Дальтонизм– түс ажырата алмаушылық (түссоқырлығы), көздің түсажыратуқабілетініңбұзылуы.
Дальтонизм алғашрет 1794 жылыанықталды. Оны осы ақаудан зардап шеккен Дж.Дальтон сипаттады.Дальтонизм ерлердің 8% -ында , әйелдердің 0,5%-ында кездеседі. Адамның көз торының орталық бөлігінде «колба» деп аталатын түсажыратқыш жүйке талшықтары бар. Олар нәруыз текті түсажыратқыш пигменттерінің үш түрін қамтиды. Пигменттің бір түрі қызылды, екіншісі жасылды, ал үшіншісі көк түсті ажыратады. Дәлірек айтқанда, олар толқын ұзындығындағы қызыл, жасыл және көк түстердітүйсігімізге сәйкестендіріп береді. Осы үш түстің негізінде әлемдегі барлық түстердің «жынтығын» миымыз қабылдайды. Адамдағы бұл пигменттердің ең жоғары сезімталдық көрсеткіші толқын ұзындығында -қызыл түс үшін 552-557 нм, жасыл түс үшін 530 нм және көк түс үшін 426 нм көрсеткішімен белгіленген.