Жүктелуде...
 

Қуық және зәр шығарушы жолдар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-05 09:40 - (232 Оқылымдар)

Қуық– құрсақтың төменгі жағында орналасқан қуыс мүше. Бүйректен шығарылған сұйық қалдықтар оған зәр түрінде жиналады. Ал несепағар арқылы әр бүйректен зәр өтеді.

Қимыл-қозғалыста әлсіреу немесе саусақтың, қолдың, білектің талуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:01 - (1668 Оқылымдар)

Қолмен ауыр жұмыс істегеннен кейін, қолдарыңыз әлсіреп қалғандай болады. Ондай жағдайда жұмысты тоқтатып, басқа іс-әрекетке көшіңіз немесе үзіліс жасаңыз, сол кезде ғана ауру симптомдары бәсеңдейді немесе басылуы да мүмкін.
Әлсіздік ісіктің әсерінен де болады. Ісік тарқағанда, іс қимылдар өз қалпына келеді.
Саусақ, қол, білетің әлсіреуі денсаулығыңыздың басқа да жағдайларымен байланысты болуы мүмкін.

Қалтырау (перниоз)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-03 09:45 - (1266 Оқылымдар)

Қалтырау (перниоз немесе пернио) - дененің төменгі температураға реакция беруі (қатты мұздау). Бұл көбінесе жас балаларда Рейно синдромымен кездесіп жатады, және дымқыл, суық ауада қалып қойған жағдайда болады.

Қабырға дистрофиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:49 - (117 Оқылымдар)

Қабырға дистрофиясы- бұл шеміршек тінінен құралған, қабырға мен кеудені қосып тұратын буынның қабынуы. Мұндай қабыну кеуде жасушаларының жарақаттануынан болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда оның неден пайда болып жататыны табылмай жатады.

Қантсыз диабет

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:47 - (272 Оқылымдар)

Қантсыз диабет - бұл антидиуретикалық вазоперсин гормоны өндірісінің жетіспеушілігінен туындаған ауру болып саналады.
Антидиуретикалық гормон немесе вазопрессин - бұл адам денесінің су балансын және осмотикалық сұйықтықтарды реттейтін негізгі құрал болып табылады. Қанның сұйық бөлігі және жасушадан тыс сұйықтықтың осмотикалық тепе-теңдігі белгілі бір деңгейде үнемі сақталуы керек, әйтпесе дененің жұмысы тоқтатылады. Қан плазмасындағы осмолярлық деңгей жоғарылағанда, адамды шөл қысып, вазопрессин өндірісі артып кетеді. Вазопрессиннің әсерінен бүйрек түтікшелеріндегі суды кері сіңіру жоғарылайды, босатылған несептің мөлшері азаяды.

Қандағы холестерин деңгейін анықтау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:05 - (219 Оқылымдар)

Холестерин –дененің әрбір мүшесінің құрамында бар жұмсақ және балауыз тәрізді зат. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуіне холестерин аздаған мөлшерде қажет. Қандағы холестерин деңгейінің жоғарлануы артериялардың бітелуіне және жүрек ауруларының дамуына алып келеді.

Қызамық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:44 - (145 Оқылымдар)

Қызамық – теріде бөріткен пайда болуымен сипатталатын инфекциялық ауру.

Науқас ананың құрсағында нәрестеге берілген қызамық – туа біткен саналады.

Қырма теміреткі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 16:36 - (171 Оқылымдар)

Қырма теміреткі (микроспория) – терінің жұқпалы ауруы, паразитарлық зеңдерден (адам организмінде паразитарлық мекендейтін микробтар) туындайды.
Қырма теміреткі шаштың тазданып түсуіне апарады. Таздану ошақтары біртіндеп қосылып, шаш түбінің едәуір аумағын алуы мүмкін.
Теміреткінің бұл түрі дененің кез келген бөлігін зақымдауы мүмкін: қолдың, білектің, алақанның, аяқ ұшының терісін, аяқ-қолдағы тырнақты, шап қыртысын, қолтық асты ойысын, шаштың түбін, бет пен дене терісін.
Қырма теміреткі кез келген жаста жұғуы мүмкін; әйелдер де, ерлер де шалдығады.

Қыликөздік

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 16:29 - (129 Оқылымдар)

Страбизм – көздер қозғалысының үйлесімсіздігі болатын ауру, бұл кезде көздер бір нысанға түйісе алмайды. Ауру «қыликөздік» деген атауымен белгілі.
Адамдар сөйлесетін адамының көзінің орналасуын бақылауға бейім. Басқа адамның көздерінің бағытын бақылай отырып, оның қайда қарағандығын білуге болады. Адамдарға әр жаққа қарау үйреншікті емес. Бұл қыликөздік аталады. Медициналық терминологияда бұл құбылыс көзді ішіне келтіру, сыртына шығару, көз ротациясының дұрыс болмауы аталады.

Қуық асты безінің аденомасы (қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:21 - (284 Оқылымдар)

Қуық асты безінің аденомасы немесе қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы- қатерсіз ісік, қуық асты безінің безді эпителийінен немесе стромалық құрамбөлігінен дамиды.

Тілді таңдау