Вагинит
Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (255 Оқылымдар) -Вагинит (кольпит) - бұл қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қоздырғыштары әр түрлі бактериялар болып табылады. Оның алғашқы белгілері әйелдің жыныс мүшелері аймағында ашыту сезімі болады. Қатысты факторларға аналық бездің гипофункциясы, жеке гигиена ережелерін сақтамау жатады.
Вагиниттің жедел, жеделдеу және созылмалы түрде болады..Жедел қабыну кезінде науқас қынаптағы ауырлық сезіміне, сыртқы жыныс аймағының ашуына, қышуына және сол аймақтан серозды-іріңді бөлінділер бөлінгендігіне шағымданады. Кез келген бөліндіні көрген сәтте, қатты қорықпаған абзал, өйткені бұл қарапайым вагинит болуы мүмкін. Дәрігер гинекологқа қаралу қажет. Аурудың пайда болуы алғашында сыртқы жыныс аймағында ақ түсті бөлінділердің бөлінуімен көрінеді. Бөлінділер су тәрізді немесе іріңді болады және зәр шығару кезінде қышу, ашу сезімі сезіледі. Әйел адам әрдайым жыныс мүшелері аймағында ауырлық пен жағымсыз сезінулер болады. Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну болады. Бұл жағымсыз әсерлерге қарамастан қарапайым вагинит әйел ағзасында қатты өзгерістер тудырмайды. Алайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. өткені бұл аурудың симптомдары кандидоз,хламидиоз,трихоманиаз сияқты аурулармен сәйкес келеді.