Жүктелуде...
 

Шаш күтімі және оның зақымдануы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:59 - (721 Оқылымдар)

Шашты сәндейтін және әрлендіретін арнайы заттар шаштың табиғатына зиянын тигізуі мүмкін.
Шаш адам ағзасында қандайда-бір физиологиялық маңызды рөл атқармайды. Олар дұрыс күтім жасалмағаннан зақымданса да ештеңе етпейді.

Тілдің түктенуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:56 - (698 Оқылымдар)

Тілдің түктенуі – тіл бүртіктерінің өсіп кетуінен пайда болады. Бір қарағанда тілге шаш өскендей көрінеді. Тілінде түгі бар адамның ауызынан ылғи жағымсыз иіс шығып тұрады. Ауру сезімі әдетте байқалмайды.

Ақтаңдақ (Витилиго)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:47 - (402 Оқылымдар)

Ақтаңдақ (Витилиго) - бұл тері ауруы, меланоциттер функциясының жоғалуынан немесе төмендеуінен теріде, шашта, көздің торлы қабатында ақ түсті дақтартың дамып кетуін айтамыз. Ауру кез келген жастан басталуы мүмкін, бірақ көбінесе 70%-ы 20 жасқа дейін адамдарда байқалады. Ақтаңдақтың қайдан пайда болатыны, себептері мен механизмдері жайлы сұрақтың жауабы әлі табылмады, сондықтан осы аурудың тиімді және толыққанды емдеу мәселесі осы күнге дейін ақсап тұр.

Сыртқы құлақ инфекциясы («Жүзушінің құлағы»)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-01 11:19 - (372 Оқылымдар)

Сыртқы құлақ инфекциясы немесе сыртқы отит — құлақтың сыртқы бөлімінің қабыну ауруы.
Сыртқы отит – кең таралған ауру. Ауру әсіресе, жүзушілердің және ұдайы судың әсеріне ұшырайтын адамдардың арасында кең таралған. Ауруға барлық жас топтары ұшырайды, бірақ, балaларда жиі кездеседі.

Сыртқы отит жіті немесе созылмалы болуы мүмкін.

Орналасуына қарай отит диффузды (таралған) және шектелген болады.

Шектелген сыртқы отит шиқан (шаш фоликулының және оны қоршаған тіннің іріңді қабынуы) түрінде пайда болады, ол есту каналының сыртында да (құлақ қалқанында, құлақ түбі терісінде), ішінде де болады. Шектелген сыртқы отиттің жиі себебі – алтын түсті стафилококк (іріңді-қабыну инфекцияларының қоздырғышы).

Диффузды сыртқы отитте қабыну құлақ қалқанын, бүкіл есту каналын, дыбыс жарғағын қамтиды, құлақ маңындағы теріні де жиі қамтиды.

Себореялық дерматит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:47 - (198 Оқылымдар)

Себореялық дерматит – терінің жиі кездесетін, қабыну ауруы. Бұл кезде шаштың түбіндегі, бет пен құлақтың май безі жақсы дамыған бөліктерінде ақ-сары тұстары болады. олар өзгермеген немесе қызармаған тұста пайда болуы мүмкін.

«Бесік телпегі» - сәбилерде себореялық дерматит кезіндегі бастың терісінің зақымдануын сипаттайтын термин.

Қырма теміреткі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 16:36 - (171 Оқылымдар)

Қырма теміреткі (микроспория) – терінің жұқпалы ауруы, паразитарлық зеңдерден (адам организмінде паразитарлық мекендейтін микробтар) туындайды.
Қырма теміреткі шаштың тазданып түсуіне апарады. Таздану ошақтары біртіндеп қосылып, шаш түбінің едәуір аумағын алуы мүмкін.
Теміреткінің бұл түрі дененің кез келген бөлігін зақымдауы мүмкін: қолдың, білектің, алақанның, аяқ ұшының терісін, аяқ-қолдағы тырнақты, шап қыртысын, қолтық асты ойысын, шаштың түбін, бет пен дене терісін.
Қырма теміреткі кез келген жаста жұғуы мүмкін; әйелдер де, ерлер де шалдығады.

Фолликулит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:45 - (212 Оқылымдар)

Фолликулит – бұл тері астында орналасқан шағын қалташалар - фолликулдардың инфекциясы немесе қабынуы, фоликулдарда шаш түзіліп, өседі. Фолликулит дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін, бірақ, ол шаш түбінде, киімнің денеге үйкелетін тұстарында – мысалы, қолда, бөкседе жиі болады.

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау