Жүктелуде...
 

Контузия немесе «мидың шайқалуы»

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:21 - (130 Оқылымдар)

Мидың шайқалуы – күрделі ауру, бұл кезде шайқалуды туындатқан жарақаттан кейін соңғы бірнеше апта, ал кейде бірнеше ай өткенде бас ауруы немесе бас айналуы секілді симптомдар пайда болады.

Мидың шайқалуы дегеніміз – жеңіл бассүйек-ми жарақаты, көбінесе, бастың соққысынан кейін пайда болады. Есті жоғалту мұндай диагнозды қою үшін міндетті шарт емес. Шын мәнісінде, мидың шайқалуының даму қаупі бастапқы жарақаттың ауырлығымен байланысты емес.

Көптеген адамдарда аурудың симптомдары алғашқы 7-10 күнде пайда болады және жарақаттан кейін үш ай ішінде өтеді, бірақ, кейде бір жыл бойы немесе одан ұзақ уақыт бойы сақталады. Мидың шайқалуын емдеу аурудың симптомдарын жеңілдетуге бағытталған.

Контрацепция және отбасын жоспарлау

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:04 - (385 Оқылымдар)

Қандай контрацепция түрін таңдау түрлі факторларға байланысты, оның ішінде, денсаулыққа, жыныстық қатынастың жиілігіне, бала өрбітуге тілектің болуына.

Көмейдің стрептококктық қабынуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 11:03 - (103 Оқылымдар)

Көпшілік фарингиттердің себебі – вирус. Фарингит өздігінше, медициналық жәрдемсіз өтеді. Алайда, фарингит көмейдің стрептококктық қабынуының - бактериядан туындаған – бактериалдық жұқпаланудың симптомы болуы мүмкін.

Көктамырдың (венаның) варикоздық кеңеюі (варикоз)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 10:56 - (159 Оқылымдар)

Венаның (көктамырдың ) варикоздық кеңеюі – тері астында көрінетін, ісінген, кедір-бұдырланған және ұлғайған веналар. Көбінесе, олар қызыл немесе көк түсті болады. Олар әдетте, аяқта пайда болады, бірақ, дененің басқа бөліктерінде де пайда болады.

Кегель жаттығулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-24 05:26 - (1338 Оқылымдар)

Кегель жаттығулары – несепқаптың, жатыр мен тоқ ішектің астындағы бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар кешені. Олар ерлерге де, әйелдерге де несеп шығуы және ішекті босату мәселелерінде көмектесе алады.

Мұндай мәселелер қартайғанда, салмақ артқанда, жүктілік пен босанудан кейін, қуық асты безіне операциядан кейін (ерлерде) немесе гинекологиялық хирургиядан кейін (әйелдерде) пайда болуы мүмкін. Несеп шығару және ішекті босату мәселелері мидың аурулары немесе жүйкелік бұзылыстары бар адамдарда да пайда болуы мүмкін.

Кегель жаттығуларын кез келген уақытта, отырғанда немесе жатқанда жасай аласыз. Тамақ ішіп отырғанда, үстел басында отырғанда, көлік жүргізуде, теледидар алдында демалып отырғанда жасай аласыз.

Тілді таңдау