Жүктелуде...
 

ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА

Автор: student_k - Жарияланды 2019-03-12 02:50 - (5057 Оқылымдар)

ӨМІРДІҢ МӘНІ - ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСТА
Алдыңғы тарауда айтылғандай, адам тәнінің үштен екісі судан тұрады. Стаканда, тұрып қалған судың немесе тоспадағы шалшық судың пайдалануға жарамайтынын бәріміз жақсы білеміз. Уақыт өте келе оны шырыш қаптайды, лайланады, уытты суға, инфекция көзіне айналады. Балдыр өсіп кеткен тоғандар мен су айдындарын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Біз қимылсыз, енжар өмір сүргенде де организмімізде осыған ұқсас құбылыстар пайда болады.
Екінші жағынан алып қарағанда, су қозғалып, шайқалғанда оған жан бітеді. Ағын су — бұл, әдетте, балғын су. Ағып жатқан өзендер мен сарқырамалар әрқашан адамды баурап алады, оларға қарау жағымды әсер береді. Біз дене белсенділігін сақтағанымызда организмімізді дәл осымен салыстыруға болады. Қимыл-қозғалыс организмді
жаңартады, уыттарды жояды, ойды ширатады, күш, қуат және сұлулық сыйлайды.

ӨМІР ӨЗЕГІ ПИРАМИДАСЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-01-15 06:13 - (2038 Оқылымдар)

Біздің бәріміз деніміз сау, күшті, қуатты, акылды, дана болғымыз келеді, сонымен бірге сырт келбетіміздін тартымды, жас болғанын калаймыз, достарымызбен және жакындарымызбен еркін карымкатынас жасап, рухани жайлылык сезінгіміз келеді. Баскаша айтканда, бәріміз де жаксы өмір сүруді калаймыз. Дене жайлылығына, ішкі жан дүниенің байи түсуіне, коршаған ортаны аялап сактауға және өмірде жемісті болуға көмектесетін салауатты өмір аркылы өмір са-пасына кол жеткізуге болады. Қолыңыздағы кітап осыған арналған.

ӨМІР ӨЗЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ ҰЗАҚ ҒҰМЫР КЕПІЛІ

Автор: System Administrator - Жарияланды 2019-01-10 05:02 - (993 Оқылымдар)

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ
1- бөлім. ӨМІР ӨЗЕГІ
ӨМІР ӨЗЕГІ ПИРАМИДАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ - ӨМІР ӨЗЕГІНІҢ НЕГІЗІ
ЖАҚСЫ ОРТА - ЖАН АЗЫҒЫ

Өттегі тас

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-24 07:28 - (397 Оқылымдар)

Өттегі тас – бұл өтте түзілген, кішкентай бөлшек тастар. Өт асқорытуға мүмкіндік жасайды; ол бауырдың астында орналасқaн, өт қабында жиналады. Өттің түйіршікті тастары, өт қабында немесе өттің аш ішекке баратын жолдарында түзіледі.

Өкпе қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 09:58 - (7825 Оқылымдар)

Өкпе - кеуек типтес, конус тәрізді сыңар мүше. Ол кеуде қуысының оң және сол жақ бөліктерінде орналасқан. Өкпе тыныс алу жүйесінің бір бөлігі. Оң жақ өкпе үшке бөлініп, оларды үлес (доля) деп атайды. Екі үлестен тұратын сол жақ өкпеге қарағанда, оң жақ өкпенің мөлшері үлкенірек болады. Дем алған сәтімізде өкпеге таза ауа толып, негізгі функцияларды атқару үшін жасушалармен тіндерге аса қажет таза ауамен қамтамасыз етеді. Дем шығарған кезде өкпе зат алмасу қорегі болып табылатын қос тотықты көмірқышқыл газын шығарады.

Өңеш қатерлі ісігі (өңеш обыры)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 08:17 - (14379 Оқылымдар)

Өңеш – бұл толық түтікшелі, ас пен сұйықтықты асқазанға өткізетін анатомиялық мүше. Жұтынған кезде өңеш қабырғаларындағы бұлшықеттер жиырылады және ішілген асты асқазан қуысына қарай итереді. Өңештің шырышты қабында орналасқан бездер шырыш бөледі, ол арқылы, тамақты жұту процессін жеңілдету үшін өңештің ішкі жағы ылғалмен қамтамассыз етіледі. Өңеш кеңірдектің артқы жағында орналасқан, ересек адамдардың өңешінің ұзындығы 25-ге дейін болады.

Өт қабындағы тастар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:27 - (366 Оқылымдар)

Өт қабы – бұл бауырдың астында орналасқан, алмұрт тәрізді мүше. Оның ішінде майларды қорыту үшін қызмет ететін, бауырда өндірілетін сұйықтық болады. Асқазан мен ішек тамақты айналдырып жатқанда, «жалпы өт түтігі» деп аталатын түтік арқылы өт қабынан сұйықтық жіберіледі. Бұл түтік өт қабы мен бауырды аш ішекпен жалғайды.

Өт шығару жолдарының обструкциясы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-14 11:10 - (2773 Оқылымдар)

Өт шығару жолдарының обструкциясы – бұл бауыp мен аш ішектегі өт сұйықтықтарын өткізетін өт жолының бітеліп қалуы.

Өкпе артериясының эмболиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-30 08:22 - (952 Оқылымдар)

Өкпе тамырларының эмболиясы – өкпе артериясындағы қан ағысының аяқасты бітеліп қалуы. Бітеліп қалу (эмболь) артерияда қан ұйып қалғаннан, амниотикалық сұйықтық немесе май жиналып қалғаннан пайда болады.

Өңеш

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 10:01 - (2741 Оқылымдар)

Өңеш – бұл анатомиялық ағза, асқазанға құйылған тамақтар мен сұйықтықтарды өткізетін түтікше қызметін атқарады. Жұту кезінде бұлшық еттер жиырылып, өңеш бойында заттар асқазанға итеріледі. Өңештің шырышты қабатында орналасқан без, тамақты еркін жұту үшін сілекей бөліп, өңештің ішкі жағы мен жолдарын ылғалдандырып тұрады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2

Тілді таңдау