Бруцеллёз (Син. Банг ауруы, Брюс ауруы, мелитококкоз) – инфекциялық ауру, ұзақ өтуімен, жүйке және жүpек-қантамыр жүйелерін, сондай-ақ, сүйек-буын аппаратын зақымдаумен сипатталады.
Бруцеллёздың қоздырғыштары — бруцелла тектес бактериялар — төмен температураны және мұздатуды жақсы көтереді, суда 5 айға дейін, топырақта — 3 ай және одан жоғары, сиыр сүтінде — 45 күнге дейін, жұмсақ сүзбеде (брынза) — 60 күнге дейін, майда, кілегейде, простоквашада, балғын сырда — олардың тағамдық құндылығы бойы сақталады; мұздатылған етте — 5 айдан артық, тұздалған теріде — 2 ай, жүнде — 3—4 айға дейін сақталады. Сүтті қайнатқанда, пастерлегенде бруцеллалар жойылады. Зарарсыздандыратын құралдар бактерияларды бірнеше минут ішінде жояды.
Бруцеллёзбен көбінесе, үй жануарлары ауырады (ешкі, қой, сиыр, шошқа), бұл кезде жануарларда түсіктер немесе өлі туу байқалады. Бруцеллалар қоршаған ортаға ауыратын жануарлардың сүтімен, несебімен және түсік кезінде жатырдан бөліндімен түседі. Бруцеллёздың қоздырғыштары сондай-ақ, ауыратын жануарлардың етінде болады.