Жүктелуде...
 

Жүктілікке қарсы гармондық дәрі-дәрмектерді қолданғанда туындаған етеккірдегі өзгерістер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:51 - (1794 Оқылымдар)

Егер сіз жүктілікке қарсы гармондық дәрі-дәрмектерді қолдана бастасаңыз, сіздің етеккір цикліңіз өз гармондарыңызды реттей бастайды, таблеткаларға үйреніседі. Бұл етеккір циклінің өзгерістерін туындатады. Жүктілікке қарсы дәрілер циклдар арасында қан кетіреді және сіздің өзгеру кезеңдеріңіз жеңілдейді, немесе мүлдем тоқтатылады. Сондықтан қолданатын дәрілеріңізді үздіксіз бір уақытта пайдаланыңыз.

Жамбас мүшелерінің қабынуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 09:00 - (119 Оқылымдар)

Бұл не? Жамбас мүшелерінің қабынуы (ЖМҚ) – бұл термин жатырдың фаллопий түтігінің, аналық бездердің қабынуын (әйелдің жамбас ағзалары) сипаттау үшін пайдаланылады. ЖМҚ әдетте бактериялық инфекцияларды шақырады, мысалы, гонорея немесе хламидиоз. Әдетте, жатыр ішілік спиральды қолданатын әйелдерде ЖМҚ қаупі жоғары, себебі спираль – бактериялардың жатырдың ішіне, түтікке және аналық бездерге енуіне мүмкіндік береді. Жамбас мүшелерінің қабынуы 25 жасқа дейінгі және төсек қатынасында белсенді әйелдерде жиі кездеседі.

Жыныстық зорлық және қынаптан қан кету

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:49 - (1194 Оқылымдар)

Қынаптағы ерекше бөлінділер, сызаттар, қынап айналасының ауруы, венерикалық инфекция симптомдары және т.б. зорлық-зомбылықтың әсерінен болуы мүмкін. Сексуалдық зорлық-зомбылық белгілерін, жыныстық аймақты зерттемей, анықтау мүмкін емес.

Жұлынған сынық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:50 - (632 Оқылымдар)

Жұлынған сынық – буыннан қатты жарақат алғанда, сіңірлермен байланысып тұрған кішкентай сүйектердің де бірге үзіліп кетуі.
Жұлынған сынық - тікелей күштің әсерінен (мысалы, гандбол ойынындағы аяқтан шалудан) немесе жанама күштің әсерінен (мысалы, футбол немесе баскетбол ойындарында жартылай қорғаушының қасақана итеруінен) болуы мүмкін.
Әдетте, шағын жұлынған сыныққа мұз басады және дем алдырады; кішігірім сынықтардың жазылғаннан кейін, қандайда бір ауру сезімін немесе ыңғайсыздық тудыруы сирек кездеседі.

Жарақатқа кіріп кеткен затты алып тастауға болмайтындығы жайында

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 05:42 - (568 Оқылымдар)

Мына жағдайларда жарақаттаған затты денеден алып тастауға тырыспаңыз. Дереу жедел жәрдем шақырыңыз:
• Жоғары қысыммен кіріп кеткен заттар (мысалы, пневматикалық балғамен жасалған шеге).
• Егер сіз жеделжәрдем шақырған болсаңыз, денеге қадалып қалған затқа тиіспей күте тұрыңыз. Қайта оның қозғалып кетпеуін қадағалап, баумен байлап қойыңыз. Бұл зат тек дәрігердің көмегімен алынып тасталады.

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 11:39 - (131 Оқылымдар)

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – жұқпаланған адаммен жыныстық қатынаста жұғатын аурулар.

Жыныстық герпес

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 11:33 - (191 Оқылымдар)

Герпес – ауырсынатын көпіршіктер мен ойық жараларды туындататын вирустар тобының атауы. Герпестің түрлерінің бірі (қарапайым герпес вирусы немесе ҚГВ) ауыз маңайындағы герпесті (ұшық) және жыныстық герпесті (жыныстық мүшелердің аумағындағы) туындатуға қабілетті. Құрсау герпесі – желшешекті және құрсау теміреткіні туындататын герпестің бір түрі.

Герпес вирусы әлемдегі миллиондаған адамда бар. Аурудың ушығуынан кейін басылатын кезеңі болады. Аурудың ушығуы кезінде жыныстық қатынаста презерватив қолдану немесе жыныстық қатынасқа түспеу арқылы науқас серіктесін жұқпаланудан сақтайды. Бұл жөнінде дәрігермен кеңесу шарт.

Жүйелі қызыл жегі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 11:22 - (250 Оқылымдар)

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) аутоиммунды ауру болып табылады (төл иммундық жүйе қателесіп сау тіндерге шабуылдайды). Соның салдарынан тері, буын, бүйрек, ми сондай-ақ басқа да ағзалар зақымданады.
Бұл аутоиммунды аурудың негізі әлі толық игеріліп болмады.
ЖҚЖ ерлерден қарағанда, әйелдерде жиі кездеседі. Ол кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, деседе, 10 жас пен 50 жастағылар арасында көптеп ұшырасып жатады. Басқа нәсілдерден қарағанда, азиялықтар бұл аурудан көп зардап шегіп жатады.
ЖҚЖ кейбір дәрілік препараттарды қолданғаннан да туындайтын көррінеді.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-07 11:12 - (197 Оқылымдар)

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ) – жүректің бұлшық етінің жиырылу қабілеті төмендейтін жағдай, организмнің ағзаларына және тіндеріне оттегі мен қоректік заттектерді жүрек жеткілікті мөлшерде жеткізе алмайды.
Жүрек – конус тәрізді қуыс бұлшық етті ағза, қайталанатын ырғақты жиырылу арқылы қантамырларының бойымен қан ағынын қамтамасыз етеді.

Жүрек ұстамасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-07 10:57 - (1509 Оқылымдар)

Жүрек ұстамасы ( миокард инфаркті ) жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен және қан ағымының төмендеуінен (ишемия) және бұлшық еттің осы бөлігінің беріштенуінен (жойылуы) пайда болады.

Жүрек бұлшық етінің беріштенуі - миокард инфаркты, ал бірінші сағатта ұстамадан болған өлім-жітім – кенеттен жүректен болған немесе коронарлық өлім-жітім аталады.

Тілді таңдау