Жүктелуде...
 

Темекі шегудің зияндылығы және шылым шегуді қалай доғаруға болады

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 05:45 - (5671 Оқылымдар)

Темекі – ол жендет. Мектепте баршамызға бір грамм никотиннің өзі жылқыны өлтіретіні жайында айтылғаны мәлім. Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, онда сіздің бойыңызда түрлі аурулардың дамитыны сөзсіз. Және сіз темекі шексеңіз, шекпеген кездегі өміріңізбен салыстырғанда өмірмен ертерек хош айтысуыңыз мүмкін. Темекі шегу адам ағзасының кез-келген мүшесінің ауруларына әкеп соғады. Әлемдегі бес өлімнің біреуі темекінің салдарынан келіп жатады екен. Темекі шегу өкпе эмфиземасына себеп болады және жүpек-қан тамырлары ауруларын, қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ жүктілік пен туа біткен деформацияларды да дамыту қаупін айтарлықтай арттырады. Түбінде, темекі шегу адам бетіндегі әжімдердің пайда болуын тездетеді, сондықтан темекі шегетіндердің терісі шылым шекпейтіндердің терісінен қарағанда едәуір кәрі көрініп тұрады.

Өкпе артериясының эмболиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-30 08:22 - (952 Оқылымдар)

Өкпе тамырларының эмболиясы – өкпе артериясындағы қан ағысының аяқасты бітеліп қалуы. Бітеліп қалу (эмболь) артерияда қан ұйып қалғаннан, амниотикалық сұйықтық немесе май жиналып қалғаннан пайда болады.

Цистикалық фиброз (Муковисцидоз)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:53 - (461 Оқылымдар)

Цистикалық фиброз (Муковисцидоз) өкпе, асқазан-ішек жолында және басқа органдарда қалың, тұтқыр шырыштың жиналуынан пайда болатын ауру. Бұл балар мен жасөспірімдер арасында кең таралған созылмалы өкпе ауруы. Ол адам өміріне қауіпті болып табылады.

Құрғақ кероконьюнктивит (Шегрен синдромы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 11:06 - (150 Оқылымдар)

Құрғақ кероконьюнктивит немесе Шегрен синдромы– жасты және сілекейді бөлетін бездердің бұзылуынан туындайтын аутоиммунды ауру. Нәтижесінде көз бен ауыз қуысының құрғауы пайда болады. Бұл ауру басқа да мүшелерге таралып, зақым келтіруі мүмкін, соның ішінде бүйрек пен өкпеге

Өкпе

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 07:38 - (2416 Оқылымдар)

Өкпе – көкірек қуысының оң жақ және сол жақ бөліктерінде орналасқан, пішіні жартылай конус тәрізді ағза. Өкпе тыныс алу жүйесінің қызметін атқарады. Оң жақтағы өкпе бөлігі үш бөліктен тұрады. Ол сол жақтағы екі бөліктен тұратын өкпеден қарағанда үлкендеу болады.

Тыныс алу жүйесінің аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 11:42 - (195 Оқылымдар)

Тыныс алу – күрделі үрдіс. Егер жарақат, ауру немесе басқа фаакторлар осы үрдістің кез келген бөлігіне әсер етсе, тыныс алуда мәселелер пайда болады.
Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.

Терең көктамырдың тромбозы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 04:07 - (155 Оқылымдар)

Терең көктамырдың тромбозы (ТКТ) – дененің терең көктамырында тромбылардың (қан ұйындысы) түзілуімен сипатталатын ауру. Бұл тромбылар әдетте, аяқтың көктамырларында шоғырланады. ТКТ кең таралған ауру екендігіне қарамастан, ол аса қауіпті. Егер тромбы ажырап, қан ағымымен жылжитын болса, өкпедегі қантамырларын бітеуі мүмкін. Бұл бітелу өкпе эмболиясы аталады, ол өлім-жітімге апаруы ықтимал.

Плеврит және плевраның басқа аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:25 - (304 Оқылымдар)

Плеврит – плевраның қабынуы дамитын ауру. Плевра – тіндердің екі үлкен қабатынан тұратын қабық. Бір қабат өкпенің сыртқы бетін жабады. Екінші қабат кеуде қуысының ішкі бетін жабады.
text
Плевра қабаттарының арасында өте жұқа кеңістік бар, ол плевра кеңістігі аталады. Қалыпты жағдайда бұл кеңістік сұйықтықтың үлкен көлемімен толған болады – 4 шәй қасыққа жуық к-лемде. Сұйықтық плевраның екі қабаттарына тыныс алу кезінде бір-бірімен тегіс жанасуына көмектеседі.

Плевраның эмпиемасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:18 - (274 Оқылымдар)

Плевраның эмпиемасы - өкпе мен кеуде қабырғасының ішкі беті арасында орналасқан плевра қуысында іріңнің жиналуы.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады, өлшемі үлкенірек.

Эмпиема – табиғи анатомиялық қуыстардағы іріңнің жиналуы, экссудативті плевриттің бір түрі, плевраның ішкі және шеткі жапырақтарының арасында ірің сұйықтығының жинақталуымен өтеді.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-28 17:03 - (310 Оқылымдар)

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – өкпенің ең жиі кездесетін ауруы, ол тыныс алу жолдарына ауа ағынының келуінің қайтымсыз ішінара шектелуімен сипатталады, және тыныс алудың қиындауымен қосарланады.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс алу жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үлестері аталатын үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады. Демді ішке тарту кезінде өкпе оттегіге толады, оттегі жасушалар мен тіндерге негізгі қызметін орындау үшін қажет. Дем шығару кезінде өкпе көмір қышқыл газын сыртқа шығарады, ол организмдегі заттек алмасуының өнімдері.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының адам организміне келтіретін зияны - қайтымсыз. Оның екі түрі бар: эмфизема және созылмалы бронхит, бұл тыныс алу жеткіліксіздігінің аса кең таралған себептері.

Созылмалы бронхит – бронхылардың (негізгі тыныс алу жолдарының) қабынуы, ол ұзақ уақыт бойы қақырықты жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен, ентігумен және шаршаумен қосарланады. Ауру вирустық респираторлық инфeкция саналады.

Тілді таңдау