қызғылт-сары, қызыл түсті басқа көкөністер;
• бұршақ тұқымдастар: қызыл және қара атбас бұршақ, бұршақ, жасымық;
• брокколи және қырыққабаттың басқа түрлері;
• таза дәндер;
• қара қарақат және басқа жидектер;
• сарымсақ пен пияз;
• түйе жаңғақ және жанғақтың басқа түрлері;
• қызыл балық және майлы балықтардың басқа түрлері;
• апельсиндер және басқа питрустар;
• саумалдық және үлкен жапырақты басқа көкөністер.
Сонымен, денсаулықты сақтау үшін көбіне майы аз, бірақ ақуызы жеткілікті тағам тұтыну керек. Бұл әсіресе қариялар үшін маңызды.
Тағамда көкөніс пен жемістің басым, астық тұқымдас өнімдердің жеткілікті болуы шарт.
Қосымша дәрумендер (Э, Е, В(, Вр, фолий қышқылы), микроэлементтер, әсіресе биологиялық белсенді қоспа түрінде кальций қабылдау ұсынылады. Және де суды жеткілікті ішу керек — күніне 6-8 стакан.
Тағам өнімдерінің денсаулық үшін маңыздылығы туралы «Нәрлі тамақтану негіздері» тарауында бұдан гөрі нақты баяндалған. Күнделікті өміріміздегі судың рөлі туралы «Су - тіршілік көзі» тарауында жазылған.


ДӘРУМЕНДЕР ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАР

Қанық дәруменді қоспаларды неліктен қабылдау қажет

Дұрысы, денсаулық үшін қажетті заттардың бәрі организмге аспен бірге қабылдануы тиіс. Алайда шыңдығында бұлай емес. Қазіргі тағам өнімдері жүздеген жылдар бұрынғы өнімдермен тең емес.
Көкөністер мен жемістер өсірілетін топырақ үдемелі агроөнеркәсіптік өңдеу салдарынан біртіндеп азып, көптеген маңызды заттардан айырылуда. Бүгінгі агроөнеркәсіптің негізгі мақсаты - түрі әдемі, ұзақ сақталатын ауылшаруашылық өнімдерін барынша мол өсіру. Бұл көбіне өнімдердің құрамындағы маңызды тағамдық заттарды жою есебінен іске асырылады.
алма агашы
Бүгінде топырақ негізінен азотпен, фосфатпен, калиймен тыңайтылады. Бұл біздің организмімізге қажетті заттардың аз
ғана бөлігі. Салат жапырақтары мен алмалар азық-түлік дүкендерінің сөрелерінде тартымды көрінеді. Бірақ бұл алдамшы тартымдылық. Өкінішке қарай, топырақтың құнарсыздығы салдарынан бұл өнімдердегі маңызды тағамдық талшықтар жеткіліксіз.
Тағам өнімдерін одан әрі өңдеу, оларды дүкендерде сақтау, ақыр-соңы аспаздық өңдеу дәрумендер мен минералдық заттарды одан бетер жояды. Айтпақшы, түрлі сусындарды шамадан тыс тұтыну да зиян. Өйткені олардың кейбірі маңызды дәрумендердің сіңірілуін нашарлатып, олардың шайылып кетуіне ықпал етеді. Мысалы, шайда темірдің сіңуіне кедергі келтіретін заттар бар, соның салдарынан қаназдық (анемия) дамуы мүмкін.
Бұдан өзге, жағымсыз экологияның әсерінен - тағамда, суда және ауада бірқатар зиянды заттардың болуынан, сондай-ақ көптеген стрестердің салдарынан дәрумендер мен минералдық заттарға деген қажеттілік артады.
Қарттарда тағамдық заттардың асқазан-ішек жолында сіңірілуіне көмектесетін ферменттер азаятындықтан, жас ұлғайған сайын астың қорытылуы ауырлай түседі. Бұған қоса, қариялардың көбі біраз тістен айырылады, осының салдарынан асты дұрыс шайнамайды, ол да астын сіңуін қиындатады. Атап айтқанда, қарттарда көбіне кальцийдің, мырыштың, магнийдің, В6, В]2, О және Е дәрумендерінің, сондай-ақ фолий қышқылының тапшылығы үдей түсетіні белгілі.
Аталған себептерге байланысты көп адамдарға, әсіресе қарияларға жай ғана әр түрлі тағаммен тамақтану жеткіліксіз. Оларға мультивтаминдік кешендер немесе тағам қоспалары түріндегі түрлі дәрумендер мен минералды заттарды қосымша қабылдау қажет. Әсіресе құрамында В6, Вг дәрумендері, фолий қышқылы жеткілікті мөлшерде болатын қанық дәрумендік кешендер дұрыс.

Дәрумендер мен минералдық заттар

«В тобы дәрумендерінің үштігі» — Вһ, Вг дәрумендерінің және фолий қышқылының қандағы гомоцистеиннің мөлшерін төмендетуге қабілетті екендігін ғылыми зерттеулер көрсетті. Гомоцистеин — жүрек ауруларының қауіп факторы болып табылатын зат. Бұдан өзге фолий қышқылы әдетте инсультке соқтыратын мидағы сырқаттың даму қаупін төмендетеді. ҒалымдарВ12 дәрумені мен фолий қышқылының әрқайсысын күніне 1000 микограмм мөлшерде қабылдауды
ұсынады. Және де кейбір тағам өнімдерінің фолий қышқылымен байытылатындығын ескеру керек.
Кальций сүйектің негізгі минералдық копоненті болып табылады. Ол тапшы болған жағдайда остеопороз деп аталатын сырқаттың даму салдарынан сүйек сыңғыш болады. Бұл көбіне қарт адамдарда байқалады. Кальцийі мол сүт өнімдерінің пайдасы туралы «Нәрлі тамақтану негіздері» тарауында барынша егжей-тегжейлі жазылған.
Сондықтан сүт өнімдерін, әсіресе қышқыл сүт өнімдерін жүйелі түрде тұтыну ерекше пайдалы.
Бір стакан сүтте орта есеппен 300 мг кальций болады. Бұл күнделікті тұтынуға ұсынылған (кестені қараңыз) кальций мөлшерінің шамамен үштен бірін құрайды. 51 жастан асқан адамдарға күн сайын 1200 мг кальций тұтыну ұсынылады. Егер ол сүтпен немесе басқа тағам өнімдерімен бірге жеткіліксіз мөлшерде қабылданса, құрамында кальций бар тағамдық қоспаларға ден қойған абзал.
Кейбір тағам өнімдері мен шырындар кальциймен байытылып шығарылады. Мұндай азық-түліктерді сатып алған кезде аталған өнімдегі кальций мөлшерін анықтау үшін орамасын мұқият оқыған дұрыс. Кальцийді күніне 2500 мг-нан асырмаған жөн.
Организм кальцийді жақсы сіңіруі үшін қосымша Э дәруменің 800—1000 ХБ (халықаралық бірлік) мөлшерінде қабылдау
ұсынылады.
Ғылыми зерттеулер мынаны көрсетті, О дәрумені тек кальцийдің сіңірілуіне көмектесіп қана қоймай, өздігінше сүйектің бұзылуына жол бермейді, бұлшық етті ширатып, денені жеңіл сезінуге көмекте-

Әр түрлі жастағы адамдарға қажетті кальций мөлшері

Жасы Ұсынылатын мөлшер
Туғаннан бастап 6 айға дейін 20 мг/күніне
7 айдан 1 жасқа дейін 270 мг/күніне
1-3 жас 500 мг/күніне
4-8 жас 800 мг/күніне
9-18 жас 1300 мг/күніне
19-50 жас 1000 мг/күніне
51 жас және одан жоғары 1200 мг/күніне
Жүкті және бала емізіп
жүрген әйелдер
1000 мг/күніне

седі. Бұған қоса, Ә дәрумені сусамырдың және обырдың кейбір түрлерінің алдын алады, сондай-ақ иммундық жүйені
күшейтеді.
Сүйектің беріктігін қамтамасыз етуде кальций мен О дәрумені маңызды рөл атқарғанымен, салауатты іс-әрекеттің басқа да қосымша шараларын қолдану маңызды. Спортпен, атап айтқанда, күш түсіретін жаттығулармен шұғылдану және темекі шегу, алкоголь ішу секілді зиянды әдеттерден бас тарту сүйектің сыңбауы және өмірге қауіп төндіретін жа-
рақаттардың алдын алу үшін аса маңызды.
дари дармек

Оксиданттар мен антиоксиданттар

Біздің организміміздің жасушалары ішкі және сыртқы шабуылдарға тап болады. Күннің ультракүлгін сәулесі, атмосфералық радиация, темекі түтінінің уытты заттары, басқа да экологиялық уыттар секілді сыртқы факторлар біздің организмімізге сіңіп, оның жасушаларының өмірлік маңызы бар бөліктерін зақымдауға әрекет жасайды.
Алайда ішкі факторлар бұдан анағұрлым қауіпті. Олардың ішінде ең маңыздылары оттегінің тұрақты емес молекулалары — оксиданттар немесе еркін радикалдар.
Әр жасушаның ішінде митохондриялар деп аталатын өте ұсақ құрылымдар болады. Олардың негізгі міндеті — қажетті қуат өндіру үшін оттегіні пайдалану. Осы қуаттың арқасында біз қозғала және ойлай аламыз. Бірақ оттегіден қуат өндіру үдерісі оксиданттар деп аталатын қосалқы өнімдердің түзілумен қатар жүреді. Олар жасушалар мембраналарын, ақуыздарды және генетикалық ақпараты бар ДНК молекулаларын бұзуға икем.
Бір қуанарлығы, біздін жасушаларымыз мұндай қауіп алдында дәрменсіз емес. Олар оксиданттардың зиянды әсерінен қорғайтын заттар — антиоксиданттарды жасап шығарады. Кейбір антиоксиданттар Е, С дәрумендері, селен және 0 коферменті секілді белгілі бір дәрумендер мен минералды заттар түрінде сырттан қабылданады.
Әр түрлі антиоксиданттардың қорғаныш қасиеттері жөнінен бір-бірінен ерекшеленетіндігін атап өткен жөн. Сондықтан олардың әрқайсысы жеке-дара күйде оксиданттардан қорғану үшін жеткіліксіз. Оларды кешенді түрде қабылдау керек.
Көптеген сарапшылар Е және С дәрумендері, сондай-ақ селен жүрек ауруларының және кейбір онкологиялық сырқаттардың алдын алуға қабілетті деп есептейді. Алайда антиоксиданттарға тым әуестенуге болмайды. Ғалымдар аурудан тиімді қорғану үшін бұл маңызды заттарды қолданудың оңтайлы жолдарын іздеуді жалғастырып келеді. Әзірше антиоксиданттарды көп мөлшерде тұтынудан сақтану ұсынылады. Дұрысы, салат жапырақтары, зәйтүн майы, цит-
рустар секілді антиоксиданты мол тағам өнімдеріне көбірек ден қойған жөн.

Поливитаминдік (қанық дәруменді) кешендер

Өкінішке қарай, дәрумендер мен микроэлементтер толығымен қауіпсіз деп ойласақ, қателесеміз. Оларды көп мөлшерде ішсен, обырдың алдын аласың және өмірді ұзартасың дейтін ұсыныстар бар. Бұл қауіпті қате пікір. Дәрумендер мен кейбір басқа тағамдық қоспалардың көп мөлшері қанның, бауырдың сырқаты және басқа ауыр нау-
қастар түрінде денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіруі мүмкін. Мұны дәлелдейтін мәліметтер жетерлік.
Мынаны есте сақтау маңызды, дәрумендер мен микроэлементтер тағам немесе дәрі емес, олар тағамдық қоспалар. Бұған қоса, дәрумендер мен микроэлементтерді айтпағанда, компаниялар шығаратын тағамдық қоспаларда түрлі бояғыштар, желатин және басқа қабықтар, уытты болуы мүмкін басқа да заттар болады. Сондықтан оларды абайлап қабылдау және ұсынылған мөлшерден асырмау керек.
Ең оңтайлы жол — мультивитаминдік кешендер қабылдау. Оларда маңызды компоненттер жеткілікті мөлшерде және теңдестірілген дозаларда болады. Бірақ кейде әр түрлі өндірушілердің мол өнімдері ішінен қажетті кешенді таңдау қиынға соғады.
50 жастан асқан адамдарға құрамында С, Е, Э, В5, В12 дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, селен және бірқатар басқа заттар бар поливитаминдік кешендер қабылдау ұсынылады. Төменде мультивитаминдік кешендер құрамындағы аталған заттардың ұсынылатын дозалары көрсетілген:
С дәрумені — күніне 500 мг;
кальций — күніне 1200 мг;
D дәрумені - күніне 800-ден 1000 ХБ-ке дейін;
Е дәрумені (токоферол) - күніне 200-ден 400 ХБ-ке дейін;
В12 дәрумені - күніне 1000 микрограмм;
фолий қышқылы — күніне 1000 микрограмм;
Q- коферменті - күніне 100 мг;
альфа-липоя қышқылы (Я-формасын) — күніне 100 мг;
N-ацетил-цистеин — күніне 250-ден 500 мг-ға дейін.
врачий
Кейбір поливитаминдік кешендерде глютатион, протандин секілді өзге де пайдалы заттар болады.
Жас, әсіресе жүкті әйелдер үшін қосымша темірі бар препараттарды қабылдау маңызды. Алайда егде шақта темірі бар мультивитаминдерден бас тартқан дұрыс. Себебі темір азық-түлікпен бірге жеткілікті мөлшерде қабылданады. Шамадан артық болған жағдайда темір, әсіресе гемохромотоз деп аталатын туа біткен ауруы бар адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Шөптен жасалған және басқа биологиялық белсенді қоспалар

Биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) тағы бір түрі — әр түрлі шөптердің сығындылары және шөптердің өзі. Бұған қоса, қан сарысуы, акула жүзбеқанаттары, марал мүйізі секілді көптеген жануар тектес өнімдерден де ББЗ алынады. Олардың көбі расында да пайдалы, бірақ аз мөлшерде қабылдануы керек.
Кейбір биологиялық белсенді заттардың таңғажайып қасиеттері туралы қаптаған жарнамалармен танысқанда аса мұқият болуыңыз қажет. Көбіне коммерсанттар ББЗ-ға бірнеше аптаның ішінде оншақты килограмм салмақтан арылу, көптеген аурулардан сауығу, жыныс қабілетінің керемет жоғарылауы секілді басқа да адам сенгісіз қасиеттерді таңады. Осындай жарнамалардың арқасында ББЗ баршаға танымал болды. Кейбір елдерде оларды сатып алу үшін тұтынушылар ай сайын орта есеппен 200 АҚШ долларына дейін қаражат жұмсайды. Көбіне бұл ақшаны ББЗ-дан гөрі пайдалы балғын көкөністер мен жемістерді сатып алуға жүмсаған артық.
Күмәншіл болыңыз. Көбіне ББЗ-дың емдік қасиеттері туралы мәліметтер тым асырып жіберіледі. «Табиғи» деген сөз «қауіпсіз» сөзінің синонимі емес. Базарда сатылатын, шөптен жасалған және поливитаминдік тағамдық қоспалардың кейбірінде жапсырмасында көрсетілгендей қажетті ингредиенттер түгел бола бермейді. Жекелеген жағдайларда ББЗ-ларда қорғасын секілді денсаулық үшін қауіпті заттар болады. Биологиялық белсенді заттардың ішіп жүрген дәрілер-мен өзара әрекеттесу жағдайлары да болып тұрады.
Егер сіз ББЗ-ды қабылдау керек деп шешсеңіз, алдымен дәрігермен кеңескеніңіз жөн. ББЗ-дың ықтимал кері әсерлері және олардың дәрі-дәрмектермен әрекеттесу мүмкіндігі туралы мәселені талқылаған дұрыс.

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДЕРБЕС МЕДИЦИНА

Төменде әлемдік санақ мәліметтері бойынша ересектер арасында бәрінен жиі кездесетін бес сырқат көрсетілген. Осында көрсетілген ұсыныстарды сақтай отырып, олардың көбінің алдын алуға болады.

№1 - ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР АУРУЛАРЫ

Стенокардия, инфаркт, инсульт (миға қан құйылу) секілді жұрек сырқаттары әлемнің көптеген елдерінде жиі кездесетін аурулардың қайғылы рейтингін бастайды. Олар 40-тан асқан адамдардың өлімінің негізгі себебі. Жүрек-қан тамыр ауруларының көптеген қауіп факторлары бар, олар: тектік бейімдік, жастың ұлғаюы, темекі шегу,
салбөкселік, артық салмақ, жоғары қан қысымы, қанда холестерин деңгейінің жоғары болуы және басқалар.
операция
Жүрек-қан тамыр ауруларынан сақтануға көмектесетін көптеген амалдар бар. Мұнда дене белсенділігі мен тиімді тамақтанудың да маңызы зор. Ең маңызды жол — артериялық қан қысымын (гипертензияны) төмендету. Дене белсенділігі қаншалықты аз болса, гипертензияның даму қаупі соншалықты жоғары екендігі ғылыми жолмен дәлелденген.
Артериялық қан қысымы — қанды артериялар бойынша жылжытатын күш. Артериялық қан қысымының екі көрсеткіші бар, олар жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын бағалауға көмектеседі — систолалық және диастолалық қысым. Бұл параметрлер қарапайым медициналық құрал — сфигмоманометрдің көмегімен оңай өлшенеді.
Систолалық қысым (жоғары көрсеткіш) сіздің артерияңыздағы қысымды көрсетеді, бүл қысым қанды қан жүйесіне айдайды. Диастолалық қысым (төменгі қысым) жүрек жиырылулары арасындағы кезеңдегі қысымды көрсетеді — жүрек босаңсып, қанға толғандағы қысым. Систолалық және диастолалық қан қысымының ең тамаша қатынасы 120/80 болып саналады.
Қан тамыр қабырғаларына түсетін қысым күшейгенде гипертензия деп аталатын ахуал дамиды. Егер қан қысымының жоғарылауы созылмалы сипатта болса, бүл артерия қабырғаларының зақымдалуына соқтыруы мүмкін. Бұл инфаркт, инсульт және бүйрек қызметінің бұзылуына алып келуі ықтимал.

Ересектердегі артериялық қысымның параметрлері

Жіктелуі Систолалық Диастолалық
қысым қысым қысым
Қалыпты шекаралар Сынап бағанасының Сынап бағанасының
120 мм-нен төмен 80 мм-нен төмен
Пре-гипертензия 120-139 80-89
Гипертензия
1-саты 140-159 90-99
2-саты 160 және одан жоғары 100 және одан жоғары

Созылмалы гипертензиясы бар адамдарда жүрек жеткіліксіздігі,
миға қан құйылу, аорта аневризмасы, бүйрек және басқа ағзалар ауруларының даму қаупі екі есеге, тіпті үш есеге жоғарылайтыны белгілі.
Жақында жүргізілген зерттеулер жүйелі дене белсенділігінің гипертензияның даму қаупін екі еседен артыққа кемітетіндігін көрсетті.
Және де дене жаттығулары систолалық та, диастолалық та қысымды 3-4 және одан да көп бірлікке түсіреді.
Гипертензияның алдын алудың маңызды шарты - тиімді тамақтану. Гипертензияның алдын алу үшін төмендегі ұсыныстарды орындау керек.
• Майы аз (мысалы, майлылығы 1,5 пайыздан аспайтын сүт) сүт өнімдерін және жемістерді, көкөністерді көбірек тұтыну.
• Қаныққан майлары және холестерині көп өнімдерді шектеу.
• Таза дәннен, теңіз өнімдерінен және тұздалмаған жанғақтардан даярланған өнімдерді көп тұтыну.
• Еттің қызыл сұрыптарын тұтынуды шектеу.
• Магнийі, калийі, кальиийі бар өнімдерді көп тұтыну.
• Тәттілерді және тәтті қосылған газдалған сусындарды шектеу.
• Гипертензияның алдын алу үшін тұзды шектеу маңызды. Алдымен күніне 2400 миллиграмнан (1 шай қасық)бастап, сосын 1500 миллиграмға (шай қасықтың 2/3 бөлігі) төмендету керек.
Жүрек-қан тамыр сырқаттарының тағы бір қауіп факторы — атеросклероз. Ол тамырлардың қабырғаларында атеросклероздық түйіндердің жиналуы нәтижесінде пайда болады. Аталған түйіндер холестериннен және тығыздығы төмен липопротеиндерден (ТТЛП) — жаман майлардан тұрады.
Атеросклероздық түйіндер жүрек пен миды қанмен қамтамасыз ететін артериялардың қабырғаларында қордалануы мүмкін. Уақыт өте келе олар бұл қан тамырларын тарылтады, нәтижесінде қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Жүрек пен мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылған жағдайда, бұл инфаркт пен инсультке алып келуі мүмкін.
Бұдан өзге, алыс қан тамырларында орналасқан атеросклероздық түйіндер ажырап, ірі тамырлар арқылы бас миының майда тамырларына түсіп, инсульт шақыруы мүмкін.
Дене жаттығуларының атеросклероздың және тиісті асқынулардың даму қаупін айтарлықтай төмендететіндігі ғылыми зерттеулер арқылы дәлелденген. Атап айтқанда, орташа және белсенді аэробты дене жүктемесі тығыздығы жоғары липопротеиндердің (ТЖЛП) — «жақсы майлар» деп аталатындардың түзілуіне көмектеседі. «Жақсы майлар» жаман майларды тамырлардан «шайып» шығарады да оларды кері қарай бауырға айдайды. Осындай жолмен тығыздығы жо-
ғары липопротеиндердің мөлшерін 4,6 пайызға көбейтуге болатындығы белгілі. Егер бір ғана пайызға көбейтудің жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді 3,5 пайызға төмендететіндігін ескерсек, дене жүктемесінің тиімділігі айқын. Жүйелі түрде орындалатын орта дәрежелі дене жаттығуларының барлық жағдайда дене салмағын түсірмесе де, жүрек-қан тамыры ауруларының қаупін азайтып, майлар алмасуын анық жақсартатындығы ғылыми зерттеулерде көрсетілген.
аккум
Дене жаттығулары қан тамырларын басқа жолмен де қорғайды. Тамыр үшін оның созылғыштығы маңызды. Созыл- ғыштык қажеттілікке қарай тарылу және босаңсу қабілетіне негізделеді. Бұл қанның ағзалар мен тіндерге кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Әр түрлі сыртқы факторлар тамыр қабырғаларының зақымдалуына, бұл олардың созылғыштық қасиетінің жоғалуына және атеросклероздық түйіндердің жиналуына алып келеді. Мұндай факторларға жоғары қан қысымы, темекі шегу, сусамыр, атеросклероз және қартаю жатады.
Дене белсенділігінің қан тамырлар созылғыштығын айтарлықтай арттыратындығын ғылыми зерттеулер көрсетті. Және де бұл жастарда да, қарттарда да бірдей. Ғалымдар бұл әсер мынаған байланысты деп санайды: дене белсенділігі кезінде қан тамырларының аратұра жиырылып, босаңсуы оларды қабілетті күйде ұстауға мүмкіндік береді. Тағы бір ықтимал себеп — тұрақты дене белсенділігі тамырлардың ішкі қабырғасын зақымдайтын тығыздығы төмен липоро-
теиндердің («жаман майлар») түзілуін тежейді.
Аэробты дене жаттығулары оттегінің көбірек түсуіне, демек, жүрек бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін тәж артериялардың көлемі мен санын арттыруға көмектеседі. Осындай жолмен жүректі оттегімен қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктері ашылады.
Бұл жағдай тромбылардың (қан қатпаларының) пайда болуы кезінде өте маңызды. Коронарлық тамырлар санының көбеюі арқасында қан ағымы мен жүректің оттегімен қамтамасыз етілуі үшін балама жолдар пайда болады. Бұл сондай-ақ жүрек ырғағының өмірге қауіпті бұзылыстарының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қан тамырларын тарылтумен қатар атеросклероздық түйіндер тромбылардың түзілуіне және қан тамырларының жыртылуына ықпал етуімен кауіпті. Бұл инфарктілер-дің шамамен 70 пайызына түрткі болып табылады.
Осыдан аз уақыт бұрын тромбылар атеросклероздық түйіндердің көлемі үлкейгенде пайда болады деп есептелген. Жаңа ғылыми зерттеулер түйіндердің көлемі шағын болса да олардың қауіпті екендігін көрсетті. Мұндай шағын түйіндер жұқа капсуламен қапталған, бұл капсула тез-ақ жарылып, қан тамыр санылауына май бөлуі мүмкін.
Бұл Т-лимфоциттер, сондай-ак тромбоциттер секілді қан жасушаларын қатыстыра отырып, жергілікті қабыну реакциясын тудырады, сөйтіп тромбылардың пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тромб қан тамырын бітеп, жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуін жартылай тоқтатады. Бүл жүрек ұстамасы және инфаркт түрінде
көрініс береді.
Дене жаттығуларының қан тамырларының ішкі қабырғаларын сау күйінде сақтап, оларда тромбылардың түзілуіне мүмкіндік бермеу бағытында көмектесетіндігін ғылымдар көрсетті. Бұған қоса, дене белсенділігі тромбыларды жоятын арнайы ферменттердің өндірілуіне көмектеседі.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайын бақылау және ауруларды дер кезінде анықтау үшін әр түрлі зертханалық тестілер бар: олар жүрек-қан тамыр сырқаттарының даму қауіптерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларға жалпы холестериннің («жаман» холестеринді), тығыздығы жоғары липопротеидтердің («жақсы» холестеринді), сондай-ақ триглицеридтердің жалпы мөлшерін анықтау тестілері жатады.
• Қалыпты жағдайда холестерин деңгейі бір децилитрге 200 миллиграмнан аспауы тиіс.
• Тығыздығы жоғары липопротеидтердің мөлшері ер адамдарда бір децилитрге 40 миллиграмнан және әйелдерде бір децилитрге 50 миллиграмнан төмен болмауы тиіс.
• Тығыздығы төмен липопротеидтердің мөлшері бір децилитрге 130 миллиграмнан аспауы тиіс.
• Триглицеридтер мөлшері бір децилитрге 150 миллиграмнан аспауы тиіс.
Аталған зерттеулерді 35 жастан асқан соң кемінде бес жылда бір рет жасатып тұру керек. Ауытқулар анықталған жағдайда, жүрек-қан тамыр ауруларын анықтау үшін одан әрі қарай зерттеуге, егер олар анықталмаса, алдын алу шараларын белсенді түрде қолға алуға тура келеді.
Жоғарыда айтылғандай, қан қысымын жүйелі түрде өлшеп тұру маңызды. Бұған қоса, жүйелі түрде (кемінде әрбір 3 жыл сайын) электрокардиография (ЭКГ) жасату керек. Кейде барынша терең зерттеу үшін дене жүктемесі кезіндегі ЭКГ (стресс-тест) және Холтер бақылауын жүргізу қажет болуы мүмкін. Холтер бақылауы кезінде ықшам ЭКГ құралы пациенттің денесіне 24 сағатқа бекітіледі. Бұл әдістер жүрек сырқатының сипатын дәл анықтауға көмектеседі.
ЭКГ және зертханалық тестілер негізінде жүрек-қан тамыр сырқаттары анықталған жагдайда, коронарлықангиография секілді терең зерттеулер қажет болуы мүмкін.
Кейбір дәрігерлер қанды С-реактивті протеинге тексеруді ұсынады. С-реактивті протеин де жүрек ауруларының даму қаупін сипаттай алады. Соңғы уақытта жүректің компьютерлік томографиясын жасату «сәнге» айналды. Бірақ көптеген мамандардың пікірі бойынша, аталған әдістерді қолдану орынсыз, өйткені олар қымбат әрі ақпараттылығы төмен.

№2 - ОБЫР

АҚШ Ұлттык обыр институтының мағлұматтары бойынша, обыр түрлерінің 80 пайызына алып келетін факторлар белгілі. Демек, көпшілік жағдайда обырдың алдын алуға болады. Мысалы, обырдын дамуы 30 пайыз жағдайда темекі шегуге, 35-50 пайыз жағдайда тамақтану салтына байланысты екендігі анықталған. Анығы сол, аталған факторларды бақылап, сол арқылы обырдың алдын алуға әбден болады.
Бір жасушада бұзылыс орын алып, ол бақылаусыз көбейе бергенде обыр дамиды. Осындай жасушалар тобы ісік тінін құрайды, ісік тіні әр түрлі ағзалар мен тіндерге еніп, бүкіл организмге тарауға бейім.
Канцерогендер — обыр ісігін тудырауы мүмкін заттар деген ұғым бар. Олар тағамда, ауада және тіпті организм ішінде болады. Канцерогендердің көбі обыр ісігін тудырғанға дейін организмнің ішінде бейтараптандырылады. Алайда кейде олар жасушалардың генетикалық құрылымына әсер етіп үлгереді, бүл обыр ісігінің дамуына түрткі болуы мүмкін.
Көбіне обырдың дамуын еркін радикалдармен байланыстырады. Олар қалыпты жағдайда біздің организмімізде болады, бірақ көптеген сыртқы факторлар олардың шоғырлануын айтарлықтай ұлғайтып, сол арқылы бұл уытты факторлардың әсерін күшейтеді. Еркін радикалдардың шамадан тыс түзілуі төмендегі факторлардың әсерінен
болуы мүмкін:
• Радиация әсері (рентген сәулелері немесе күн радиациясы).
• Уытты ауыр металдар (қорғасын, кадмий, сынап).
• Экологиялық уыттар (пестицидтер және басқа экологиялық ластағыштар).
• Темекі түтіні.
• Қуырылған тағам.
• Күшті стресс.
куырылган
Организміміздің жасушалары күн сайын 100 мын еркін радикалдың шабуылына ұшырайды деп саналады. Денсаулықты сақтау үшін осы еркін радикалдарға қарсы тұру керек. Антиоксиданттық қорғаныс жүйесі деп аталатын ішкі қарсы тұру механизмдері бар. Бұл жүйе тұрақты түрде «қоректенуі» тиіс. Бұл «қоректі» А, С, және Е дәрумендері, сондай-ақ селен және «супер-нутриенттер» - 0 коферменті және альфа-липоя қышқылы секілді тағамдық антиоксиданттар қамтамасыз етеді.
Обырдың алдын алу және оны ерте нақтамалау арасында үлкен айырмашылық бар. Ерте нақтамалау өте маңызды болғанымен, дәл аурудың алдын алудай маңызды емес. Ерте анықтағанның өзінде обыр көптеген обыр жасушалары пайда болған кезде нақтамаланады, ал бұл жасушалардың одан әрі таралуын тоқтату оңай емес. Десекте, бұл жағдай ерте нақтамалаудың маңыздылығын азайтпайды. Өйткені ерте нақтамалау емделушінің өмірін сақтап қалатын барынша тиімді медициналық араласуларды қолдануға мүмкіндік береді.
Обырды ерте нақтамалаудың дәстүрлі әдістері мыналар:
• Сүт безі обырын ерте нақтамалау үшін маммография жасау. Бұл зерттеуді 40 жасқа дейінгі әйелдерге әрбір 3 жыл сайын, одан кейін жыл сайын жасатып тұру ұсынылады. Соңғы жылдары аталған әдістің тиімділігі күмән тудырып жүр, дегенмен маммографияның салыстырмалы түрдегі қауіпсіздігін ескеріп, жоғарыда аталған ұсыныстарды қадағалаған жөн.
• Жатыр мойны жасушаларын Папаниколау әдісі бойынша зерттеуді жыныстық өмірді бастаған соң әрбір үш жыл сайын, бірақ 21 жастан кеш емес, жасату керек. Бұл — жатыр мойны обырын ерте анықтаудың тиімді әдісі.
• Тоқ және тік ішек обырын нақтамалау үшін нәжісті жасырын қанға тексеру 50 жастан бастап жыл сайын жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ ара-тұра (5 жыл сайын) тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеуден өткізіп тұру керек.
• Тік ішекті зерттеу және Р5А (қуық асты безі-сепецификалық антиген) тестін жүргізу қуықасты безі обырының бастапқы
сатыларын уақытылы анықтау үшін қажет.
«Негізгі аурулардың скринингі (ерте анықталуы)» тарауында обырды ерте анықтауға арналған тестілер туралы бұдан гөрі нақты жазылған.
Соңғы уақытта жоғары шешімді компьютерлік томография — Тоіаі Восіу Sсаn көмегімен толық радиологиялық зерттеу қызығушылық тудырып отыр. Аталған амалдың бір мысалы — Монте Карлода американдық доктор Майкл Макнамараның басшылығымен жүргізілетін LifeСһеск бағдарламасы.
Заманауи технологиялар дәлдікті жетілдіре түсуге, сондай-ақ рентгенологиялық жүктемені төмендетуге және бұндай зерттеулердің бағасын азайтуға мүмкіндік береді.
Тоtal Воdy Sсап аса тартымды болғанымен, көп жағдайда одан әлдеқайда мақсатты зерттеулер жүргізу ұсынылады. Мысалы, темекі шегетіндерге өкпені тұрақты түрде рентген зерттеуінен өткізіп тұру керек. Компьютерлік томография және МРТ секілді зерттеу әдістерінің жоғары шешімді қабілеттерінің арқасында бүгінде «виртуалды», яғни эндоскоп қолданбай, колоноскопия жасау мүмкіндігі бар. Бұл инвазивті емес және мүлде қауіпсіз әдіс. Ол «зондты» колоноскопияның орнын толтыра алады және тоқ ішек обырына отбасылық бейімдігі бар адамдарға ұсынылады.

№3—2-ТИПТІ СУСАМЫР

Сусамыр - бүгінгі өркениеттің ең кең тараған ауруларының бірі. Әлемде одан 100 милионнан астам адам зардап шегеді. Егер ол емделмейтін болса, бүйрек ауруларына, соқырлыққа және аяқ-қолдан айырылуға алып келеді. Бұған қоса, сусамыр инфаркт пен инсульттің маңызды қауіп факторы болып табылады.
Сусамыр организмде инсулиннің - ұйқы безі өндіретін гормонның жеткіліксіздігінен пайда болады. Инсулин организм жасушаларына қандағы глюкозаны қуат көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сусамырмен ауыратын адамдарда инсулин жеткіліксіз өндіріледі, осыдан келіп жасушалар глюкозаны пайдаға асыру қабілетінен айырылады. Нәтижесінде қанда глюкоза шамадан артық мөлшерде жиналады.
Сусамыры бар науқастардың 5-10 пайызында инсулин өндіру қабілеті толығымен жоғалады. Сусамырдың бұндай түрі 1-ші типті сусамыр деп аталады. Аурудың бұл түрі 30 жасқа дейінгі жас адамдарда жиі кездеседі, бірақ одан да
ересек кісілер арасында ұшырасуы мүмкін.
ногти
Сусамырмен ауыратындардың 90-95 пайызында инсулин жеткілікті мөлшерде өндірілуі мүмкін. Бірақ
жасушалар инсулинге тиісті түрде реакция тудырмайды, нәтижесінде глюкозаны қуат көзі ретінде пайдаға асыру қабілетінен айырылады.
Сусамырдың бұл түрі 2-ші типті сусамыр деп аталады. Оны бейнелі түрде «тоқшылық кезіндегі ашаршылық» деп сипаттауга болады: организмде инсулин жеткілікті, бірақ глюкозаның нашар жаратылуы себебінен жасушалар зардап шегеді. 2-типті сусамыры бар науқастарда жасушалардың глюкозаға деген үдемелі сұранысын қамтамасыз ету үшін инсулиннің өндірілуі жоғарылайды. Алайда инсулинге деген артып келе жатқан сұранысты ұйқы безі біртіндеп игере алмай қалады, нәтижесінде қандағы глюкоза мөлшері артады.
Сусамырдың бұл түрі ұзақ уақыт еш белгі бермей жүре беруі мүмкін. Адамдардың көпшілігі өзінде бұл кеселдің бар екенін сезбей өмір сүре береді. Осы себепті 45-тен асқан адамдарға аурудың жасырын түрін анықтау үшін қандағы қант мөлшерін тұрақты түрде (әрбір 3 жыл сайын) тексертіп тұру ұсынылады.
2-типті сусамыр уақытының басым бөлігін отырумен өткізетін және артық салмағы бар адамдар арасында жиірек кездеседі. Демек, оны дене жаттығуларының және емдәмнің көмегімен бақылауға болады. Уақыт өте келе инсулинді егуге қажеттілік туындауы мүмкін.
Дене белсенділігі сусамырдың алдын алудың және бақылаудың өте маңызды факторы болып табылады. Бұл екі жолмен қамтамасыз етіледі. Біріншіден, дене жаттығулары қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді. Екіншіден, дене белсенділігі жасушалардың инсулинге сезімталдығын арттыруға көмектеседі.
Ғылыми зерттеулер дене белсенділігінің дәрежесіне қарай сусамырдың даму қаупінің төмендейтіндігін көрсетті. Бір апта бойы жұмсалған 500 калория сусамырдың даму қаупін 6 пайызға азайтады. Және де дене жүктемелерінің қарқындылыгы қаншалықты жоғары болса, сусамырдың даму қаупі соншалықты төмен. Ең болмағанда аптасына бір рет қарқынды дене жаттығуларымен шұғылданатын адамдарда салбөкселермен салыстырғанда 2-типті сусамырдың
даму қаупі 16 пайызға төмен. Әсіресе, дене жаттығуларының жағымды әсері артық салмағы бар адамдарда айқынырақ білінеді.
Ең тиімдісі - дене жүктемесін емдәммен үйлестіру. Тиімді тамақтану көмегімен 2-типті сусамырдың алдын алуға болатынын ғылыми зерттеулер дәлелдеген. Дене белсенділігін сақтайтын, сонымен қатар нәрлі тамақтанатын адамдар сусамыр қаупін 58 пайызға азайтады. 2-типті сусамырдың алдын алу үшін тамақты жиі, бірақ аз-аздап ішу керек. Күнделікті дәмдегі нан ірі тартылған ұннан даярлануы тиіс, сондай-ақ майларды, әсіресе қаныққан майларды айтарлықтай шектеу керек. Жасұнығы мол таза астық тұқымдастар сусамыр қаупін 36 пайызға азайта алады. Сәбіз, картоп, саумалдық және қырыққабат тұтыну 2-типті сусамырдың даму қаупін 14-27 пайызға төмендетеді.
Аз мөлшерде алкоголь тұтыну (әйелдер үшін бір дозадан және еркектер үшін екі дозадан артық емес) сусамыр қаупін 66 пайызға төмендетеді. Газдалған тәтті сусындар ішу сусамырдың даму қаупін 14 пайызға жоғарылатады.
Кофенің 2-типті сусамырдың даму қаупін азайтатыны назар аударарлық. Әрине, кофені сүтсіз ішкен дұрыс. Алайда сусамыр сырқаты нақтамаланған адамдарда бұл сусын қандағы қант мөлшерін көбейтеді, сондықтан оларға кофе ішуге болмайды.
Сонымен, 2-типті сусамырдың алдын алу үшін төмендегі негізгі ережелерді ұстану керек:
• Егер денеңіз ауыр болса, артық салмақтан арылыңыз.
• Жемістерге, көкөністерге және майы аз өнімдерге бай нәрлі тағам тұтыныңыз.
• Күн тәртібіңізге дене жаттығуларын қосыңыз және осы тәртіпті үнемі сақтаңыз.

№4 - ГРИПП

Грипп ең кеңтараған вирустық инфекция болып табылады. Оның туындау себебі сау адамдардың көпшілігі үшін қауіпті болып көрінбесе де, бұл жұқпа ауыр асқынуларға соқтыруы мүмкін. Аталған асқынулар әсіресе созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін қауіпті.
Гриптің алдын алу үшін жыл сайын, ең дұрысы қазанда немесе қарашада, грипке қарсы егілу керек. Бұл вакцина екпе түрінде қолданылады. Ол көптеген грипп түрлерінен сақтайды. Тіпті ол гриптің алдын ала алмаса да, аурудың ағымын
жеңілдетеді, сондай-ақ асқынулардың даму қаупін азайтады. Грипке қарсы егу жұмыстан қалатын күндерді, респираторлық жұқпа салдарынан дәрігерге бару санын, сондай-ақ пневмония секілді асқынулары бар адамдар санын азайтады.
орамал
Осындай нәтижелерге қарамастан, көпшілік егілуді артық санайды. Кейбіреулер грипп пен вакцина туралы аңыздарға сеніп егілмейді. Бірақ мұндай күмәндануларға сенудің қажеті жоқ. Грипке қарсы вакцина кейбір адамдарға ғана кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ бұл әлсіз ғана әсерлер. Грипке қарсы егілу сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

№5 - ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ СЫРҚАТТАРЫ

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына бронхит және өкпе эмфиземасы жатады. Бұлар ересектер арасында айтарлықтай кең тараған сырқаттар. Олардың алдын алу үшін мына ережелерді сақтаған жөн:
• Егер темекі шегетін болсаңыз, бұл жаман әдеттен тез арада арылыңыз.
карта
• Темекі түтініне толы үй-жайларда көп болмауға тырысыңыз: енжар темекі тартқан адам түтінің жұтудың қаупі темекі тартудың өзінен кем емес.
• Қатты тоңазудан сақтаныңыз .
• Дұрыс тамақтану және дене жаттығуларының көмегімен иммундық жүйені тиісті деңгейде ұстаңыз.
• Күзде тұрақты түрде грипке қарсы егіліңіз.

НЕГІЗГІ АУРУЛАРДЫҢ СКРИНИНГІ (ЕРТЕ АНЫҚТАЛУЫ)

«Ауруды ерте нақтамалау және оның алдын алу» тарауында әр түрлі жастағы адам ауруларының скринингі (ерте анықталуы) және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар берілген. Төменде ересек және қарт адамдардағы ауруларды ерте анықтау жөніндегі негізгі ұсыныстар қорытылған.
Ауру дендеген кезде уыстап дәрі ішуден гөрі аз да болса алдын алу шараларын қолданған артық. Ғалымдар қандай да бір ауруды ерте анықтауға көмектесетін әр түрлі нақтама тестілерін жасады. Ол — скрининг тестілері. Тәсіл түрлері кестеде көрсетілген.
Әр түрлі скрининг тестілерін адамның жасына, отбасылық, тұқым қуалаушылық бейімділігіне, басқа да жағдайларға қарай қолдану керек. Көп жағдайда скрининг тестілері дертті ерте анықтауға және оның әрі қарай дамуын тежеуге мүмкіндік береді.

Ересек және егде тартқан адамдардағы негізгі ауруларды анықтауга арналған профилактикалық тексеру (скрининг)
бойынша ұсыныстар

НАҚТАМАЛАУ ҰСЫНЫСТАР
ТЕСТІЛЕРІ ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНА ГЕКСЕРУ
Артериялык қан
қысымын өлшеу
40 жастан кейін дәрігерге барған сайын және
жылына бір реттен сирек емес.
Қандағы холестерин,
липопротеидтер және
триглицеридтер деңгейі 35-тен аскан ер адамдар үшін - кемінде әрбір
бес жыл сайын. Темекі шегу, сусамыр, жоғары
қан қысымы немесе артық салмақ секілді атеро-
склероздың қауіп факторлары бар ерлер мен
әйелдерге 20 жастан бастап ұсынылады.
Электрокардиограмма 40-тан асқан соң — 1-3 жыл сайын және егер
жүректің коронарлық сырқатының қаупі болса
бұдан да жиі. Сондай-ақ қарқынды дене жүк-
темелерін бастауды жоспарлап жүргендерге ұсынылады.
Аш қарынға қандағы
глюкозаны тексерту
• Адамдар 45 жастан бастап - әрбір үш жыл сайын. Егер артық
салмақ немесе семіздік, сондай-ақ сусамырға отбасылық бейімдік
(ата-анасының бірі, ағасы немесе әпкесі сусамырмен ауыратын
болса) болса, бұдан ерте тестілеуге болады.
• Тестің басқадай түрі бар - А1 гемоглобин. Бұл да сусамырды ерте
анықтау үшін ұсынылуы мүмкін.
Сүйек беріктігіне тест 65-тен асқан әйелдер және 70-тен асқан ерлер үшін - әрбір 3 жыл
сайын
Остеопороз қаупі бар адамдарға да ұсынылады:
• бұрын сүйектің сынуы болған 50-ден асқан ересектер.
• сүйек беріктігіне әсер ететін дәрілер қабылдайтын адамдар,
сондай-ақ остеопороздың даму қаупі бар басқа адамдар.
Кеуде безін әркім өзі
тексеру
Дәрігерлердің көбі әйелдерге күдікті түйіндер мен ісіктерді анықтау
үшін ай сайын кеуде безін өздері тексеріп тұруды ұсынады.
Кеуде безін дәрігердің
тексеруі
40 жастан асқан соң жыл сайын (20-40 жас аралығындағы бұдан
гөрі жас әйелдерге әрбір 3 жыл сайын).
Маммография (кеуде
безін рентгенология-
лық зерттеу)
40—75 жас аралығындағы әйелдерге жыл сайын.
Сүт безі обырының даму қаупі бар (отбасылық бейімдік) кейбір
әйелдер үшін сондай-ақ жыл сайын сүт безіне МРТ зерттеуін
жасау ұсынылады.
Сүт безі МРТ-ы
(магниттік-резонанс-
тык томографиясы)
Егер сүт безі обырының жоғары қаупі (төменде сипатталады)
болса, маммография және МРТ көмегімен сүт безін жыл сайын
тексерту ұсынылады.
Егер:
• бұрын сүт безі обыры анықталған болса немесе микроскоппен
зерттегенде (биопсия кезінде) басқадай (атиптік) жасушалар
табылса;
• маммографияда берішті немесе сирек берішті бөліктер
анықталса;
• генетикалық мутациялар болса (ВКСА гені);
• Бұрын (10—30 жас арасында) кеуде қуысына радиосәулелік ем
жүргізілген болса;
• Ли-Фромениили Коуден синдромы секілді аурулары болса (бұл
сырқат болған жағдайда кеуде безі обырының қаупі жоғары) Нәжістегі жасырын қанды тексеру, колоноскопия
50-ден 75 жасқа дейінгі адамдарға жыл сайын нәжістегі жасырын
қанды тексеру жолымен тік және тоқ ішек обырына скрининг
жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ бес жылда бір рет эндоско-
пиялық зерттеу (сигмоидоскогшя немесе колоноскопия)
ұсынылады.
Кіші жамбас ағзаларын зерттеу және
Папаниколау тесті (Пап-тест • 21 жастан бастап Пап-тест жыл сайын немесе сұйық Пап-тест
екі жылда бір рет жасалады.
• Пап-тест теріс болып шыққан (бұзылыс табылмаған) 30 жастан
асқан әйелдерге зерттеуді әрбір үш жыл сайын жасаған дұрыс.
70 жастан асқан соң жатыр мойны обырына арналған тестіні
доғаруға болады.
• Егер дәрігер жатыр мойны обырының жоғары қаупін анықтаса,
зерттеулерді жиірек жасатқан жөн.
Қуык асты безі — спецификалық антигені
ҚСА-тест
50 жастан кейін ҚСА-антигеніне жыл сайын тестілеу
ұсынылады. Егер отбасылық бейімдік (қуық асты безінің обыры
әкесінде немесе ағасында нақтамаланған болса) бар болса,
оны бұдан гөрі ерте бастауға болады (40 жастан кейін). Қуық асты безін тік ішек арқылы саусақпен сипап тексеру
Бұл зерттеу әдісі туралы пікірлер әрқилы. Кейбір дәрігерлер
оның түк пайдасы жоқ деп санайды. Сонымен қатар бұл
зерттеу тік ішек обырын анықтай алады, сондықтан еркектерді
кешенді зерттеу әдістерінің бірі ретінде ұсыныла алады.
Теріні тексеру Түсінің күдікті өзгеруін немесе басқа ерекшеліктерін анықтау
үшін адам өз терісін жүйелі түрде қарап, тексеріп тұруы тиіс.
Сондай-ақ дәрігерде тексеріп тұруға міндетті. Егер сізде
меланоманың (тері обыры) қаупі жоғары болса, маман сізді
жиірек қарап тұруы тиіс.

ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЛАРЫНА ТЕКСЕРУ
Тироид-ынталандырушы гормонға тест
(ТЫГ-тест)
35 жастан бастап адамдардың барлығы әрбір бес жыл сайын
ТЫГ-ға тексеріліп тұруы шарт.
КӨЗ АУРУЛАРЫНА ТЕКСЕРУ
Көзді толық тексеру 60 жастан асқандарға жыл сайын. Көзінің көргіштігі бұзылған 40
—60 жас аралығындағыларға, сондай-ақ көзінде қандай да бір
ақауы бар 18—39 жас аралығындағы адамдарға әрбір екі
жыл сайын.
Сусамыры бар адамдар көзді жыл сайын тексертіп тұруы керек.
ЕСТУ КІНӘРАТТАРЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ТЕКСЕРУ
Есту жолдарын зерттеу
Жұмысы шуға байланысты адамдар, сондай-ақ 65 жастан
асқандар есту жолдарын үнемі тексертіп тұруы тиіс.

ДЕРБЕС МЕДИЦИНА - БОЛАШАҚТЫҢ МЕДИЦИНАСЫ

Геномика секілді ғылыми бағыттың жетістіктері нақтамалау және емдеудің «мақсатты» әдістерін дайындауға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтаудың жаңаша ұғымы — дербес медицинаның негізіне айналды.
Геномдық тестілеу гендерді зерттеу негізінде адамның ауруларға дербес бейімдігін, қандай бір емделушінің белгілі бір дәріге қандай реакция тудыратының анықтайды және сол арқылы оңтайлы ем әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Дербес медицинаның арқасында қажетсіз емдік араласуларды тоқтатуға, дәрілердің кері әсерлерін төмендетуге, емнің тиімділігін арттыруға, ақыр-соңы емнің нәтижесін жақсартуға болады.
Дербес медицина төрт нәрсеге негіз-
деледі. Ол:
• Дербес — оның негізінде емделушінің жеке-дара генетикалық бейіні жатады;
• Болжанады — аурулардың даму мүмкіндігін және дәріге болуы мүмкін кері реакцияларды болжауға мүмкіндік береді.
• Алдын алады — ол ауруға емес, денсаулыққа басты назар аударады.
• Емделушіге бағытталады — өз денсаулығына қатысты шешімдердің қабылдануына емделушінің өзінің жауап беруіне
көмектеседі.
медсестра
Дербес медицинаны « дұрыс емделушіге — дұрыс уақытта — дұрыс ем» деп белгілеуге болады.
Гендік чиптердің қолданылуы арқасында және сілекейді зерттеу негізінде қандай да бір ауруға деген тектік бейімдікке байланысты генетикалық өзгерістерді, сондай-ақ жекелеген дәрілерге дербес сезгірлік деңгейін анықтауға болады.
Арнайы генетикалық әдістердің көмегімен көптеген ауруларға бейімдікті анықтауға мүмкіндік туады. Бұл 120-дан астам ауру түрлерімен хал-күй белгілерінен хабар береді. Төменде олардың кейбірі ғана келтірілген:
• 2-типті сусамыр.
• Ревматоидты артрит.
• Псориаз.
• Сүт безі обыры.
• Тоқ ішек обыры.
• Қуык асты безі обыры.
• Целиакия.
• Крон сырқаты.
• Гемохроматоз.
• Тромболитикалық пурпура.
• Жасқа байланысты макулярлық көз дегенераииясы.
• Паркинсон сырқаты.
• Варфаринді қабылдай алмаушылық.
• Плавикстің дербес тиімділігі.
Дербес медицина принциптері төмендегі төрт кезеңге саяды:
1. Сау адам белгілі бір сырқаттарға тектік бейімдігін анықтау үшін өз геномын тексертеді және биомаркерлер спектрін бақылайды.
2. Сау адам биомаркерлер өзгерген жағдайда аурулардың туындау қаупін бағалау жөнінде дәрігерден кеңес алады.
3. Аурулардың алдын алу мақсатында дәрі-дәрмектер таңдалады және салауатты өмір салты бойынша нақты ұсыныстар анықталады.
4. Сырқаттың ауырлығы және емнің бағасы төмендейді.
Қазіргі уақытта қандай бір ауруларға бейімдікті анықтауға және оларды алдын алуға мүмкіндік беретін геномды зерттеу әдістері бар.