Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген іңкәрлік сезімі қарым-қатынастарына қалай әсер етеді
Негізі, екі адамның ұзақ мерзімді тұрақты қарым-қатынастары, бір айда емес, бір жылда емес, одан да ұзақ уақытта қалыптасады. Өкінішке қарай, көптеген ерлі-зайыптыларда ерте ме, кеш пе романтикалық кезең аяқталады. Бірақ, бұдан кейін қарым-қатынас мүлдем нашарлап кетеді немесе мәңгілікке тоқтайды деп түсінуге болмайды. Егер қарым-қатынас өзара сүйіспеншілікке және сыйластыққа негізделсе, онда бақытты жылдар одан ары қарай жалғаса беретін болады. Бұл ретте өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас маңызды рөл атқарады.
D дәруменін күннен қалай дұрыс алуға болады
Мешелді, остеопорозды болдырмайтын және басқа да пайдалы қасиеттері бар D дәрумені ежелден күн сәулесінен беріледі. Әдетте, қыс мезгілінде біз күн нұрын аңсап кетеміз, сондықтан ба, кей-кездерде бөлме немесе автокөлік терезелерінен түскен күн сәулесіне бетімізді рахаттана тосамыз. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай ультракүлгін біздің денсаулықты нығайтуға көмектеспейді.
Ғалымдар – адамның кеудені жерден көтеру жаттығуын жасау ретінен жүрек және қан-тамыр ауруларының қаупін анықтауға болады
Кеудені жерден көтеру жаттығуларын (отжимания) онға дейін де жасай алмайтын адамдарға қарағанда, дәл осы жаттығуды 40-тан да көп жасайтын орта жастағы денсаулығы жақсы ер адамдар жүректің ишемикалық аурулары мен жүрек жетіспеушілігімен аса шалдыға бермейді екен. Бұл туралы JAMA Network Open-де АҚШ-та өткізілген зерттеулердің нәтижесі жарияланған болатын.
Денсаулыққа пайдалы йогуртты қалай таңдауға болады
Біз йогуртті ақуыз, кальций, йод, В витамині және т.б. да пайдалы бактериялар мен қоректік заттары бар пайдалы өнім деп санаймыз. Алайда жақында «BMJ Open» журналы Ұлыбританиядағы Лидс және Суррей университеттері супермаркеттерде сатылатын йогурт түрлерінің көпшілігінде қанттың көп мөлшері анықталғандығын жариялады.
Ағзаға не үшін кальций қажет
Біз сүйек пен тіс мықты болу үшін кальций керек екенін білеміз, өйткені кальций олардың құрылымдық негізі. Дегенмен, біздің ағзамызда кальцийдің атқаратын рөлі әлдеқайда зор және аса маңызды, яғни, ол жүрек-қантамырлар, қанайналым, жүйке және бұлшықет жүйелеріне айтарлықтай қажет.
Зерттеулер – ішектегі бактериялардың жетіспеушілігі депрессияға әкелуі мүмкін
Ішек микрофлорасын құрайтын бактериялардың кейбір түрлері адамның психикалық денсаулығына едәуір әсер етуі мүмкін.Бельгиялық ғалымдардың зерттеулері бойынша, күйзеліске түскен адамдарда Coprococcus және Dialister тобындағы бактериялардың жетіспеушілігі анықталғандығын Natural Microbiology журналы жариялады. Сонымен қатар, антидепрессанттарды қабылдау микроорганизмдердің санына ешқандай әсер етпейді екен.
Алкоголь мидың көлемін кішірейтеді
Адам жасөспірім кезеңінде алкоголь тұтынса зат алмасупроцесі өзгеріске ұшырайды екен, ал кейбіреулерде мидағы сұр заттың мөлшері кішірейетін көрінеді. Бұл әсіресе, зиянды ішімдік ішетін жас әйелдерге қатысты болып келеді.
Тұзды күніне қаншалықты тұтыну қажет
Ас тұзының құрамында натрийдің көп мөлшері болады. Ол – ағзаның әртүрлі функцияларына қатысатын маңызды элемент болып саналады. Дегенмен, натрийді үнемі шамадан тыс тұтыну адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін.
Монитор экранының алдында ұзақ отыру балалардың көзіне қаншалықты әcер етеді
Балалар гаджет экранының алдында қанша көп уақыт отырған cайын, олардың көзіне зиян тие ма екен деген алаңдаушылық туады. Офтальмологтар – көрудің нашарлауын арнайы және хирургиялық жолмен емдейтін мамандандырылған дәрігерлер экранның алдында көп отырғаннан көптеген балалардың көздері құрғап, көздеріне айтарлықтай күш түcетінін айтады.
Шылым шегуден тыйылудың тиімді жоспары әзірленді
Көптеген темекі шегушілер өз жаман әдеттерін тастауға бірнеше рет ұмтылады, алайда көбінесе сәтсіздікке ұшырайды. Ғалымдар стратегиялық ғылыми зерттеудің нәтижесінде темекіні тастауға тырысып, бірақ өзін әлі тоқтата алмай жүргендердің басты қателіктерін анықтады.
Жаңа туылған ұл балалардың салмағы анасының стресс гормонымен байланысты болып шықты
Ғалымдар жаңадан туылған сәбидің дене салмағының тым төмен болуының себептерін анықтады – ұл балалардың орташа салмағының шамамен 38 грамдай болуының бір себебі: оның анасының бір кездері (физикалық немесе психологиялық жағынан) жарақат алуының салдарынан, күйзелістік кортизол гормонының шығып кетуінен екен. Зерттеу еңбегі «The Journal of Pediatrics» журналында жарияланды.
Нәрестелердің жүріс арбасы қауіпті деп танылды
Балаңыз жүріс арбасымен талтаңдап жүріп кетеіп бара жатқанын сырттан бақылап тұрсаңыз, бейне бір комедия тамашалап отырғандай күйге енесіз. Алайда, жыл сайын стационарлардағы төтенше жағдайлар бөлімшелеріндегі балалардың мыңдаған жарақаттары осы жүріс арбасын қолданғаннан орын алып жатады екен, педиатрлар соңғы он жылда бұл танымал құралды қолдануға тыйым салуды талап етіп келеді.
Жаңа тағам өнімдері қалай семіздікке әкеледі
Тәбет сезімі әр түрлі гормондармен және биологиялық белсенді заттармен басқарылады, олар мидағы ашырқану пен тойу «орталықтарына» әсер етеді. Бұл заттардың кейбіреулері («тою факторлары») мидағы тоқтық «орталығын» қоздырады, себебі жақсы тамақтанатын адам тамақтануды тоқтатады. Мұндай зат лептин гормоны болып табылады.
Есте сақтау қабілетін қалай жақсартуға болады
Бүгінгі күні біздің өмір салтымыз өзгерді, және ол біздің тек нені қалай жеп жатанымызға , сондай-ақ қалай өмір сүріп, не ойланамызға байлаға байлнысты емес, одан да бөлек бір кейіпте. Бүгінде әрқайсымыздың өміріміз жасандылыққа толы, біз дұрыс тамақтанбаймыз, қжетінше қозғалмаймыз, жақсы ұйықтамаймыз осылардың өзі біздің ақыл-ойымыз бен денсаулығымыз үшін өте кереғар болып саналады.
Холестерин деңгейінің көтерілуі және оны қалай дәрі-дәрмектердің көмегі мен салауатты өмір салтын ұстана жүріп бақылап отыруға болады
Холестерин - ағзадағы жасушалар құрамында болатын және суда ерімейтін балауыз түріндегі зат. Бұл қажетті зат, себебі бұл жасушалар мен көптеген гормондар үшін маңызды құрылыс материалы.
Әйелдің әдемілігі гормондармен байланысты емес
Жаңа зерттеулерде физиологиялық жағынан тартымды жас әйелдердің эстрадиол және прогестерон секс-гормондарының деңгейі жоғары болады дегенге ешқандай негіз табылмады.
Қазақстандықтар атеросклерозды қоздыратын өнімдерді көп тұтынады
Атеросклероздың (тамырдың қабырғаларына холестериннен құралған атеросклеротикалық түйіндердің түзілуінен туындайтын ауру) дамуына себеп болатын тағамдар құрамы атерогенді деп аталады.
Сарапшылар арықтағаннан кейін салмақты қалыпты ұстап тұруға арналған тиімді диетаны жариялады
Бостон балалар ауруханасында зерттеуші Кара Эббелинг және оның әріптестері үш түрлі диетаны салыстырды (майлылығы төмен, көмірсулылығы төмен немесе төменгі гликемикалық диеталар), осылардың қайсысы арықтағаннан кейін салмақ түсіп кетудің алдын алатытын және денсаулыққа қауіпсіз болатындығын тексеріп көрді.
Мерзімсіз өлім қаупін азайтатын өнім
Ағылшындар «күніне бір алма жесең – дәрігердің қажеті болмайды» деген, белгілі тәмсілі көп жылдық зерттеулерге негізделіп айтылған. Бұл мәтелді Оксфорд университетінің зерттеушілері де қуаттайды. Іздестірілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері British Medical Journal-ында жарияланды.
Қыжылдан құтылудың қарапайым тәсілдері
Қыжыл – көкіректі күйдіріп, кеудені ашытатын жағымсыз жайт. Дәрігерлер оны гастроэзофагеальді рефлюкс деп атайды. Ол асқазандағы сұйықтықтың өңешке көтерілген кезінде пайда болады.
Адам денсаулығына табиғат қалай әсер етеді
Көптеген зерттеулер табиғат пен денсаулық арасындағы қарым-қатынасқа негізделген кейбір механизмдерін түсіндіре өте, табиғаттың әсері мен денсаулықтың жақсаруы арасындағы байланысты анықтады.
Ұялы телефондар терідегі пигментті дақтарды одан сайын көбейтеді
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі 19 жыл бойы ми ісіктерінің әртүрлі түрлері жайында жалпы мәліметтерді саралай келе, кейінгі уақыттарда мобильді байланыстың жаппай дамуы басталғаннан бері мидың қатерлі ісігіне шалдығудың өршімегенін қорытынды етті.
«Пластикалық ойыншықтар мен косметикалар сәбилердің сөйлеу аспектілерінің тежелуіне әсер етеді» дейді ғалымдар
Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша, егер де жүкті әйелдер ерте кезеңінде немесе кейінгі уақыттарда фталат деп аталатын өте кең таралған химиялық заттың әсеріне ұшыраған болса, олардың болашақ сәбилерінің сөйлеуі кешеуілдейді екен.
Тұңғыш рет қайтыc болған донордың жатырын cалған әйелден бала туылды
Бразилиялық дәрігерлер әлемде тұңғыш рет инсульттан қайтыс болған әйелдің жатырын баcқа әйелге сәтті трансплантациялады, кейіннен ол әйелден сау бала туылған.
Мұрын арқылы тыныс алу есте сақтау қабілеті үшін пайдалы болып танылды
Швециядағы Karolinska Institutet-тың жаңа зерттеулері бойынша мұрын арқылы тыныс алу сіздің жадыңызды жақсарта алатын көрінеді. Ғалымдар 19-25 жас аралығындағы 24 қатысушыдан мұрын арқылы тыныс алдырып білетін және білмейтін иістерін ажыратып айтуын сұрады, кейін дәл осылай ауызбен дем алдырды. Зерттеу нәтижесінде, қатысушылар ауызын жауып тұрып тыныс алғанда сезген иістерін бір сағат үзілістен кейін дәл сол күйінде екі есе жақсырақ естерінде ұстаған екен.

Тілді таңдау