Қантсыз диабет
Жарияланды 2018-08-10 07:47 - (293 Оқылымдар) -Қантсыз диабет - бұл антидиуретикалық вазоперсин гормоны өндірісінің жетіспеушілігінен туындаған ауру болып саналады.
Антидиуретикалық гормон немесе вазопрессин - бұл адам денесінің су балансын және осмотикалық сұйықтықтарды реттейтін негізгі құрал болып табылады. Қанның сұйық бөлігі және жасушадан тыс сұйықтықтың осмотикалық тепе-теңдігі белгілі бір деңгейде үнемі сақталуы керек, әйтпесе дененің жұмысы тоқтатылады. Қан плазмасындағы осмолярлық деңгей жоғарылағанда, адамды шөл қысып, вазопрессин өндірісі артып кетеді. Вазопрессиннің әсерінен бүйрек түтікшелеріндегі суды кері сіңіру жоғарылайды, босатылған несептің мөлшері азаяды.