Жүктелуде...
 

Зеңдік инфекциялар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:51 - (144 Оқылымдар)

Микоздың немесе ашытқылық инфекцияның қоздырғышы – зеңдер. Зеңдер – қарапайым микроорганизмдер. Оның мысалдары – зеңдер мен көгеру зеңдері. Зеңдер ауада, топырақта, өсімдіктерде және суда тіршілік етеді. Кейбіреуі адам организмінде болады. Зеңдердің жартысына жуығы зиянды.

Вульвовагинит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:44 - (279 Оқылымдар)

Несеп шығару жолдарының инфекциялары
Вульвовагинит – вульваның және қынаптың қабынуы немесе инфекциясы.
Вульвовагинит әр жастағы әйелдерде пайда болуы мүмкін, ауру аса жиі кездеседі. Ол бактериялардың, ашытқылардың, вирустардың, парахиттер мен басқа микроорганизмдердің салдарынан туындайды. Кейбір жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) да вульвовагинитке апаруы мүмкін. Қоршаған ортаның факторлары, мысалы, нашар жеке гигиена және аллергендер де осы аурудың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Тұмау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:26 - (921 Оқылымдар)

Тұмау (инфлюэнца) – жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық ауруы, кенеттен пайда болады, ысыну, дененің аурысынуы, бас ауыруы, тез шаршау, тәбетті жоғалту, құрғақ жөтел, көмейдегі ауырсыну мен құрғақтық секілді симптомдармен қосарланады. Тұмаудың суық тиюден айырмашылығы бар; тұмауда симптомдар, әдетте, күштірек, қарапайым суық тиюге қарағанда жұмыстан немесе мектептен бірнеше күн қалуға тура келеді.

Көптеген адамдар мәселесіз сауығады, бірақ, кейде ауру бактериалдық инфекцияның дамуына апаруы мүмкін, мысалы, құлақ инфекциясы, мұрын қуысының инфекциясы немесе бронхит. Үйде дұрыс емдеу осындай инфекциялардың алдын алуға көмектеседі.

Трахеит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:34 - (176 Оқылымдар)

Трахеит –көмейдің (кеңірдектің) бактериалдық инфекциясы.
Бактериалдық көбінесе, алтын түсті стафилококк бактериясынан болады. Әдетте, ауру жоғарғы тыныс алу жолдарының жақында болған вирустық жұқпасынан кейін пайда болады.

Сыртқы құлақ инфекциясы («Жүзушінің құлағы»)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-01 11:19 - (372 Оқылымдар)

Сыртқы құлақ инфекциясы немесе сыртқы отит — құлақтың сыртқы бөлімінің қабыну ауруы.
Сыртқы отит – кең таралған ауру. Ауру әсіресе, жүзушілердің және ұдайы судың әсеріне ұшырайтын адамдардың арасында кең таралған. Ауруға барлық жас топтары ұшырайды, бірақ, балaларда жиі кездеседі.

Сыртқы отит жіті немесе созылмалы болуы мүмкін.

Орналасуына қарай отит диффузды (таралған) және шектелген болады.

Шектелген сыртқы отит шиқан (шаш фоликулының және оны қоршаған тіннің іріңді қабынуы) түрінде пайда болады, ол есту каналының сыртында да (құлақ қалқанында, құлақ түбі терісінде), ішінде де болады. Шектелген сыртқы отиттің жиі себебі – алтын түсті стафилококк (іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғышы).

Диффузды сыртқы отитте қабыну құлақ қалқанын, бүкіл есту каналын, дыбыс жарғағын қамтиды, құлақ маңындағы теріні де жиі қамтиды.

Сепсистік артрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:54 - (114 Оқылымдар)

Бұл дегеніміз не? Сепсистік артрит (оны тағы да инфекциялық артрит деп атайды) буынның ішіндегі бактериалдық, вирустық немесе зеңдік инфекциядан туындайды.

Сепистік артрит инфекция қан ағымы жолдарымен таралып, буынға түскенде дамуы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция буынға қасындағы жұқпаланған жарадан түсуі мүмкін.

Розеола (қызғылт дақ)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:20 - (222 Оқылымдар)

Розеола - бұл вирустық инфекция, әдетте, емшек еметін және жас сәбилерде кездеседі. Қызғылт-қызыл бөріткенмен және жоғары температурамен сипатталады. Розеола – бұл қызамық емес; бұл аурулардың арасында сәл айырмашылық бар. Розеола қауіпті емес, симптоматикалықтан басқа емдеуді қажет етпейді, тез уақытта өздігінше өтеді.

Тілді таңдау