Жүктелуде...
 

Асқазанның қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:03 - (18030 Оқылымдар)

Асқазан ас қорыту жүйесінің бөлігі. Ол қабырға аралығы, іштің жоғарғы бөлігіне орналасқан толық бір мүше болып табылады.

Асқазанның қабырғасы 5 қабаттан тұрады:

• Ішкі қабат (шырышты): Бұл қабатта ас қорытатын сөлді өндіретін ас қорыту бездері орналасқан. Асқазанның көптеген қатерлі ісігінің түрлері осы қабаттан басталады.
• Шырышасты қабаты: оның негіз қызметі асқазанның шырышты қабатына анатомиялық демеу беру болып табылады.
• Бұлшықеттік қабат: бұл асқазан бұлшық еттері, олар тарылады, ішілген тамақты қорыту үшін асқазанның толқи жиырылуын тудырады.
• Сірліасты қабаты: Сыртқы қабатқа анатомиялық демеу беретін негізгі функцияны атқарады.
• Сыртқы (сірлі) қабық: Сыртқы қабық асқазанды жауып тұрады және оның құрсақ қуысында фиксациялық орналасуына жағдай жасайды.

Тамақ (ас) өңеш арқылы өтіп, асқазанда шайқалады. Асқазан сұйықтық консистенциясын шығарғанда тамақ дымқылданады және уатылады. Содан кейін асқазанда жиналғандар ары қарай қорытылу процессін жалғастыру үшін аш ішекке түседі.

Тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі (колоректальді обыр)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 08:07 - (1135 Оқылымдар)

Көлденең жиек ішек және тік ішек – ас қорыту жүйесінің бөліктері болып табылады. Олар бұлшық етті ұзын түтікшені құрады, оны – тоқ ішек деп атайды. Көлденең жиек ішек – бұл тоқ ішектің 122-153 см ұзындықтағы бөлігін қамтиды, ал қалған бірнеше бөлігі тік ішектікі.

Аш ішекте жартылай қорытылған тамақ тоқ ішектің жоғарлаған бөлігіне түседі. Тоқ ішекте су мен тамақтық өнімдері сіңіріліп, қалған қалдық нәжіс тұзуге қатысады. Қалдық өнімдер тоқ ішектің қалған бөлігі арқылы тік ішекке барып, артқы анал тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ас қорыту жолдарының инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:34 - (216 Оқылымдар)

Гастроэнтерит – бұл вирустардың, бактериялардың немесе паразиттердің салдарынан ішектің сілемей қабатының қабынуы. Вирусты гастроэнтерит көптеген елдерде аталған аурулардың ішінде екінші орында. Жиі себебі - норовирустық инфекция. Ауру вируспен ластанған тамақ немесе су арқылы, сондай-ақ, жұқпаланған адаммен қатынаста таралады. Ең жақсы алдын алу – қолды жиі жуу.

Ішек инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 04:34 - (239 Оқылымдар)

Бактериялық гастроэнтерит – бактериялардан туындаған асқазан мен ұлтабардың қабынуы.

Жіңішке ішек ас қорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі – ұзындығы 6 метрге дейін жетеді! Ол асқазанды жуан (тоқ) ішекпен жалғастырады, көптеген қатпарлары бар (іш қуысында орналасуы үшін). Тұтынатын тағамның көпшілік бөлігі жіңішке ішекте қорытылады. Ол үш бөліктен тұрады: ұлтабар, мықынішек, аш ішек.

Дивертикулит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 09:43 - (254 Оқылымдар)

Дивертикулит – бұл тоқ ішектің сілемей қабатын зақымдайтын ауру. Ауру ішектің қабырғасында шағын қалта тәрізді томпайған тұстар - дивертикулдардың қалыптасуымен сипатталады, олар ас қорыту жолдарының кез келген бөлімінде пайда болуы мүмкін, бірақ, тоқ ішектің соңғы бөлігінде (тік ішекте) жиі кездеседі.

Диспепсия (ас қорытудың бұзылысы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-18 05:50 - (302 Оқылымдар)

Диспепсия немесе ас қорытудың бұзылысы – бұл іштің жоғарғы бөлігіндегі жеңіл жайсыздық, тамақ ішу кезінде немесе ішкеннен кейін пайда болады, келесі түрде сезілуі мүмкін:

Кіндік пен төссүйегінің арасындағы қызу, күйдіру немесе ауырсыну сезімі
Тамақ ішкен кезде немесе ішкеннен кейін бірден пайда болатын жағымсыз, іштің толып кету сезімі

Іштің кебуі және жүpек айнуы - жиі кездеспейтін симптомдары.

Диспепсия – қыжылдың симптомына жатпайды.

Тілді таңдау