Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныс мүшесіндегі сүйелдер (үшкір кондиломалар).
Жарияланды 2018-09-14 10:36 - (327 Оқылымдар) -Адам папилломасының вирусы (АПВ) – бұл сүйелдердің пайда болуына ықпал ететін кең таралған вирустар тобы. АПВ-ның жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30-ға жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, ол осы инфекциясы бар адаммен қатынаста болғанна жұғады. Олар қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып екіге бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпі бар АПВ жыныс мүшесіндегі сүйелдердің шығуына себеп болады. Жоғары онкогенді қауіпі бар АПВ қатерлі ісіктің, жатыр мойнының, сарпайдың, қынаптың және айналшықтың (анус) қатерлі ісіктерін тудыруы мүмкін. Ерлерде, жыныс мүшесі мен айналшықтың қатерлі ісігінің туындауына себеп болады.
Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, кей біреулерде симптомдары болмауы да мүмкін. Сіздің жеке дәрігеріңіз сүйелдерді емдеуі де немесе алып тастауы да мүмкін. Әйелдерде Папаниколау жұғындысы бойынша - (Pap-test), қатерлі ісікке шалдықтыратын жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауға болады.
Мүшеқапты дұрыс қолдану АПВ-ның таралуын толық жоймаса да, жұғуын, таралуын едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен де.