Ботулизм (тамақтан уланудан болатын ауру)
Жарияланды 2018-11-26 12:01 - (213 Оқылымдар) -Ботулизм - бұл ботулизмнің таяқшалары жұққан тамақ өнімдерден туындайтын ауру. Қоздырғышы - табиғатта кең таралған анаэроб, ұзақ уақыт спора түрінде топырақта болуы мүмкін. Ол топырақтан, ауыл шаруашылығы жануарларының ішектерінен, сондай-ақ кейбір тұщы балықтардан түрлі тағам өнімдеріне - көкөністерден, жемістерден, астық, ет және т.б. өнімдерден беріледі.