Целлюлит
Жарияланды 2018-10-11 07:11 - (223 Оқылымдар) -Целлюлит –генетикалық түрде тек әйелдің денесіне тән созылмалы патология болып табылады. Целлюлиттің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін: генетикалық, эндокриндік, энзимдік , психосоматикалық, токсикалық және ең маңыздысы тамырлық. Бұрын бұл ауруды – липодистрофия, пассивті май (жойылмайтын майдың күрделі түзілісі) деп атаған. Бірақ, «целлюлит» деген термині бекітіліп, денсаулық пен сұлулық сөздіктерінде ерекше орынға ие болды. Еуропа мен АҚШ-та целлюлит мәселесі 1957 жылдан бері маңызды орын алып келеді. Және содан бері қарай, белгілі бір емдеу нәтижелеріне де қол жеткізді.