Жүктелуде...
 

Дакриоцистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:05 - (237 Оқылымдар)

Дакриоцистит - көз жасы қалташығының қабынуы. Бұл ауру - көздіңжастықшасыныңбітеліп қалуынан пайда болады. Көбінесе сәбилер мен егде жастағы адамда болатын жағдай.

Ақтаңдақ (Витилиго)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:47 - (402 Оқылымдар)

Ақтаңдақ (Витилиго) - бұл тері ауруы, меланоциттер функциясының жоғалуынан немесе төмендеуінен теріде, шашта, көздің торлы қабатында ақ түсті дақтартың дамып кетуін айтамыз. Ауру кез келген жастан басталуы мүмкін, бірақ көбінесе 70%-ы 20 жасқа дейін адамдарда байқалады. Ақтаңдақтың қайдан пайда болатыны, себептері мен механизмдері жайлы сұрақтың жауабы әлі табылмады, сондықтан осы аурудың тиімді және толыққанды емдеу мәселесі осы күнге дейін ақсап тұр.

Улану

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:48 - (131 Оқылымдар)

Улану қалай болады? Улану кездейсоқ болып қалуы мүмкін, немесе әдейі өзіне қол жұмсау мақсатымен де болып жатады. Деседе, уланудың қандай түрі болмасын, дәрігердің көмегі қажет. Улы заттар тыныс жолдары арқылы организмге сіңіп, зиянын тигізуі мүкін, сонымен қатар теріге құйылып немесе көзге тамып кеткен жағдайда да өз зардабын тартқызады.

Увеит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 09:19 - (275 Оқылымдар)

Увеит –көз ұясының тамырлы қабықшасының (көздің ортаңғы қабатының) тітіркенуімен және ісінуімен сипатталатын ауру. Көз ұясының тамырлы қабықшасы торқабықтың қанмен қамтамасыз етілуінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді.

Торқабықтың ажырауы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:27 - (179 Оқылымдар)

Торқабықтың ажырауы — торқабықтың көздің тамырлы қабығынан бөлінуі.
Көз ұясы үш қабықшадан және ішіндегілерден тұрады:

1) көздің сыртқы қабығы: аққабық (пішіні мен ширақтығын қамтамасыз ететін мөлдір емес бөлік), мөлдірқабық (жарық өтуі мен жарық сынуын қамтамасыз ететін мөлдір бөлік);

2) тамырлы қабық: нұрлы қабық (көзбұршақтың өлшемін реттейтін алдыңғы бөлігі), цилиарлық дене (көз ішілік сұйықтықты түзетін ортаңғы бөлік), хориоидея (торқабықты – көз түбін қоректендіретін артқы бөлік);

3) торқабық (өне бойымен ішкі жағымен әйнек тәрізді денеге жақын жататын көздің ішкі қабығы, ал сыртқы жағымен — тамырлы қабыққа жақын, алдыңғы көрмейтін бөліктен және біз көретін заттар бейнеленетін, артқы көретін бөліктен тұрады);

Сары ауру

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:43 - (169 Оқылымдар)

Сары ауру – түрлі аурулардың симптомы: сілемей қабықтың, көздің ағының және терінің сарғаюы, оларда сары пигменттің жинақталуына байланысты.

Реактивтік артрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:00 - (415 Оқылымдар)

Реактивтік артрит – бұл буындарды, несеп шығару каналын және көзді зақымдайтын ауру. Зақымданған бөліктер ісініп, қабынады. Көбінесе, реактивтік артрит инфекцияға жауап ретінде пайда болады.

Нистагм

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:37 - (373 Оқылымдар)

Нистагм – бұл көздің жылдам, бақылауға алынбайтын қозғалысын сипаттайтын термин:
Бір жақстан екінші жаққа қарай (көлденең нистагм)
Жоғары және төмен (тік нистагм)
Шеңбер бойымен (айналмалы немесе торсиялық нистагм)
Себебіне байланысты нистагм бір немесе екі жақты болады. Сондай-ақ, ауруды сипаттау үшін «билеп тұрған көз» термині де қолданылады.

Нервтің тартылуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:50 - (146 Оқылымдар)

Нервтің тартылуы – бұл бұлшық еттің біреуінің немесе тобының күрт қайталанатын және еріксіз жиырылуы. Нервтің тартылуы көбінесе, қабақтың, жақтың немесе ауыздың шетінің тартылуымен немесе жыбырлауымен, көздің жыпылықтауымен, бет бұлшық етінің жиырылуымен көрініс береді. Кейбір жағдайда мұндай тартылулар таңдайдың дыбысымен, жөтеліңкіреумен, дыбыстарды немесе сөздерді айтумен (вокалды) қосарланады.

Мойын артриті (спондиллез)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 13:59 - (169 Оқылымдар)

Мойын спондилезі - мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Бұл көбінесе, мойындағы созылмалы ауырсынудың себебі болады.
Омыртқа бірнеше бөлімнен тұрады. Мойын омыртқалары мойынды құрайды. Кеуде омыртқалары кеуде бөлімін құрайды, оларға қабырғалар бекітілген. Бел омыртқалары соңғы кеуде омыртқасы мен сегізкөздің жоғарғы бөлігінің арасында орналасқан. Сегізкөздік омыртқалар жамбастың жамбас сүйегіне бекітілген, құйымшақ – соңғы омыртқа немесе рудиментарлық (организмнің эволюциялық дамуы үрдісінде негізгі мәнін жоғалтқан) құйрық.

Тілді таңдау