Мойын артриті (спондиллез)
Жарияланды 2018-07-28 13:59 - (169 Оқылымдар) -Мойын спондилезі - мойын шеміршегі мен сүйегінің (мойын омыртқалардың) тозуымен сипатталатын ауру. Бұл көбінесе, мойындағы созылмалы ауырсынудың себебі болады.
Омыртқа бірнеше бөлімнен тұрады. Мойын омыртқалары мойынды құрайды. Кеуде омыртқалары кеуде бөлімін құрайды, оларға қабырғалар бекітілген. Бел омыртқалары соңғы кеуде омыртқасы мен сегізкөздің жоғарғы бөлігінің арасында орналасқан. Сегізкөздік омыртқалар жамбастың жамбас сүйегіне бекітілген, құйымшақ – соңғы омыртқа немесе рудиментарлық (организмнің эволюциялық дамуы үрдісінде негізгі мәнін жоғалтқан) құйрық.