Жүктелуде...
 

Реактивтік артрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:00 - (415 Оқылымдар)

Реактивтік артрит – бұл буындарды, несеп шығару каналын және көзді зақымдайтын ауру. Зақымданған бөліктер ісініп, қабынады. Көбінесе, реактивтік артрит инфекцияға жауап ретінде пайда болады.

Пародонттық абсцесс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:21 - (137 Оқылымдар)

Пародонттық абсцесс – тіс пен қызыл иектің арасындағы кеңістікте ірің толған қуыс (қалта тәрізді ошақ), бактериалдық инфекцияның түсуінен қызыл иектің іріңді қабынуының нәтижесінде түзіледі.

Пародонттық абсцесс алдымен нақты бір тістің астында орналасады, ісініп, қызарған, домалақ пішінді түзіліс түрінде болады. Тіске тигенде пародонттық абсцесс күшті ауырсыну береді. Пародонттық абсцесс асқынғанда үлкен өлшемге жетіп, бет пішінін өзгертуі мүмкін.

Паратұмау (Парагрипп)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-31 06:20 - (308 Оқылымдар)

Парагрипп вирусы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тобына жатады.

Парагрипп вирусының төрт түрі бар, олардың бәрі жоғарғы, төмен тыныс алу жолдарының инфекциясын (пневмония) туындатуы мүмкін. Вирус қыспақты қабынуды, бронхиолитті, бронхитті туындатуы мүмкін.

Парагриппке жыл сайын шалдығатын адамдардың нақты саны белгісіз, жоғары екендігі белгілі. Кейде вирус мұрынның бітуімен немесе басқа симптомдармен көрініс береді, олар парагрипп емес, суық тию секілді анықталады.

Өкпенің қабынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 16:46 - (347 Оқылымдар)

Пневмония немесе өкпенің қабынуы – өкпенің инфекциялық ауруы.

Пневмония кезіндегі өлім-жітім 1-9% жетеді (100 адамнан пневмониядан 1-9 адамға дейін өлім-жітімге ұшырайды). Мұндай жоғары пайыз негізінен, медициналық көмекті уақытылы алмауына байланысты, сондай-ақ, басқа ауыр аурулар кезінде пневмонияның дамуымен байланысты.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:58 - (130 Оқылымдар)

Несеп шығару жолдарының жүйесі – организмнен алмасу заттектері және артық сұйықтық шығарылатын жүйе. Несеп шығару жүйесіне жататындар: бүйректер, несепағарлар, несепқап және үрпі. Несеп шығару жолдарының инфекциясы (НШЖИ), мысалы, цистит және уретрит, организмнің инфекцияларының ішінде кездесу жиілігі бойынша екінші орында.

Мононуклеоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:50 - (337 Оқылымдар)

Мононуклеоз - вирустық инфекция, қызба, баспа (ангина) пайда болуымен, лимфалық түйіндердің ұлғаюымен, әсіресе, мойын аумағындағы, сипатталатын ауру.

Мерез

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:36 - (143 Оқылымдар)

Мерез - бактериалдық инфекция, көбінесе, жыныстық қатынас арқылы тарайды.
Мерез - инфекциялық ауру, жыныстық жол арқылы, Treponema pallidum спирохеті арқылы туындайды. Бұл бактериямен жұқпалану тері немесе сілемей қабығы арқылы өтеді, әдетте, жыныстық мүшелер аумағында. Мерез жыныстық жол арқылы жиі беріледі, бірақ, басқа берілу жолдары да бар.

Мастоидит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 12:34 - (438 Оқылымдар)

Мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы.

Тілді таңдау