Бедеулікті емдеудегі заманауи көмекші репродуктивті технологиялар
Жарияланды 2019-07-04 10:06 - (283 Оқылымдар) -Бедеулі неке дегеніміз — репродуктивті жастағы ерлі-зайыптылар 1 жыл ішінде ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды (контрацептивтерді) қолданбаған кезде жүктіліктің болмауын айтамыз.
Қазіргі таңда әйел және еркек бедеулігі теңесті деуге болады. Бала табуға қабілетсіздік отбасы үшін ауыр психологиялық қайғы болса, жалпы қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік салдары бар күрделі мәселе болып табылады.