Жүктелуде...
 

Нервтің тартылуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:50 - (146 Оқылымдар)

Нервтің тартылуы – бұл бұлшық еттің біреуінің немесе тобының күрт қайталанатын және еріксіз жиырылуы. Нервтің тартылуы көбінесе, қабақтың, жақтың немесе ауыздың шетінің тартылуымен немесе жыбырлауымен, көздің жыпылықтауымен, бет бұлшық етінің жиырылуымен көрініс береді. Кейбір жағдайда мұндай тартылулар таңдайдың дыбысымен, жөтеліңкіреумен, дыбыстарды немесе сөздерді айтумен (вокалды) қосарланады.

Нефротикалық синдром

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:41 - (196 Оқылымдар)

Нефротикалық синдром — күнделікті несеппен ақуыздың көп мөлшерінің жоғалтылуымен, бүйрек шумақшаларының қызметінің бұзылуы салдарынан организмде үшглицеридтер және холестерин деңгейінің жоғары болуымен сипатталатын жағдай.

Мойынның қисаюы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:09 - (270 Оқылымдар)

Мойынның қисаюы – мойынның жұмсақ тіндерінің, қаңқасының және нервтерінің өзгерісінен туындаған ауру, ол бастың еңкеюімен және қарсы жағына бұрылуымен көрініс береді.

Қисық мойын- дистонияның түрі (бұлшық еттің ұзақ уақыт бойы жиырылуы), бұл кезде мойынның бұлшық еті, әсіресе, басты иетін бұлшық ет, еріксіз жиырылады, осыдан бастың бір жағына қарай бұрылуы орын алады. Мойынның қисаюы белгісіз себепті пайда болуы мүмкін, тұқым қуалау салдарынан немесе бұлшық ет жүйесінің зақымдануы нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін.

Мойын артриті (спондиллез)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:59 - (169 Оқылымдар)

Мойын спондилезі - мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Бұл көбінесе, мойындағы созылмалы ауырсынудың себебі болады.
Омыртқа бірнеше бөлімнен тұрады. Мойын омыртқалары мойынды құрайды. Кеуде омыртқалары кеуде бөлімін құрайды, оларға қабырғалар бекітілген. Бел омыртқалары соңғы кеуде омыртқасы мен сегізкөздің жоғарғы бөлігінің арасында орналасқан. Сегізкөздік омыртқалар жамбастың жамбас сүйегіне бекітілген, құйымшақ – соңғы омыртқа немесе рудиментарлық (организмнің эволюциялық дамуы үрдісінде негізгі мәнін жоғалтқан) құйрық.

Мононуклеоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:50 - (337 Оқылымдар)

Мононуклеоз - вирустық инфекция, қызба, баспа (ангина) пайда болуымен, лимфалық түйіндердің ұлғаюымен, әсіресе, мойын аумағындағы, сипатталатын ауру.

Мерез

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:36 - (143 Оқылымдар)

Мерез - бактериалдық инфекция, көбінесе, жыныстық қатынас арқылы тарайды.
Мерез - инфекциялық ауру, жыныстық жол арқылы, Treponema pallidum спирохеті арқылы туындайды. Бұл бактериямен жұқпалану тері немесе сілемей қабығы арқылы өтеді, әдетте, жыныстық мүшелер аумағында. Мерез жыныстық жол арқылы жиі беріледі, бірақ, басқа берілу жолдары да бар.

Менопауза (етеккір тоқтау шағы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:04 - (177 Оқылымдар)

Менопауза – әйелдерде етеккірдің толығымен тоқтауы. Ол аналық бездің қызметінің өшуінде және әйелдердің жыныстық гормондары - эстроген мен прогестеронның өндірілуінің азаюында пайда болады. Бұлар етеккір айналымын реттейтін гормондар. Менопауза орнауының уақыты әр түрлі, қалыпты жағдайда 40-59 жаста болды. Менопауза – бірнеше жылға созылатын, біртіндеп өтетін үрдіс.

Пременопауза – менопаузаға дейін 3-5 жыл уақыт кезеңін сипаттайтын термин.

Меньер ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 12:42 - (169 Оқылымдар)

Меньер ауруы – ішкі құлақтың ауруы, қуыстағы сұйықтық мөлшерінің ұлғаюына апарады және тепе-теңдік сезіміне және естуге әсер етеді.

Мастоидит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 12:34 - (437 Оқылымдар)

Мастоидит – бассүйектің құлақтың артында орналасқан емізік тәрізді өсіндісі - ауаға толтырылған сүйек қуыстарының инфекциялық зақымдануы.

Тілді таңдау