Жүктелуде...
 

Сал ауруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:23 - (158 Оқылымдар)

Сал ауруы – нерв қызметі мен бұлшықет күшінің жоғалуының нәтижесінде пайда болатын қимыл-қозғалыс қабілетінің болмауы. Бұлшықет нерві жарақат немесе ауру әсерінен мида немесе дененің басқа бөлігінде зақымдалған жағдайда, аталмыш нервтер немесе жасушалармен бақыланатын мидың бөлігі қызметін тоқтатады.

Паронихия (тырнақ көбесінің қабынуы) - тырнақтың айналасындағы терінің инфекциясы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:21 - (303 Оқылымдар)

Бұл не? Паронихия - тырнақ айналасында терінің инфекциясы (саңырауқұлaқтық немесе бактериялық). Бұл, қан айналымының бұзылуының, псориаздың немесе дерматит инфекцияның салдарынан болуы мүмкін. Негізгі себебі саңрауқұлaқ тұқымының Candida albicans бактериялары болып табылады.

Тістің түсуі кезіндегі көрсетілетін алғашқы көмек

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:14 - (154 Оқылымдар)

Көптеген жарақаттар нәтижесінде тістің түсуі өз кезегінде басқа тістер немесе ауыз қуысының басқа құрылымдарының (мысалы, таңдай, иек немесе беттің) жарақаттануы мүмкін. Түскен тістің орнына жаңа тұрақты тіс қоюға болады (реимплантант). Егер отыз минут ішінде тісті реимплантацияласа, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ал екі сағат өткеннен кейін сәтті имплантациялау мүмкіндігі азады.

Жатыр түтіктерін байлау

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:13 - (395 Оқылымдар)

Жатыр түтіктерін байлау – бұл тұрақты түрде жүктіліктің алдын алуға (стерилдеу) әйел адамдарға жасалатын операцияның түрі. Жатыр түтіктерін байлағанда ұрықтанудың алдын алу мақсатында фаллопий түтігі жабылып, ол шәуеттің аналық жасушаға түсуін алдын алады.

Сан сүйегінің сынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:12 - (296 Оқылымдар)

Сан сүйегінің сынуы – бұл сан сүйегінің жоғары бөлігінің, яғни сан сүйегі мен жамбас сүйегінің қосылған жерінің сынуы (ұршық буынында) болып табылады. Сан сүйегінің сынуы көбіне сан сүйегінің мойын жағынан төмен және ұршықаралықтан сәл төмен аумақта кездеседі. Көптеген жағдайда сан сүйегі толығымен сынады. Толық емес сынуы да болуы мүмкін (сынық түріне байланысты), бірақ бұл жағдай кең таралмаған және ол рентгендік зерттеуде көрінбеуі де ықтимал.

Бұғананың сынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 05:11 - (323 Оқылымдар)

Бұғана дегеніміз не?

Бұғана - иық буынының негізгі сүйектерінің бірі. Ол иықты ұстап тұрады және шынтақпен және топшы-бұғаналық буынмен бірге тұрақтылықты және иықты күшпен қамтамасыз етеді.

Ұршық буыны сүйектерінің сынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:10 - (1838 Оқылымдар)

Ұршық буыны сүйектерінің сынуы – бұл сан сүйегінің жоғарғы бөлігінің, яғни сан сүйегі мен жамбас сүйегінің қосылған жерінің сынуы (ұршық буынында). Ұршық буыны сүйектерінің сынуы көбіне сан сүйегінің мойын жағынан төмен және ұршықаралықтан сәл төмен аумақта кездеседі. Көптеген жағдайда ұршық буыны сүйектері толығымен сынады. Толық емес сынуы да болуы мүмкін (сынық түріне байланысты), бірақ бұл жағдай кең таралмаған және ол рентгендік зерттеуде көрінбеуі де ықтимал.

Перикардит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:08 - (272 Оқылымдар)

Бұл не? Перикардит - бұл перикардтың (жүректің айналасындағы қорғап тұратын қалтаның) қабынуы. Перикардит перикардия мен жүрек арасында сұйықтықтың аномальді бөлінуінен пайда болуы мүмкін (перикардиальды эффузия).

Перифериялық нейропатия

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:06 - (1478 Оқылымдар)

Перифериялық нейропатия – мидың қимыл қозғалысты бақылайтын, бұлшықет қызметіне жауап беретін қозғалыс нервтеріне, сондай-ақ вибрацияға, температураға, сезімталдыққа, ауырсынуға жауап беретін сезімтал нерв қызметтерінің жалпы жоғалуымен сипатталады. Перифериялық нейропатия негізінде табанды, ақяқ-қолды зақымдайды.

Бет нервісінің шеткі салдануы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:05 - (198 Оқылымдар)

Беттің бір жағындағы бұлшықеттің әлсіздігі немесе салдануы - бұл дәм сезуге, жас түзілу және сілекей түзілуге әсер ететін беттің бір жағының салбырауына әкеп соқтырады.

Тілді таңдау