Жүктелуде...
 

Эпидемиялық паротит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:44 - (449 Оқылымдар)

Эпидемиялық паротит (борықтану деп те аталады) - вирустық ауру, құлақ маңайындағы сілемей безінің қабынуын және ұлғаюын туындатады. Құлақ маңайындағы сілемей безі құлақ пен иектің арасында орналасады. Бұл бездер тамақты шайнауға және жұтуға көмектесетін сілемейді өндіреді. Аурудың ауыр өтуінде дертті үрдіске басқа ағзалар да қамтылады.

Энтропион (қабақтың өзгеруі)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:34 - (171 Оқылымдар)

Энтропион немесе қабақтың өзгеруі – қабақтың бөлігінің немесе барлық шетінің ішіне қайырылуы, осыдан мөлдірқабыққа кірпіктер тиіп тұрады. Мөлдірқабық – бұл көз ұясының алдыңғы дөңестеу мөлдір бөлігі.

Энтеробиоз (ішекқұртымен жұқпалану)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 05:22 - (412 Оқылымдар)

Энтеробиоз – ішекқұрттардан туындаған адамның паразиттік ауруы.

Адам ішекқұртты олардың жетілген жұмыртқасы тағаммен аузына немесе шаңмен ішіне түскенде жұқтырады. Энтеробиозға ұшыраған адам саусағы ластанғанда өзіне-өзі жұқтырады (науқастар айналшықтың маңындағы теріні қасиды, себебі күшті қышу мазайлайды).

Науқастың терісінде ішекқұрттық аналығы салған жұмыртқалар 4-6 сағаттан кейін жетіледі де адам жұқпалы болады. жұмыртқалар төсекке және науқастың іш киіміне, үйдегі және жұмыс орнындағы заттарға түседі.

Эндометрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 04:56 - (580 Оқылымдар)

Эндометрит – жатырдың сілемей қабатының қабынуы. Бұл аурудың эндометриоздан айырмашылығы бар.

Эндометриттің себептері - инфекциялар, мысалы, хламидиоз, гонорея, туберкулез, немесе қалыпты жағдайда іншекте кездесетін бактериялардың бірнеше түрінің бірігуінде туындауы мүмкін. Көпшілік жағдайда эндометрит өздігінше болатын түсікте, ұзақ босануда немесе кесарь тілігінен кейін пайда болады.

Эндометриттің даму қаупі жатыр қуысын зерттеу бойынша диагностикалық шараларды өткізуден кейін артады. Мысалы, дилатация және кюретаж (жатыр мойнын кеңейту және жатырдың сілемей қабатын тазарту), гистероскопия және жатыр ішілік құралдарды орнату (ВМУ).

Эндометрит басқа гинекологиялық инфекциялармен қатар пайда болуы мүмкін, мысалы, жіті сальпингит, жіті цервицит және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ИППП).

Эндометриоз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-19 04:50 - (627 Оқылымдар)

“Эндометриоз” терминімен жатырдың сілемей қабатының ауруы аталады. Жатырдың сілемей қабаты эндометрий немесе эндометроидтық тін аталады. Қалыпты жағдайда етеккір кезінде эндометрийдің ажырауы өтеді.

Эктодермалдық сегізkөз-құйымшақтық синус

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-18 10:08 - (289 Оқылымдар)

Эктодермалдық сегізkөз-құйымшақтық синус (құйымшақтық эпителийлік жол, пилонидалдық синус) – бұл сегізkөз аумағындағы майлы талшықта тері астындағы тар түтік түрінде көрінетін және бөксе арасындағы ортаңғы сызық бойынша бір немесе бірнеше саңылаумен ашылатын ауру.

Синустың ұзындығы: 2 - 10 см болуы мүмкін, тері астындағы талшықта аяқталады және құйымшақпен тікелей байланысты емес. Құйымшақтық эпителийлік жолдың ішкі бетінде түктер, тер және май бездері болады.

Дивертикулит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 09:43 - (253 Оқылымдар)

Дивертикулит – бұл тоқ ішектің сілемей қабатын зақымдайтын ауру. Ауру ішектің қабырғасында шағын қалта тәрізді томпайған тұстар - дивертикулдардың қалыптасуымен сипатталады, олар ас қорыту жолдарының кез келген бөлімінде пайда болуы мүмкін, бірақ, тоқ ішектің соңғы бөлігінде (тік ішекте) жиі кездеседі.

Диспепсия (ас қорытудың бұзылысы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-18 05:50 - (290 Оқылымдар)

Диспепсия немесе ас қорытудың бұзылысы – бұл іштің жоғарғы бөлігіндегі жеңіл жайсыздық, тамақ ішу кезінде немесе ішкеннен кейін пайда болады, келесі түрде сезілуі мүмкін:

Кіндік пен төссүйегінің арасындағы қызу, күйдіру немесе ауырсыну сезімі
Тамақ ішкен кезде немесе ішкеннен кейін бірден пайда болатын жағымсыз, іштің толып кету сезімі

Іштің кебуі және жүpек айнуы - жиі кездеспейтін симптомдары.

Диспепсия – қыжылдың симптомына жатпайды.

Дисморфофобия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 05:39 - (394 Оқылымдар)

Дисморфофобия – созылмалы психикалық ауру, бұл кезде науқас өзінің сыртқы пішіні туралы көп ойлайды, ал олқылықтары маңызды емес немесе ойдан шығарылған болады, соған қарамастан науқасқа пішіні ұсқынсыз көрінеді, біреулердің өзін байқағанын қаламайды.

Науқаста дисморфофобия болса, ол өзінің сыртқы пішіні мен дене сымбатының бейнесіне шамадан тыс, күніне көп сағаттан көңіл қойып, осы туралы мазаланады. Болжамды олқылығы науқасқа қайғыру әкеледі, осы мезі қылатын ойы күнделікті өміріне әсер етеді. Науқас көптеген косметикалық шаралаға жүгінеді немесе шамадан тыс жаттығады, болжамды олқылығын «түзетуге» тырысады, бірақ, ешқашан нәтижесімен қанағаттанбайды. Дене дисморфофобиясы кемтар болып көріну үрейі секілді де белгілі.

Дисморфофобияны емдеуге когнитивтік-мінез-құлықтық емдеу кіруі мүмкін.

Диабеттік ретинопатия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-18 05:31 - (253 Оқылымдар)

Диабеттік ретинопатия – 1 және 2 типті қант диабетінде көздің торқабығының дерттік өзгерістерінің бірі, ол, көбінесе, ауру басталғаннан кейін 5-10 жыл өткенде пайда болады.

Көз – сфера тәрізді көру ағзасы. Ол сұйықтыққа толы. Көз ұясы қабаттардан тұрады, олар көздің ішкі өзегін – әйнек тәрізді денені, көз бұршағын, сулы ылғалын қоршайды. Көз ұясының өзегін үш қабат қоршайды: сыртқы, ортаңғы және ішкі. Сыртқы – өте тығыз фиброздық қабық. Ол алдыңғы мөлдір қабықтан және артқы мөлдір емес бөлік - аққабықтан тұрады. Ортаңғы – көз ұясының тамырлы қабығы. Ол қантамырларына, пигменттерге бай және нұрқабықпен , кірпік денесімен және тамырлы қабықшаның өзінен тұрады. Ішкі торқабық – көру анализаторының рецепторлық бөлігі, бұл жерде жарықты қабылдау өтеді.

Адам қант диабетімен көп ауырған сайын диабеттік ретинопатияның пайда болу ықтималдығы жоғары. Науқастардың 40-45 пайызға жуығы диабеттік ретинопатияның қандай да бір сатысынан зардап шегеді.

Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия диабетке шалдыққан әйелдерде күрделі мәселелер туындатуы мүмкін. Диабеттік ретинопатиямен қатар қант диабеті катаракта, глаукома секілді ауруларды туындатуы мүмкін.

Тілді таңдау