Асқазанның қатерлі ісігі
Жарияланды 2018-11-26 10:03 - (18020 Оқылымдар) -Асқазан ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ол қабырға аралығы, іштің жоғарғы бөлігіне орналасқан толық бір мүше болып табылады.
Асқазанның қабырғасы 5 қабаттан тұрады:
• Ішкі қабат (шырышты): Бұл қабатта ас қорытатын сөлді өндіретін ас қорыту бездері орналасқан. Асқазанның көптеген қатерлі ісігінің түрлері осы қабаттан басталады.
• Шырышасты қабаты: оның негіз қызметі асқазанның шырышты қабатына анатомиялық демеу беру болып табылады.
• Бұлшықеттік қабат: бұл асқазан бұлшық еттері, олар тарылады, ішілген тамақты қорыту үшін асқазанның толқи жиырылуын тудырады.
• Сірліасты қабаты: Сыртқы қабатқа анатомиялық демеу беретін негізгі функцияны атқарады.
• Сыртқы (сірлі) қабық: Сыртқы қабық асқазанды жауып тұрады және оның құрсақ қуысында фиксациялық орналасуына жағдай жасайды.
Тамақ (ас) өңеш арқылы өтіп, асқазанда шайқалады. Асқазан сұйықтық консистенциясын шығарғанда тамақ дымқылданады және уатылады. Содан кейін асқазанда жиналғандар ары қарай қорытылу процессін жалғастыру үшін аш ішекке түседі.