Жүктелуде...
 

А Гепатиті

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 09:48 - (156 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру? Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болалтын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысты болып жүр. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.. В және С гепатиттері туралы қосымша ақпарат алу үшін арнайы сайттардан қараңыз: гепатит В және гепатит С.

Өт-тас ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:57 - (228 Оқылымдар)

Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан.

Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.

Холецистит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 03:51 - (195 Оқылымдар)

Созылмалы холецистит – ұзақ уақыт бойы сақталатын өт қабының ісінуі және тітіркенуі.

Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.

Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

Өт қабы бауырдың астында орналасқан шағын қапшық тәрізді ағза. Ол бауырда өндірілетін өтке толады. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

Бауыр циррозы және портальдық гипертензия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-16 08:39 - (223 Оқылымдар)

Циррозға шалдыққан адамдарда бауыр жасушалары зақымданады және өздігінше қалпына келу қабілетін жоғалтады. Бауыр жасушалары тіршілігін жойғанда тыртық тіні қалыптасады. Тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.

Әдетте, улы заттектер мен алмасу өнімдері бауыр арқылы өткенде сүзгіленеді. Себебі, тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, қан сүзгіленбейтін болады. Улы заттектер және алмасу өнімдері организмде жинақталады. Ауыр жағдайларда цирроз комаға және өлім-жітімге апарады.

  • 1
  • 2 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау