Постназальді синдром
Жарияланды 2018-12-24 06:37 - (1368 Оқылымдар) -Мұрын қуысы мен тамақтағы бездер үздіксіз шырыш бөліп отырады (тәулігіне бірден екі квартқа дейін). Шырыштар мұрын мембраналарын дымқылдандырады және тазартып тұрады, ауаны ылғалдандырады, мұрын қуысына ауамен араласып кіріп кететін зиянды заттарды жібермей ұстап тұрады, және олардан тазартады. Қалыпты күйде шырыштар білінбей жұтылып кетеді. Шырыштардың тамаққа жиналуы мұрынның артқы қабырғасына дамуы – постназальді синдром деп аталады. Бұл ауру шырыштың шамадан тыс көп бөлінуімен, тамақтағы жұтыну бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуымен сипатталады.