Жүктелуде...
 

Құяң (ишиас)

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:53 - (3594 Оқылымдар)

Құяң – әлсіздік, ұю сезімі және аяқтың терлеуімен сипатталатын жайсыз жағдай түрі. Бұл жағдай жарақат немесе құйымшақ нервінің талаурап ісінуіне байланысты орын алады. Құяң өздігінен ауру болып саналмайды, бұл тек ғана қандай да бір басқа аурулардың симптомы.

Екіншілік паркинсонизм

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 10:01 - (208 Оқылымдар)

Екіншілік паркинсонизм Паркинсон ауруына ұқсас, бірақ ол кейбір дәрі-дәрмектер, нерв жүйесінің бұзылыстары және басқа да аурулармен шақырылады.
«Паркинсонизм» термині Паркинсон ауруына тән қимыл қозғалыстың өзгерісі бар барлық ауруларға қолданылады.

Диабеттік нейропатия

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 05:43 - (270 Оқылымдар)

Диабеттік нейропатия – бұл қант диабетімен ауыратын адамдарда пайда болатын нервтің зақымдануы. Аталмыш жағдай қант диабетінің асқынуы болып табылады.

Құтыру (қояншық ауруы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 12:21 - (285 Оқылымдар)

Құтыру - вирустық ауру, бұл ауру құтырған жануар тістеп алған кезде пайда болады. Аурудың сипаты: нерв жүйесіне қатты зақым келтіреді және көп жағдайда соңы өліммен аяқталады. Құтырма вирусы (Neuroryctes rabid) Lyssavirus миксовирусстар тобындағы Rhabdoviridae тұқымдастарына жатады.

Вибрациялық ауру (діріл ауруы)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:15 - (282 Оқылымдар)

Бұл не? Вибрациялық ауру – бұл дененің кейбір бөліктері, әдетте бақайлар мен саусақтардың суыққа деген үлкен реакцияға ие болуы немесе эмоциялық күйзеліс (стресс) жағдайы.

Бұл ауру кімдерде пайда болады? Ауру әдетте құрылысшыларда, машинисттерде,тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни тұрақты дірілдейтін құралдармен жұмыс жасайтын жұмысшыларда пайда болады.Осындай құралдар бұлшықеттің, байламдардың, сүйек және буындардың өзгерістеріне алып келіп, сол жердегі нерв жүйесін зақымдайды.Зақымдалған аймақтардың қан тамырлары қысылып, қандануы бұзылады.Кейбір адамдарда вибрациялық ауру жарақат нәтижесінде, түрлі аурулар салдарынан (склеродермия,ревматоидты артрит) немесе қан айналымды зақымдайтын дәрілерді (мысалы:никотин, кофеин,құрамында эфедрин бар препараттар) қабылдау әсерінен болады.

Мидың қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:11 - (9138 Оқылымдар)

Ми – бұл жұмсақ, кеуекті тін массасы. Ол бас сүйекпен және ми қабықшасы деп аталатын жұқа мембраналармен қапталған. Ми-жұлын сұйықтығы деп аталатын сулы сұйықтық мидың айналасын қоршап тұрады. Ми-жұлын сұйықтығы ми қабы мен қарынша деп аталатын ми қуысындағы бос жерлерде тұрады.

Нерв жасушаларының байланыстары арқылы ақпараттар мидан басқа мүшеге беріледі, және кері қайтады. Кейбір нервтер мидан тікелей көзге, құлаққа және өзге де бас мүшелеріне барады. Басқа нервтер жұлын арқылы ми мен дененің басқа бөліктерін жалғастырады. Бас ми мен жұлынның ішінде глиальді жасуша болады, ол жүйке жасушаларын қоршап тұрады, және олардың өз орнында мықты тұруына ықпал етеді.

Ми біздің саналы әрекеттерімізді басқарады (жүруімізді, сөйлеуімізді), сондай-ақ денеміздің қызметін, ойлануды қажет етпейтін жерлерімізге де (тыныс алу секілді) қатысы бар. Ми, сонымен қатар, біздің мүшелеріміздің сезімдерін де басқарады (көру, есту, түйсіну, дәм сезу және иіс сезу) есте сақтау, көңіл-күй, мінезіміздегі ерекшеліктерге дейін бәрі-бәрі мидың құзырында.

Сал ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:23 - (158 Оқылымдар)

Сал ауруы – нерв қызметі мен бұлшықет күшінің жоғалуының нәтижесінде пайда болатын қимыл-қозғалыс қабілетінің болмауы. Бұлшықет нерві жарақат немесе ауру әсерінен мида немесе дененің басқа бөлігінде зақымдалған жағдайда, аталмыш нервтер немесе жасушалармен бақыланатын мидың бөлігі қызметін тоқтатады.

Перифериялық нейропатия

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:06 - (1479 Оқылымдар)

Перифериялық нейропатия – мидың қимыл қозғалысты бақылайтын, бұлшықет қызметіне жауап беретін қозғалыс нервтеріне, сондай-ақ вибрацияға, температураға, сезімталдыққа, ауырсынуға жауап беретін сезімтал нерв қызметтерінің жалпы жоғалуымен сипатталады. Перифериялық нейропатия негізінде табанды, ақяқ-қолды зақымдайды.

Бет нервісінің шеткі салдануы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:05 - (198 Оқылымдар)

Беттің бір жағындағы бұлшықеттің әлсіздігі немесе салдануы - бұл дәм сезуге, жас түзілу және сілекей түзілуге әсер ететін беттің бір жағының салбырауына әкеп соқтырады.

Шашыраңқы склероз

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-16 04:12 - (1393 Оқылымдар)

Шашыраңқы склероз – бұл орталық нерв жүйесінің созылмалы неврологиялық ауруы. Ол бас миына, жұлынды және көру нервтеріне ерекше әсер етеді. Шашыраңқы склероз бұлшықеттердің қозғалысы мен күшінің, көрудің, тепе-теңдіктің, сезімталдықтың және ақыл-ойдың қиыншылықтарын тудырады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3

Тілді таңдау