Жүктелуде...
 

Қасағадағы биттер

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:28 - (2010 Оқылымдар)

Қасағадағы биттер - бұл жыныстық аймаққа еніп, жұмыртқаларын жатқызатын алты аяқты кішкентай тіршілік иелері. Қасағадағы биттер, сондай-ақ қолтықасты аймақта, бастың шашты бетінде және қаста мекен етуі мүмкін.

Себептері мен қауіп факторлары. Қасағадағы биттердің ғылыми атауы - Phthirus pubis. Жұқтыру жасөспірімдер арасында жиі кездеседі және венерологиялық ауру ретінде сипатталады. Жұқтыру қасағадағы биті бар адамдармен жыныстық қатынастар кезінде, көрпелерді және дәретхана орындықтарын қолданған кезде орын алуы мүмкін. Дүкендерде әйелдердің суға түсуге арналған костюмдері киіп өлшеп көру кезінде жұқтыру оқиғалары да бар.

Алопеция

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:26 - (238 Оқылымдар)

Алопеция (бастың тақырлануы) – бұл адамның потологиялық түрде шаш түсуі және адам үшін психологиялық ауыр мәселе болып саналады. Шаш адам баласының өмірлік күш-қуаты символы іспеттес.

Жалпақ теміреткі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:01 - (210 Оқылымдар)

Жалпақ теміреткі - бұл сирек, қайталанатын тері ауруы. Ол қышитын, жылтыр, терідегі қызыл-күлгін дақты аймақ, ауызда ақ-сұр түсті дақты аймақ және аздаған дақты шаш түскен аймақ ретінде көрінеді (атрофиялық тыртықты алопеция).

Жалпақ теміреткінің симптомдары кенеттен және біртіндеп пайда болады. Ең алғаш пайда болған теміреткі бірнеше аптаға немесе айға, ал оның қайталануы бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Эпидермалық жылауық (киста)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:25 - (250 Оқылымдар)

Эпидермалық жылауық немесе майлы жылауық - бұл терінің жоғарғы қабатының астында пайда болатын, ірімшік тәрізді майлы затқа (тері майына) толы қуыс. Бұл жылауықтар жиі бас, құлақ, бет, арқа, ұма терісінде пайда болады. Оның басты себебі, шаш фолликулы өзегінің бітеліп қалуы.

Шашыраңқы склероз

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-16 04:12 - (1400 Оқылымдар)

Шашыраңқы склероз – бұл орталық нерв жүйесінің созылмалы неврологиялық ауруы. Ол бас миына, жұлынды және көру нервтеріне ерекше әсер етеді. Шашыраңқы склероз бұлшықеттердің қозғалысы мен күшінің, көрудің, тепе-теңдіктің, сезімталдықтың және ақыл-ойдың қиыншылықтарын тудырады.

Құлақ құлығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:50 - (269 Оқылымдар)

Құлақ құлығы - бұл құлақ арнасын қорғау үшін бөлінетін табиғаи секреция. Тері мен шаш, органикалық қалдықтар (мысалы: сусабын мен кірлер) құлақтан бөлінетін құлықпен араласып шырышты қоспаға айналады.

Трихотиломания

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:38 - (244 Оқылымдар)

Трихотиломания – деген, жүйке жүйесі бұзылысының бір түрі. Бұл аурумен ауырған адам өз шашын өзі жұла бергісі келді. Кейде шашымен қоса, кірпік пен қастарын да жұлады.

Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:46 - (269 Оқылымдар)

Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы- бұл бастың сыртқы қабатында және шашта пайда болатын саңырауқұлақ инфекциясы. Бұл ауру ағылшынша нұсқасында ringworms деп келеді, соның ішінде worms – құрт деп аударылады. Дерматомикоз пайда болған кезде кішкентай көпіршік құйылған бөртпелер құрттың пішініне ұқсап қалады. Бұл атау сол үшін берілген.

Тағамда ақуыздың жетіспеушілігінен шаштың түсуі.

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:04 - (247 Оқылымдар)

Адам ағзасына шаштың ешқандай физиологиялық маңызды әсері жоқ. Алайда, көп жүйелі аурулар шаштың өсуіне кері әсер етеді, кейде шаштың түсуіне де себеп болады. Жіті ақуыз жетіспеушілігінен де шаштың өсуі нашарлап, кейін тіпті оның мүлдем жоқ болуына әкеледі. Ақуыздың жетіспеушілігі шаштың диффузиялық түсуіне – алопецияға әкеледі. Сондай-ақ, шаштың түсуіне, қатерлі ісікті емдеу кезінде химиотерапияда кеңінен қолданылатын цитотоксикалық дәрілердің әсері де болуы мүмкін.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2

Тілді таңдау