Эндометрит
Жарияланды 2018-07-19 04:56 - (580 Оқылымдар) -Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының қабынуы. Бұл аурудың эндометриоздан айырмашылығы бар.
Эндометриттің себептері - инфекциялар, мысалы, хламидиоз, гонорея, туберкулез, немесе қалыпты жағдайда іншекте кездесетін бактериялардың бірнеше түрінің бірігуінде туындауы мүмкін. Көпшілік жағдайда эндометрит өздігінше болатын түсікте, ұзақ босануда немесе кесарь тілігінен кейін пайда болады.
Эндометриттің даму қаупі жатыр қуысын зерттеу бойынша диагностикалық шараларды өткізуден кейін артады. Мысалы, дилатация және кюретаж (жатыр мойнын кеңейту және жатырдың сілемей қабатын тазарту), гистероскопия және жатыр ішілік құралдарды орнату (ВМУ).
Эндометрит басқа гинекологиялық инфекциялармен қатар пайда болуы мүмкін, мысалы, жіті сальпингит, жіті цервицит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИППП).