Жүктелуде...
 

АУРУ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ - ЕРТЕ НАҚТАМАЛАУ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-05 10:29 - (1690 Оқылымдар)

Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алған әлдеқайда оңай. Бұл үшін сырқаттардың алдын алу, ерте анықтау және олардың қауіп факторларын ерте білу жөніндегі көптеген тиімді әдістер бар.

АЛҒЫ СӨЗ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-01-11 05:47 - (1553 Оқылымдар)

Ғалымдар «һоmо sаріеns» деп ат қойып, айдар таққан саналы адам пайда болғаннан бері адамзат баласын «қайткенде денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүруге болады» деген сұрақ толғандырумен келеді. Дәл осы тақырыптағы тасқа қашалып, қышқа бедерленген, теріге таңбаланып, папирусқа түскен, қағазға жазылып, баспаға басылған, тіпті электронды ақпарат құралдарына шықкан зерттеулер мен зерделеулерде есеп жоқ десе де болғандай.

Аяқ-қолдың немесе саусақтардың, тырнақтың қысылуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-24 07:43 - (1296 Оқылымдар)

Дененің бөлшектері немесе аяқ-қол, қол аусақтары және тырнақтар бір заттарға (мысалы, құты, банка, ойыншық, құбыр т.б. сияқты нәрселерге) қысылып қалуы мүмкін.

Қысылған дененің бөлігін немесе қол-аяқты қажет болса тұтқалы заттың көмегімен босатыңыз.

Аяқ-қол қысылғанда қанайналымы тежелуі немесе мүлдем тоқтауы мүмкін. Қысылған жерді жылдам босатудың салдарынан, саусақтың немес аяқ-қолдың жұлынуы сияқты оқыс, қиын жағдайлар орын алуы мүмкін. Дененің бөлігін немесе аяқ-қолды жарақаттамас үшін оларды қысылған жерден абайлап шығару керек.

Асқазан тұмауы (Вирусты гастроэнтерит)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-24 07:26 - (1499 Оқылымдар)

Вирусты гастроэнтерит__ – бұл асқазан мен ішектің шырышты қабығының қабынуы. Оның салдарынан нәжістің бұзылуы мен құсу пайда болады. Вирусты гастроэнтеритті асқазан тұмауы деп те аталады.

Ашытқылы инфекция (ашытқылы микоз)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-24 07:22 - (998 Оқылымдар)

Ашытқылы инфекция – бұл инфекция, саңырауқұлaқтан, дәп Candida albicans-тан туындайды. Біздің айналамыздың барлығында саңрауқұлaқтар бар, және олар қауіпті емес. Алайда оларға қолайлы жағдай туындай қалса, олардың шамадан тыс өсуі мүмкін, ал ондай жағдайдың салдарынан таралмалы инфекция пайда болады.

Аусыл

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-24 07:11 - (3639 Оқылымдар)

Аусыл (ящур) – әдетте тамақтың қабынуынан басталатын, кең таралған инфекциялық вирусты ауру.

Герпетикалық баспа осыған ұқсас инфекциялық ауру болып табылады.

Ауыз қуысының гигиенасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 06:20 - (8467 Оқылымдар)

Тістердің бұзылуы, қызыл иектің қабынуы негізінен тіс өңезі мен тіске жабысқан тамақтан қалған бактериялардың әсерінен болып жатады. Тіс қақтары тамақтан кейін 20 минут өткенде түзіле бастайды. Егер бұл өңезді әр күн сайын тазалап отырмаса, тістің бұзылуына себеп болады. Өңездің сіресіп қатуынан тіс тастары пайда болады.

Тіс, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Біз тіс арқылы тамақты шайнап, қажетті азықты бөліп, қажетінше дәмін сезінеміз. Жақсы гигиена сақтау арқылы ауыз қуысында түрлі бактериялардың дамуын тежей аламыз және ауыз қауысы мен тістерімізді зақымданудан қорғаймыз.

Аллергиялық реакция: алғашқы көмек

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-21 05:51 - (302 Оқылымдар)

Демікпе және аллергия жайында толығырақ мына сілтемеден оқыңыз: http://www.zdrav.kz/node/233

Астан болатын аллергия жайында мына сілтемеден оқыңыз: http://www.zdrav.kz/node/9591

Төменде аллергиялық реакция туындағанда қандай алғашқы көмек көрсету керектігі жайында ақпарат берілген.
Аллергияның жеңіл және салмақты ауыртпалығы болады:

Алдымен өзіңіз сабыр етіңіз, және осы жағдайға тап болған адамды тыныштандырыңыз. Адам абыржығанда симптомдар көтеріліп кетуі мүмкін.
Аллергенді теңестіріп көріңіз және мұндай аллергендерден алдағы уақытта аулақ жүруге тырысыңыз. Егер араның шаққанынан аллергиялық реакция пайда болса, қатты заттың көмегімен оның инесін алып тастаңыз. Мысалы, тырнақпен немесе пластикалық кредит картасымен. Қысқыш қолданбаңыз. Теріге қадалған жәндіктің инесін сығып жіберсе, одан у таралуы мүмкін.

Атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты туындайтын құлақ аурулары

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 04:13 - (945 Оқылымдар)

Құлақ аурулары сырттағы ауа қысымының жоғарылауы немесе азаюынан пайда болуы мүмкін, ал өз кезегінде ішкі ауа қысымы сол деңгейде қала бермек. Бұл ұшақтың ұшу биіктікті өзгергенде немесе сүңгуір судың астына түскенде немесе көтерілгенде орын алуы мүмкін.

Аяқ-қолдың көгеруі мен ағаруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:22 - (1960 Оқылымдар)

Аяқ-қолдың өңсіз ағаруы немесе көгеруі

Қол немесе аяқ терісінің түсі өзгеруі температураға баланысты және қол-аяқтың ұзақ уақыт белгілі бір күйде болғанынан болуы мүмкін.

Қанағымның төмендеуінен немесе тоқтатылуынан, суықтан да аяқ-қолдың ағаруы, көгеруі, сұрлануы байқалады. Бұл жағдай тез арада медициналық араласуды талап етеді. Әсіресе аяқ-қолдар ұйып, салқын тартып, жайсыздық сезу секілді симптомдар кенеттен пайда болған болса және ол ұзақ уақыт бойы сақталса.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3
  • 9

Тілді таңдау